Ашық сабақ "Бунақденелілер" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Бунақденелілер" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арқылы оқушылар бунақденелілердің зияны мен пайдасымен танысады. Олардың әртүрлілігмен және өмір сүру ортасымен танысады. Оқушыларды зиянкес бунақденелілердің түрлерімен күресуге және қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар.

Мақсаты: оқушыларды зиянкес бунақденелілердің түрлерімен күресуге және қоршаған ортаны қорғауға үйрету.

Міндеттері:

Білімділігі: оқушыларды бунақденелілердің зиянкес және пайдалы түрлерімен таныстыру.

Дамытушылығы: оқушылардың зиянкес жәндіктер туралы алған білімдерін әрі қарай дамыту, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетінше ізденуге, топпен жұмыс жасай білуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: тест сұрақтары, сто элементтері, «5»-алғың келсе ойыны.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәелемдесу. Оқушыларды түгендеу. «Кел, жұптас» әдісі бойынша топқа бөлу

I.Үй тапсырмасын сұрау:

Тест сұрақтары

1.Зауза қоңызы дернәсілінің дамуы жүретін уақыт.

А) 3 жыл.

В) 2 жыл.

С) 4 жыл.

D) 5 жыл.

Е) 1 жыл.

2.Бунақденлілер қандай класс тармақтарына жіктеледі:

А)өрмекшітәріздестер, шаянтәріздестер

В)буынаяқтылар, өрмекшітәріздестер

С)бауыраяқтылар, қанаттылар

Д)басаяқтылар, қосжақтаулылар

Е)туақанатсыздар, қанаттылар

3.Бунақденелілердің қанша мыңға жуық түрі бар?

А)200000

В)600000

С)700000

Д)800000

Е)900000

4.Бунақденелілердің барлығы неше аяқты?

А)8

В)10

С)4

Д)6

Е)2

5.Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін бунақденелі

А)шыбын

В)қоңыз

С)бұзаубас

Д)бит

Е)инелік

6.Латын тілінен аударғанда имаго сөзі

А)тура даму

В)ересек жәндік

С)дернәсіл

Д)қуыршақ

Е)итшабақ

7.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы

А)герпетология

В)гельминтология

С)энтомология

Д)бриология

Е)вирусология

8.Толық түрленіп даму:

А) жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ – имаго

В) жұмыртқа - дернәсіл – имаго

С) жұмыртқа – имаго

Д)имаго-қуыршақ

Е)имаго

9.Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.

А) Алабұға, сазан.

В) Кесіртке, жылан.

С) Шұбалшаң, гидра.

D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер.

Е) Қоңыз, шыбын, маса

10. Зәр шығару мүшесі

А)демтүтік

В)бүйрек

С)мальпигий түтігі

Д)өкпе

Е)нимфа

II.Жаңа тақырып түсіндіру:

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша бунақденелілермен таныстырып өтеді.

1 -слайд

Колорадо қоңызы. Өте қауіпті және кең тараған картоп зиянкесі. Оларды жою үшін әрбір адам колорадо қоңызын тани білуі керек.







Қ анқыз. Сақтандырғыш рең. Қанқыз және оның личинкасы өсімдік шырынын соратын ұсақ насекомдарды-өсімдік бітесін қорек етеді. Бітелер өте тез көбейіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.

Адам кейбір өсімдік бітесімен басқа да өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін насекомдарда қарсы күресте қанқызыды ойдағыдай пайдаланып жүр. Қанқыздарды арнайы лабараторияларда көбейтіп өсіреді де бақтарға жібереді.

Егер қанқызға жанассаң, ол өзінен күйдіргіш сұйықтық бөліп шығарады.

Бұл қоңызды құстардан және басқа жауларынан сақтайды. Қанқызды құстар реңінен таниды да оған жуымайды.

Сондықтан көзге айқын түсетін қанқыздың ашық реңі сақтандырғыш рең деп аталады.

2-слайд

Өлексеқоңыз және қиқоңыз.

Жазда жерде жатқан шағын құстың, тышқандардың, көртышқандардың және басқа да ұсақ жануарлар өлекселерінің айналасынан қанат үстінде көлденеңінен тартылған қызыл-сары екі жолағы бар қара қоңыздарды көруге болады. Бұл-өлексеқоңыз.

Өлексеқоңыз өте иісшіл болғандықтан өлексеге өте алыстан ұшып келіп, оның астынан ін қазып алады. Олар өлексенің астындағы топырақты кеулеп қаза-қаза, өлексені қазылған шұңқырға түсіреді. Қоңыздар топыраққа жұмыртқалайды. Жұмыртқалардан личинкалар шығады да олар шіріген өлексемен қоректенеді. Өлексеқоңыздар пайдалы жәндіктер деп саналады. Олар болмағанда жануарлардың өлекселері жер бетінде шіріп, айналасындағылардың барлығына зияны тиер еді.

Сондай-ақ личинкалары қоректенетін көңді топыраққа көміп, қиқоңыздары да пайда келтіреді.

Біздің елімізде өте үлкен және залалсыз тамаша бұғы қоңыздың саны сиреп барады, сонықтан оны қорғау қажет.

Қиыр Шығыста дене тұрқы 10 см мөлшеріне жететін өте үлкен уссурий сүгені жойылып барады-оны қорғауымыз керек.

3-слайд

Үй шыбыны. Жұрттың бәріне таныс. Оның денесі сұрғылт буырыл реңді, алдыңғы қанаттары мөлдір және жақсы жетілген. Алдыңғы екі қанаты насекомдардыкіндей ызылдауыққа-тепе-теңдік сақтау мүшесіне айналған. Шыбынның қимылдағыш басында қысқа мұртшалары мен күрделі көздері бар. Шыбындар қанттың, нанның, пирогтың және басқа да азықтар мен тағамдардың үстінде өте тез жорғалап жүреді. Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарының ұштарында болады. Шыбынның төменгі ерні түрін өзгертіп, тұмсыққа айналған. Шыбын тек сұйық азықпен қоректенеді. Бұл кезде шыбын асқорыту сөлін құсады, сөл азықты ерітеді де оны шыбын тұмсығымен сорып алады.

Шыбынның личинкасы құрт тәрізді, түсі ақ, аяғы, басы болмайды. Ол тез өседі, пішіні кішкене бөшке тәрізді қызыл буырыл қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыбын ұшып шығады. Шыбын жаз бойы 5-10 рет ұрпақ береді. Шыбынның личинкалары қи үйінділерінде, дәретханада, жуынды төгетін шұңқырларда дамиды. Адам тұратын аула қаншама лас болса (үйдің іші, сырты) шыбындардың көбеюіне соншама қолайлы жағдай туады. Ересек шыбындар дәретханадан, жуынды шұңқырлардан адам тұратын бөлмеге ұшып келіп, тамаққа қонады, сүйтіп әр түрлі аурулар (іш сүзегінің, дизентерияның және басқа аурулардың) қоздырғыштарын таратады.

Сона. Жаздың шайдай ашық күндері сиыр табынының төңірегінде, жылқы айналасында ызыңдаған, өте ірі шыбын тәрізді соналар ұшып жүреді. Сонаның аналығы ауыз мүшелерімен үй жануарларының, адамның терісін тесіп, шыққан қан тамшысын тұмсығымен жалайды.




III.Бекіту:

1-тапсырма:

«5» алғың келсе ойыны

Жәшіктен оқушылар сұрақты алып, 1 мин ішінде жауап беруі керек

1.Картоп зиянкесі қандай жәндік? Колорадо

2.Сақтандырғыш рең дегеніміз не, мысал келтір?(жәндіктердің түрін өзгертіп жауынан қорғануы, мысалы қанқызға жанассаң, ол өзінен күйдіргіш сұйықтық бөліп шығарады.

Бұл қоңызды құстардан және басқа жауларынан сақтайды. Қанқызды құстар реңінен таниды да оған жуымайды)

3.Өлексемен қоректенетін қандай қоңыз? (өлексеқоңыз)

4.Қоңыздар қайда жұмыртқалайды? (топыраққа)

5.Өте үлкен залалсыз қоңыз? (бұғықоңыз)

6.Шыбынның дәм сезу мүшесі қайда орналасқан? (аяқтарының ұшында)

7.Шыбындар жазда қанша рет ұрпақ береді? (5-10 рет)


2-тапсырма:

5 зертханалық жұмыс

Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын қарап, зиянды бунақденелілерді зерттеп білу.


3-тапсырма:

Семантикалық карта

1

Колорадо

А. өте қауіпті және кең тараған картоп зиянкесі

2

Қанқыз

В. қанат үстінде көлденеңінен тартылған қызыл-сары екі жолағы бар қара қоңыз

3

Уссурий сүгені

С. қиыр Шығыста дене тұрқы 10 см мөлшеріндегі қоңыз

4

Шыбын

Д. аналығы ауыз мүшелерімен үй жануарларының, адамның терісін тесіп, шыққан қан тамшысын тұмсығымен жалайды

5

Сона

Е. личинкасы құрт тәрізді, түсі ақ, аяғы, басы болмайды

6

Өлексеқоңыз

Ж. дене тұрқы 10 см мөлшеріне жететін өте үлкен қоңыз


IY. Рефлексия. «Екі жұлдіз, бір тілек» әдісі

IY.Үйге тапсырма: Ауыл шаруашылығына зиянды бунақденелілер туралы қосымша ақпарат алып келу.

V.Бағалау: Екі топ бір-бірін бағалайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі