400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Бұлбұл мен тоқылдақ" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы: . Бұлбұл мен тоқылдақ



Әдебиеттік оқу 2-сынып









Өткізген: Саматқызы Құралай























Тақырыбы: Ш. Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ (мысал)
Мақсаты:

а) білімділік: Мысалдағы негізгі ойды ұғындыру.оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету. Топпен жұмыс жүргізуге, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
ә) дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге, ізденімпаздыққа баулу. Шығармашылық қабілеттерін, ой - өрістерін, тіл байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге тәрбиелеп, жаман қылықтардан аулақ болуға, еңбексүйгіштікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,Венн диаграммасы,сұрақты қағып ал әдісі, сөйлейтін қабырға
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бұлбұл мен тоқылдақ , ағаш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Дельфин мәтін мазмұнын айту мәтін мазмұнына жұмбақ жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
Құстардың даусын тыңдау.
- Балалар құстардың қандай даусы естіледі?
- Қай құстардың даусы ұнайды?
Оқушыларды 3 топқа бөлу, тапсырмалар беру:

Ой қозғау
1 - топ: - Бұлбұл туралы не білесіңдер?
2 - топ: - Тоқылдақ сөзіне ассоциация
3 - топ: - «Құстардың орнын анықта» (суреттегі құстарды сұрақтарға жауап беріп, өз орындарына қоямыз)
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бұлбұл мен тоқылдақ» деп аталады.

Смаханұлы Шона (1924-1988)

1924 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданындағы «Ойық» ауылында дүниеге келген. Ақын, сықақшы. Ата-анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. 1942-1943 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бipaз жыл бойына (1943-1957 жылдары) ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірген. 1957 жылдары «Мектеп» баспасында редактор, 1958-1963 жылдары «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» газеттерінде, 1964-1968 жылдары сатиралық «Ара» журналында қызмет еткен. 1973-1983 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция мeңrepyшici болған.
Мағынаны тану
а) Оқулықпен жұмыс
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылардың іштей оқуы.
3. Дауыстап оқу.
Сергіту сәт

Дәптермен жұмыс
Бұлбұл - әнші құс Тоқылдақ - орман емшісі
Сұрақты қағып ал әдісі

Бұлбұл мен тоқылдаққа не деді?

Ал тоқылдақ не деп жауап берді?
Ой толғаныс
1 - топ: Бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беру.
2 - топ: Өлең ұйқасын табу.
1 - топ: Құстар жайлы жұмбақ құрастыру.
2 - топ: Венн диаграммасы.
Бұлбұл мен тоқылдақ.
3 - топ: 5 жолды өлең.
Кері байланыс жасау


Сөйлейтін қабырға бұл әдіс арқылы Бұлбұл мен Тоқылдақ суреттер жазылған қағаздар ілінеді. Сол қағаздар арқылы Бұлбұл мен Тоқылдаққа келетін сөздерді кестеге орналастыру


Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды «Өзіңнің сүйікті ісіңмен айналыс» «Бірақ өзгенің мазасын алмау жағдайын ұмытпа» «Өзіңді сыйласын десең,өзгені өзің сыйлай біл» деген мақалдармен қорытындылаймыз.
Бағалау

Үйге тапсырма:
1. Бұлбұл мен тоқылдақ мысалын оқып, мазмұндау.
2. Бұлбұл мен тоқылдақтың суреттерін өз қалауларынша салып келу.
3.Бұлбұл мен тоқылдақ туралы
жұмбақ құрастыру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі