Ашық сабақ Бұлақты ауылындағы бастауыш мектебі 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Бұлақты ауылындағы бастауыш мектебі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
з сынып бойынша Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер тақырыбында ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Ашық сабақ

Білім беру ұйым атауы

«Бұлақты ауылындағы бастауыш мектебі» КММ

Бөлім

Программалау

Педагогтің аты-жөні:

Жалғасбай Айдана Сембайқызы

Күні:

17.10.2023

Сыныбы: 3 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Әлеуметтік желілермен мессенджерлерді қандай мақсатта қолданатыны және оның қандай қаупі бар екені туралы әңгімелейді.

Желідегі ақпарат алмасу программалық қосымшаларымен танысады.

Мессенджерлерде бірлесіп жұмыс істеудің тиімді жақтарын біледі.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин.


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу;

Қош келдіңіздер !

  • Сынып оқушыларын түгендеу;

«Мозайка» әдісі 2 түрлі сурет қиындыларын таңдау арқылы 2 топқа бірігеді

1 топ – Әлеуметтік желілер

2 топ – Мессенджерлер




Мұғаліммен сәлемдеседі.

«Мозайка» әдісі 2 түрлі сурет қиындыларын таңдау арқылы 2 топқа бірігеді.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды

бағалау.


Қима қағаздар, презентация

Ой қозғау

Топтық жұмыс


  1. мин


II Ойлан тап әдісі

LearningApps бағдарламасы арқылы жылдам әрі көңілді түрде сөзжұмбақты шешу арқылы өткен сабақты қаншалықты түсінгендіктерін анықтау.

1 топ







2топ



Оқушылар барлығы қатысады.Сұрақтарға жауап береді.

Мақсаты: Оқушыларды тапсырма орындату арқылы бәсекелестікке қабілетті болуға, жылдамдыққа, шапшаң ойлауға баулу.

Тиімділігі: Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыпты еске алып, қайталау жұмыстарын жүргізеді.

«Смайликтер әдісі» арқылы белсенділік танытқан оқушылар бағланады.


«Тамаша», «Жарайсың», «Талпын» смайликтері.

Интербелсенді тақта, смайликтер,қағаз қималар

learningApps бағдарламасы

1 топ

https://learningapps.org/watch?v=p4awy5vun23

2 топ

https://learningapps.org/watch?v=py8xhuqwt23


Сабақтың ортасы


  1. мин.


III Жаңа тақырып


«Адасқан әріптер әдісі» арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу .

Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Бүгінгі қоғамды компьютер, смартфон, интернет, әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Сондықтан қазір цифрлық қоғамда өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға болады. Цифрлық қоғамға айналуымызға әлеуметтік желілер мен мессенджер лер ерекше ықпал етті. Әлеуметтік желіге тіркелу арқылы өзің туралы деректерді қоюға болады. Сонымен бірге өзің сияқты тіркелген басқа да желі қолданушыларымен мәтіндік, дыбыстық және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Facebook (Фейсбук), Instagram (Инста грам), Twitter (Твиттер) және ВК (ВКонтакте) әлеуметтік желілері өте танымал.


Оқушылар өтілген тақырыпқа назар салып тыңдап, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бойынша өз ойларын ортаға салады.



Кері байланыс жасап отырады.

Оқушылардың берген жауаптарына сәйкес, мұғалім оқушыларды мақтау сөздер арқылы бағалап отырады.


Презентация, оқулық, таратпа материалдар

Топтық жұмыс

  1. мин

IV Сауалнама кестесі

Оқушылар жылдам сауалнамаға жауап беріп өз деңгейлерін анықтайды.


Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауына, деңгейін білуге көмектеседі.


Нәтижесі: Ойлау, жылдам әрекет ету дағдылары қалыптасады.

«Мадақтау сөз» арқылы белсенділік танытқан оқушылар бағалайды.

«Тамаша», «Жарайсың», «Талпын» смайликтері.

Жоғары ұпай жинағандар бағаланады.

Интербелсенді тақта, смайлик.


Сергіту сәті

  1. минут

V Көзге арналған жаттығу

1. Көздің қарашығымен оңға(солға), жоғары(төмен) басты бұрмай қараймыз. Көзді барынша бұру керек.

2. Көздің қарашығын сағат тілімен және сағат тіліне қарсыбағытта айналдырамыз. Одан кейін көзді жұмып осылай жасаймыз.

3. Тік отырып айналады ең алыс нүктеге қарап бірден ең жақын нүктеге қараймыз басты бұрмай .



Флешка әдісі.

Оқушылар көзге арналған жаттығуды жасайды.

Мақсаты: Оқушылардың көру қабілетіне зиян келтірмеу. Көздің шаршауын басу әсіресе, компьютерде көп жұмыс істеу барысында  жиі кезесетін жағдай. Көзге арналған жаттығу миопияның алдын алып, шаршаңқылық сезімін жояды, көздің бұлшық еттерін қалыпқа келтіреді.

Тиімділігі: Оқушылардың көру қабілеті зиян келтірмеу. Көздің шаршауын басу.

Шаттық шеңберін құрып «Флешка» әдісі арқылы бір -біріне тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.


Нәтижесі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Презентация, смайликтер,

Жеке жұмыс

  1. мин

VI «Кім жылдам» әдісі

Wordwall бағдарламасы арқылы жылдам әрі көңілді түрде сабақты қаншалықты түсінгендіктерін анықтау.


Оқушылар жылдам жауап беріп өз деңгейлерін анықтайды.


Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауына, деңгейін білуге көмектеседі.


Нәтижесі: Ойлау, жылдам әрекет ету дағдылары қалыптасады.

«Смайликтер әдісі» арқылы белсенділік танытқан оқушылар бағланады.

«Тамаша», «Жарайсың», «Талпын» смайликтері.

Жоғары ұпай жинағандар бағаланады.


Интербелсенді тақта, смайлик.

Wordwall бағдарламасы

https://wordwall.net/ru/resource/33021278

Соңы

  1. минут

VII Ара ұясы техникасы.

Мұғалім топтағы оқушыларға пікір алмасуын және 2 сұрақ дайындап отыруын сұрайды.Кейін кезектесіп топтар сұрақтарын қойып шығады.


Оқушыныңлардың сабақтан алған мәліметтерін қорытындылауға үйретеді.

Мақсаты: Оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлау, қызығушылықтарын арттыру.

Нәтижесі: Оқушылар өзінің сабаққа қатысу белсенділігін анықтап, қорытынды шығара алады.

Сабаққа ат салысып қатысқандары үшін мадақтау сөздер айтылады.

Үлестірме қағаздар, оқулық және презентация.


Рефлекция

«Рефлексивті нысан». Нысана арқылы өзінің, сыныптастарының, мұғалімнің іс-әрекетін бағалайды.










Оқушылар сабақтан алған әсерлерін үлестірме қағаздарына жазады.

Мақсаты: Оқушылардың пікірін қолдана отырып келесі сабаққа қате кеткен жерлерді түзету

Нәтижесі: Оқушылар өзінің сабаққа қатысу белсенділігін анықтап, қорытынды шығара алады.



Соңы

  1. минут

VIII Сабақты бекіту

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін, ұнаған не ұнамаған, түсінікті не түсініксіз болған тұстарын үлестірме қағаздарына жазады.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Сабаққа ат салысып қатысқандары үшін мадақтау сөздер айтылады.

Үлестірме қағаздар, оқулық және презентация.

Үй тапсырмасы

28 беттегі «Ойлан» тапсырмасын орындау.



Оқулық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі