400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: "Бұлт күнді жапты" ортаңғы "Ақбота" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу - қызметі:

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Бұлт күнді жапты»

Мақсаты: Балалардың байқағыштығын дамыту, түрлі – түсті бояулармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Ұқыпты жұмыс істеуге , еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: Көкөністер арқылы, сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Көрнекіліктер: слаид, бұлт және күн суреттері

Билингвалдық компонент: бұлт – облака – cloud , күн – солнце - sun

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн апайлар!

Жақсы балалар орындарымызға отырайық . Балалар бүгінгі оқу – қызметімізге қонақ апайлар келіп отыр екен, олай болса балалар біз апайларға өзіміздің қандай білімді, ақылды, тәртіпті балалар екенімізді көрсетейік.

Тәрбиеші: Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар ? ( бұлт және күн)

Олар қайда орналасқан? (аспанда)

Күн – сары түстес, шеңбер тәрізді. Бізге жарық береді, жылу береді, нұрын шашады.

Бұлт – көк түсті, пішіні әртүрлі сопақша тәріздес. Бұлтты күні күн суық, желді, жаңбырлы болады.

Тыныс алу жаттығуы:

( балалар мұрындарымен терең дем алып, ауыздарынан үрлеп жел шығарады).

Тәрбиеші: Ой , балалар қараңдаршы, сендер не байқадыңдар? Не өзгерді? (балалар өз ойларымен бөліседі) . Күн жел болғанда бұлт орнынан қозғалып,бұлт күнді жапты. Бүгінгі оқу - қызметіміздің тақырыбы – «Бұлт күнді жапты».

Дәптермен жұмыс:

Тақтада берілген суреттерді көкөністер көмегімен дәптерімізге түсіреміз. Күн суретін түсіру үшін – сәбіз пайдаланамыз, бұлт суретіне – картопты пайдаланамыз.

күн – солнце – sun

Бұлт – облака – cloud

( балалар көкөністер көмегімен бұлт, күн суреттерін дәптерлеріне түсіреді)

Қорытынды: балалар бүгін біз не өттік? Сендерге ұнадыма? Қандай ауа райы ұнайды сендерге ?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі