Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал саймандар мен материалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сәндік қолданбалы өнер

Күні:09.10.20ж

Сынып:8


Мектеп: №16 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Нуржанова Улбосын Данияровна


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұйымдарға нобайлар дайындау. Құрал саймандар мен материалдар

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына

сілтеме)

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым

дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Графика тәсілдерін қолдана отырып, құрақ туралы мәлімет жинақтау;

Басым бөлігі: Құрақты дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтау;

Кейбір оқушылар: АКТ-ны қолдана отырып құрақ нобайының жаңа үлгісінің техникалық картасын жасау.

Бағалау критерийі

  1. Құрақтың түрлері мен құрақ туралы толық мәлімет жинақтау;

  2. Құрақ дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтайды;

  3. АКТ-ны қолдана отырып, құрақтың нобайының жаңа үлгісін құрастыру.

Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен.......

Берілген бұйымды жасауда шебер келесі............... қолданды

Пәндік тіл және терминология

Нобай – ( фр. esquisse-алғашқы долбар сурет)-көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктердің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеліп жасалынатын сызба.

Бұйым-изделие-produkt

Құрақ, тігіс түрлері.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы --Еңбек өнімділігін арттыру – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, инфрақұрылымдық қызмет салалары мен секторларында, мемлекеттік жəне корпоративтік басқару жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.

Пəнаралық байланыс

Геометрия,тарих,имформатика

Алдыңғы білім

Оқшылар сәндік қолданбалы бұйымдар түрлерімен және әр түрлі ұлттық бұйымдармен танысты. Құралдар- саймандар мен материалдарды қ


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сынып оқушыларын жұмысқа дайындау.



Топқа біріктіру.

«Мозайка» әдісі арқылы 2 топқа біріктіреміз

1-топ «Қатаркөз»

2-топ «Жұлдызша»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға суреттер көрсетіледі. Суреттегі керемет туындыларға әр топ өзінше анықтама береді. Ол үшін төмендегіше сұрақтар қойылады:

  1. Сәндік-қолданбалы өнердің түрлерін ата.

  2. Қазақта құрақ құрау өнері керемет дамыған, сол туралы не айтасындар?

  3. Қыздарды ұзатқанда артынан құрақпен құралған көрпеше беріп жатады, соның маңызы не?

  4. Құрақтың қандай түрлері бар?

  5. Оны қандай мата түрлерінен тігеді?

  6. Құрақ тігу үшін арнайы матамен тігу міндетті ма?

  7. Құрақты қандай бұйымдарда қолданылады?

  8. Түстердің маңыздылығы қандай?

Дескриптор:

  1. Құрақтың түрлерін анықтайды;

  2. Құрақты дайындаудың реттілігін атайды;

  3. Қажеттілігін өмірмен байланыстыра отырып тиімді тәсілін анықтайды

ҚБ: Ойын толық жеткізген, нақты ақпараттар келтірілген оқушыға жетондар беріп отырамын.

Саралау: Сұрақтың жауабына қарай жауап беруге қиналған оқушыларға жетелеу сұрақтары арқылы ойларын толықтыруына ықпал жасап отырамын. Басқаларға қарағанда жылдам әрі жақсы жауап берген оқушыларға дереккөздермен жұмыс жасауына және олардың жақсы жауаптары үшін жетондармен қолдау көрсетіп және ынталандырып отырамын.

Мозайка әдісімен топқа бөлу.






«Миға шабуыл» әдісіне арналған сұрақтар қиындылары




















Түсті жетондар

Сабақтың ортасы

15 минут











































15 минут

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісін пайдалану мақсатым, құрақтың қолданылуы, қалай тігілетіні туралы, қандай материалдар қолданылатыны туралы толық мәлімет алу

Тапсырма: Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

1-топ «Қатаркөз» құрағына, 2-топ «Жұлдызша» құрағына қатысты сұрақтардың жауабын қарастырады.

  • Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайдан және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

  • Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Бағалау критеийі:

  1. Аталған құрақ түрлерін қайда және қандай мағынада қолданылатыны туралы түсіндіреді;

  2. Өз тәжірибесімен мысал келтіреді;

  3. Қазіргі уақыттағы қолданысы туралы анықтайды.

Дескриптор:

  • Құрақтың түрлерін атайды;

  • Қажеттілігін анықтайды;

  • Түстердің, ұқыптылықтың, шыдамдылықтың маңыздылығын біледі.

Саралау: Барлық оқушылардың әрбір әрекетін үнемі бақылап, дискриптордың талаптарына сәйкес келетін нәтижелерді саралау арқылы талаптары жоғары оқушыларға қиын сұрақтармен, ал орта оқушыларға кері байланыс ұсына отырып, дұрыс жауаптарға мән беріп өзінің қатесімен жұмыс жасауына, ал көмекті қажет ететін оқушыларға өз жұмыстарын дискриптордың талаптарына сәйкес жетілдіруге сұрақтар арқылы нәтижеге жетуіне ықпал жасап отырамын.

ҚБ: Бағалау критерийлері арқылы оқушылар «Карусель» стратегиясын қолданып, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Оқушылар сағат тілінің бағытымен бір-бірінің жұмыстарына смайлик жабыстырады


Жеке жұмыс «Менің туындым...» әдісі.

Тапсырма:

Құрақ құрау үшін оның нобайын салып, технологиялық құжатын орындайды.


Технологиялық карта үлгісі

Технологиялық карта

Бұйым атауы____________

(Нобай үлгісі)


Жұмыстың орындалу реттілігі

Графикалық суреті (нобай)

Қажетті құрал- жабдықтар









Бағалау критерийі:

1. Құрақтың формасы мен композициясын құрастырады;

2. Түстерді үйлесімді таңдайды;

3. Технологиялық картасын орындайды.

Дескриптор:

  • өз бұйымына арналған нобайда жаңашылдық танытқан;

  • альбомдарында (скетчбуктерінде) бұйымның технологиялық картасын орындаған.

Дифференциациялық тапсырма:

  • Қабілетті жоғары оқушы технологиялық картаны POWER POINT бағдарламасында орындайды

  • Қабілеті орта оқушы альбомдарында (скетчбуктерінде) бұйымның технологиялық картасын орындайды.

  • Қабілеті төмен оқушы графикалық суретін салады.

ҚБ: «Бағдаршам» бағалауы.

Тапсырманы орындауда оқушылар өздерінің құрастырған құрақтарына өздері бағдаршам түстерімен баға береді. Дұрыс, талапқа сай орындалған жұмыс деп санаса «жасыл» карточка, «сары» түсті карточканы-жақсы және «қызыл» түсті карточканы жұмысына көмек керек оқушылар таңдайды. Жұмысты бағалау кезінде қаншалықты әділ баға қойылып жатқандығын бақылап отырып, сары түсті алған жұпқа жасыл түсті жұптың көмек беруін ұсынамын. Қызыл түске АКТ-ны қолдануына немесе басқа оқушылардың жұмыстарын салыстырып көріп идея алмасуын сұранамын.

АКТ

Қайда? Қалай? Қандай? Сұрақтары жазылған тақтайша





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
1322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12