400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ. Бұйрық-жарлық құжаттары, оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Бұйрық –жарлық туралы толық мағлұмат беріледі. Өмірде қолдана білу. Іс қағаздарымен жүргізілетін жұмыстарды іс-әрекет арқылы, үлгілері арқылы меңгереді. Бұйрық-жарлық құжаттарды дұрыс жазуды практикалық жолдармен меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ


Тобы: Режиссура, ҚҰА, 3 курс

Күні: 19.11.2021 ж.

Уақыты: 10:40-11:25

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық-жарлық құжаттары, оның түрлері
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақ мақсаты: Бұйрық –жарлық туралы толық мағлұмат беріледі. Өмірде қолдана білу.
Сабақтың міндеттері.Бұйрық-жарлық құжаттарды дұрыс жазуға практикалық жолдармен меңгерту.
Дамытушылық: Бұйрық-жарлық құжаттарға байланысты лексикалық минимумды сөйлей барысында дұрыс қолдану.
Тәрбиелік: Іс қағаздарымен жүргізілетін жұмыстарды іс-әрекет арқылы, үлгілері арқылы меңгереді.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, ой қозғау, миға шабуыл, түсіндіру,пікірлесу,әңгімелеу, талдау,
Сабақтың технологиясы:сатылай кешенді талдау,деңгейлік оқыту
Сабақтың түрі:ашық сабақ

Сабақтың типі: практикалық сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: графикалық сызбалар, компьютерлік слайдтар, мәтіндер, іс қағаздардың үлгілері.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, құқық, информатика.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.
«Мейірімді сөздер» ойыны .ЖАДА әдісі

Оқушылар жұптасып, бір-біріне мейірімді сөздер айтады.

Керемет! Бір-бірлеріңде жиі мақтауға тырысыңдар. Осылайша өздеріңнің достарыңның көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досыңның көңіл-күйі жақсы болса, онда сіздің де көңіл- күйіңіз жақсы болады.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру. Қызметтік хат дегеніміз не? Графикалық сызбалар арқылы беріледі.

  1. Қызметтік хат қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Құттықтау хат.

  3. Сұраныс хат дегеніміз не?

  4. Өтініш хат дегеніміз не?

  5. Жолдама хат дегеніміз не?

  6. Циркуляр хат деген не?

  7. Ұсыныс хат.

  8. Ақпараттық хат деген не?

  9. Кепілдеме хат

Әр оқушының тапсырмасын тексеріп, қорытынды жасап бағалау.


ІІ. Негізгі бөлім.

Қызығушылығын ояту.
Бұйрық дегеніміз не?

Қай кезде қолданылады?

Өз өмірлеріңізде осы құжаттың түрімен кезіктіңіздер ме?
Кіріспе сөз. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Бұйрық-жарлық құжаттар туралы толық мағлұмат беріледі.

Бұйрық – мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт. Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына бірінші басшы ие. Кәсіпорын директоры мен орынбасарлары және құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.
Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар мекеменің бланкісіне толтырылады да, мынадай деректемелерден тұрады.

  • Мекеменің атауы;

  • Құжаттың нөмірі, атауы;

  • Мерзімі,орны;

  • Мәтін;

  • Қойылған қол;

  • Танысқаны туралы белгі.


Үлгі:

№3 жалпы орта білім беретін мектеп

№1 бұйрық

01.09.2020 ж. Орал қаласы

Оқушылардың білім сапасын көтеру туралы

Оқушылардың білім сапасын көтеру және олардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ай сайын пән мұғалімдері өз пәндері бойынша тестілік бақылау өткізіп тұрсын;

  2. Жыл бойы әрбір пән бойынша мектепішілік олимпиадалар мен байқаулар өткізілсін;

  3. Бұйрықтың орындалуы оқу ісінің меңгерушісі А.С.Болатовқа жүктелсін.

Негіздеме: оқу ісі жөніндегі орынбасар А.С.Болатовтың қызметтік жазбасы.

Мектеп директоры:________________М.С.Мұсатаев

Бұйрықпен таныстым:__________________А.С.Болатов

Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардық бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады. Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жоққа шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган не сот жояды.

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: белгілеуші және жарлық.

Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудық себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған сілтеме жасалады. Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардық аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін. Әр тармақ үшінші жақ, бұйрық рай, ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктен (тапсырылсын, жариялансын т.б.) және бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені) көрсетуден басталады. Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау (лауазымы, аты-жөні) жүктелсін» деп көрсетіледі.

Егер бұйрық бірнеше тармақтан тұрса, оның барлығының орындалуына бір ғана адам жауапты болса, оңда ол соңғы тармақта ғана көрсетіледі. Мекеменің ішкі іс қағазына жататын қызметтік құжаттың бұл түрін сипаттай отырып, мынадай бұйрықтарды атап көрсетуге болады:

— жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар;

Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты бұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тәртібін реттеу мақсатында шығарылады. Онда ұйымның күн тәртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тәртібі, тексеру, бақылау тәртібі т.б. белгіленеді. Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жұмыс ағымына қарай жыл бойы толықтырулар мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Күнделікті мәселелерге байланысты жеке құрам бойынша бұйрықтар мекеме жұмысының күңделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты беріледі. Оған жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішіндегі басқа жұмысқа ауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу т.б. жөніндегі бұйрықтар жатады.

Төтенше жағдайға байланысты бұйрыктар мекемеде күтпеген оқиға болған кезендегі іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі. Мұндай бұйрықтар мазмұнында лауазымды адамдарға жүктелетін міндет анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілеттік те беріледі.

Арнайы бұйрыктар көбіне қаржы-экономикалық мәселелерге байланысты беріледі. Мысалы, жыл немесе квартал қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау, мадақтау, көтермелеу т.б. Мұндай бұйрықтар 2 дана етіп, басылып, 1 данасы марапатталған адамға тапсырылады.

Басқа да бұйрық түрлері мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу барысында беріледі. Мысалы, уақытша бөлім бастығының немесе басқа қызметкердің қызметін атқару, маусымдық жұмыс мерзімін белгілеу т.б.

Үлгі:

Перспективалық Департамент

даму перспективного

департаменті развития

«_______________» ЛОГОТИП «_______________»


БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

№183 Ж/Қ №183 Л/С

«12» қараша 2020 ж. «12» ноября 2020 г.


Орал қаласы город Уральск


Жұмысқа қабылдау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек кодексінің 34- бабына және еңбек шарты талаптарына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

Темірғалиев Жомарт Ақылбекұлы штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде ақпараттық технологиялар бөліміне бас маман қызметіне қабылдансын.

Негіздеме: «11» қараша 2016 ж. №69, №70 еңбек шарттары


Мектеп директоры:________________М.С.Мұсатаев

Бұйрықпен таныстым:__________________Ж.А.Темірғалиев






Жеке жұмыс.

  1. Грамматикалық тапсырма. Етістіктерді көрсетілген үлгі бойынша түрлендіріңдер.

Үлгі: тапсыр+ыл+сын, жүкте+л+сін(етістік+ырықсыз етіс+бұйрық рай)

Тағайындау, марапаттау, қамтамасыз ету, жүктеу, босату, міндеттеу, жүзеге асыру, қабылдану,өткізу, ауыстыру, қысқарту,тыйым салу, жою, есептеу, жетілдіру.


  1. Көп нүктенің орнына бұйрық мәтініне қарай қажетті сөздерді тиісті формада жазыңдар. Қажетті сөздер:дайындау, қамтамасыз ету, жүктеу, туралы, белгілеу, мақсат, жетілдіру, бақылау, бөлу.

Орал қаласы

«Шипа» сауықтыру орталығы

12.03.2019

№ 2 бұйрық

Медициналық қызмет түрлерін дамыту.........(туралы)

Жергілікті тұрғындардың денсаулығын қадағалау және медициналық қызмет түрлерін дамыту...................(мақсатында)

БҰЙЫРАМЫН:


  1. Сауықтыру орталығын жаңа құрал – жабдықтармен және дәрі – дәрмектермен ...............(қамтамасыз ету) үшін орталықтың қаржы қорынан қажетті қаражат...............(бөлінсін)

  2. Дәрігерлердің кәсіби біліктілігін ............(жетілдіру) мақсатында тәжірибе алмастыру бағдарламалары ......................(дайындалсын)

  3. Жергілікті тұрғындарға тегін кеңес беру сағаттары...........(белгіленсін)

  4. Осы бұйрықтың орындалуын ...................(бақылау)орталық директорының орынбасары А.Жүнісовке ........................(жүктелсін)

Сауықтыру орталығының директоры А.Тұрысбекұлы



Топтық жұмыс.

1-топ берілген мәтініндегі сөйлемдерді бұйрық толтыру үлгісі бойынша дұрыс орналастырып, бұйрық үлгісін жазып шығыңдар.

2-топ жұмыстан босату туралы мәтін құрау,сол бойынша бұйрық үлгісін жазу

3-топ Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыздар.

1-топ:

БҰЙЫРАМЫН: Бәйтерек ауданының әкімі С.Мұратбеков Бәйтерек аудандық әкімшілігі 10.01.2019 ж. Аудан мектептерін бітіруші түлектерді ҰБТ-ға даярлау туралы Бәйтерек ауданының жалпы білім беру мектептерінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ҰБТ-ға даярлау мақсатында 2. Негізгі пәндер бойынша сабақ өткізу тәжірибелі ұстаздарға жүктелсін. Орал қаласы

№41 БҰЙРЫҚ 1. Ақпан айынан бастап мектеп бітірушілеріне даярлық курстары жүргізілсін.

Үлгі

Орал қаласы

Бәйтерек аудандық әкімшілігі

10.01.2019 ж

№41 БҰЙРЫҚ

Аудан мектептерін бітіруші түлектерді ҰБТ-ға даярлау туралы


Бәйтерек ауданының жалпы білім беру мектептерінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды ҰБТ-ға даярлау мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

1. Ақпан айынан бастап мектеп бітірушілеріне даярлық курстары жүргізілсін.

2. Негізгі пәндер бойынша сабақ өткізу тәжірибелі ұстаздарға жүктелсін.


Бәйтерек ауданының әкімі С.Мұратбеков





2-топ:

Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз, қарамен жазылған сөздерді қатыстыра отырып, бұйрықтың үлгісін жазыңдар

Үлгі: А.Жандосов 2015 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Мекенжайы, аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.

1. А.Жандосов 21.02.2015ж. отбасы жағдайы, инженер

2. «Ағартушы» баспа орталығы Е.Омарова 10.11.2011ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы

3. Б.Сағатов 15.01.2020ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші

4. Қ.Боранбаева 13.06. 2020ж. себепсіз жұмыстан қалу, кітапханашы



3-топ:

Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыздар.

1. “Құрманғазы атындағы саз колледжінің” режиссура бөлімінің 3-курс оқушысы А.С. Талғатов ұдайы сабақ қалдырғаны үшін А.С.Талғатовты оқудан шығару туралы (негіздеме: пән мұғалімдерінің қызметтік жазбасы)

2. "Ұлан" ЖШС -ның төрағасы ретінде А.Қ. Құлшановты заңгер-кеңесші қызметіне 1 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылдау туралы.

3. “Қуат” құрылыс компаниясының басшысы ретінде қаржы бөлімінің маманы Т. Есдаулетованы ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін “Еңбек ардагері” медалімен марапаттап, алғыс жариялауы туралы.(негіздеме: бөлім басшысы А.Т.Тұрсыновтың ұсыныс хаты)

Үлгі

«Ұлан» ЖШС

№ 19 бұйрық

15.02.2020

Жұмысқа қабылдау туралы

Еңбек кодексінің 34-бабына және еңбек шарты талаптарына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:


А.Қ. Құлшанов заңгер-кеңесші қызметіне 1 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылдансын

Негіздеме: «11» қараша 2016 ж. №69, еңбек шарты


«Ұлан» ЖШС директоры:________________М.С.Мұсатаев

Бұйрықпен таныстым:__________________А.Қ.Құлшанов


Үлгі


«Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК
БҰЙРЫҚ
№34
18.02.2008 жыл
Орал қаласы қаласы

Курстан курсқа көшіру туралы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
1548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі