Сабақ
тақырыбы: Бунақденелілер.
Сыныбы:7
сынып
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:. Оқушыларға
бунақденелілердің тіршілік ортасы,
даму жолдары, адамға тигізетін пайдасын
зиянын түсіндіру, олармен жүргізетін
күрес шаралары туралы түсінік беру.
("Тірек-сызба" әдісі арқылы оқушыларға
тақырыптың мәнін ашып
түсіндіру)
Дамытушылығы: Оқушылардың
бунақденелілер туралы білімін дамыту.
Жаңа білімді игеру дағдысын қалыптастыру,
("Галереяны шарлау" әдісі арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілетін
шыңдау, "Бестармақ" әдісі бойынша
оқушылардың бойындағы ақындық қасиеттерін
ашу, "Жеңілдетілген анықтама әдісін
пайдалана отырып, оқушылардың логикалық
ойлауларын жетілдіру,сөйлеу шеберлігін,
өз ойын қорытындылауға дағдысын
қалыптастыру)
Тәрбиелігі:
Табиғат сырларын ашып, біле беруге
құштарлығын арттыру, тірі табиғатты
әрқашанда бақылап білгендерің көңілге
тоқып, қорытындылап жүруге дағдыландыру. Тірі
ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу. (Ассоцациялық
карта" әдісін қолдананып, оқушылардың
табиғат дүниелерінің пайдасы мен зиянын
ажырата білуге тәрбиелеу)
Сабақтың
типі: Жаңа
сабақты игеру
Сабақта
қолданылатын әдіс - тәсілдер: Тірек
-сызба" әдісі, "Орны ауыстырылған
әріптер", "Галереяны шарлау"
әдісі, " Ассоцациялық талдау" әдісі,
" Бестармақ" "Жеңілдетілген
анықтама" әдісі
Пәнаралық
байланыс:
"Галереяны шарлау" әдісі- Бейнелеу,
"Бестармақ"
әдісі - Әдебиет
"Жеңілдетілген
анықтама" әдісі- Қазақ тілі
Сабақтың көрнекілігі:Плакаттар,
стикерлер, интерактивті тақта, тірек -
сызбалар
Сабақтың
барысы:
І
Кіріспе а)Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу
-
сыныптың тазалығын тексеру
-
сыныптың кезекшілігін анықтау
-
оқушыларды түгендеу
-
сабаққа дайындықтарын тексеру
ә)Үй
тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сынып
оқушыларын "Қала
атаулары"
арқылы 2- топқа ( Тақтаға Алматы және
Астана қалаларының аттары жазылады. Әр
оқушы өзінің қалаған қаласының астына
есімін жазуына болады және сол топтың
оқушысы болды)
бөлу арқылы үй тапсырмасын "Сәйкестіндіру
тесті" бойынша сұраймын
Сәйкестігін
тап:
б)
Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру
кезеңі
"Орны
ауыстырылған әріптер"
әдісі бойынша әр топқа орны ауыстырылған
әріптер беріледі. Оқушылар жасырылған
сөзді тапса, жаңа сабақтың тақырыбы
шығады.
1-Астана
тобына
убандқнелеірел
(Бунақденелілер)
2-
Алматы тобына
убандқнелеіреліңд
апйадсы нем изяын (Бунақденелілердің
пайдасы мен зияны)
Бунақденелілер
Туақанатсыздар
Қанаттылар
Бунақденелілердің
дене бөлігі
Бас
Көкірек
Құрсақ
Бунақденелілердің
ауыз мүшелерінің құрылысы
"Галереяны
шарлау
" әдісі
Оқушыларға
берілген тақырып бойынша топпен плакатқа
сурет салып, сол суреттегі бейнелеген
ойлары туралы келесі топқа түсіндіріп
беру.
1-
Астана тобына "Туақанатсыздар"
2-
Алматы тобына "Қанаттылар"
Бунақденелілердің
пайдасы мен зияны жайлы екі топқа
"Ассоцациялық
карта"
1-
"Астана" тобы
2- "Алматы" тобы
Бунақденелілердің
зияны
Бунақденелілердің
пайдасы
Бестармақ
әдісі бойынша екі топқа тақырып беріледі
1-
Астана тобына"Көбелек"
2-
Алматы тобына "Инелік"
Бестармақтың
құрамы
Бірінші
тармақ (жол) 1 зат есімнен тұрады
2. Екінші
тармақ 2 сын есімнен тұруы керек.
3.Үшінші
тармақта 3 етістіктің болуы шарт.
4.Төртінші
жол оқушының
негізгі
сөзді бағалайтын кез келген сөз
таптарынан тұратын 4 сөздерден
тұрады.
5.Бесінші
жол тағы да бір сөзден тұрады.
Бұл
сөз негізгі атаудың басқаша баламасы,
оның синонимі болуы керек (әдетте зат
есім).
б)
Жаңа сабақты бекіту
Жеңілдетілген
анықтама (немесе түсіндірме).
Сабақтың
соңында
әр топқа қарастырылған
тақырып бойынша қандай да бір атау
беріледі. Сол атауды 5 жасар баланың
тілінде түсіндіріп беру.
1-
Астана тобына "Бунақденелі дегеніміз
не?"
2-
Алматы тобына "Бунақденелілердің
дамуы"
Бағалау.
Оқушыларды бағалау критериі арқылы
бағалау
Кері
байланыс.Аяқталмаған сөйлем әдісі
“Бұрын
мен білмеуші
едім_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Енді
мен білемін”
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
д)
Үй тапсырмасын беру кезеңі: §47 оқып,
"Бунақденелілер" туралы қызықты
мәліметтер тауып келу.