жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Буркуталина Аймекен 2 сынып
Авторы: Буркуталина Аймекен Канатовна
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Сынып:2 |
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Буркуталина Аймекен Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы |
Адам өміріне ауа райының әсері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.2.1 ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушы: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсер ететінін білу Көптеген оқушы: ауа райының адам өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсерін талдау Кейбір оқушы: ауа райын алдын ала болжаудың маңызын түсіндіру, дәлелдеу |
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу, түсіну, қолдану |
Бағалау критерийлері |
Ауа райының адам өміріне әсерін біледі Ауа райының шаруашылық іс-әрекетіне оң және кері әсер ететінін біледі
|
Тілдік мақсаттар |
Оқытудың тілдік мақсаты: Ауа райының маусымдық өзгерісі туралы айта алады Табиғаттың қолайлы, қолайсыз жағдайларын анықтай алады Пәндік лексика және терминология Ауа райы, ауаның температурасы, желдің бағыты
Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері: Ауа райын алдын ала болжау, ауа райын болжау туралы халық ырымдары
|
Құндылықтарды дарыту |
Өз өмірін сақтауға жауапты болуға, еңбекті қадірлеуге тәрбиелеу |
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану: (ауа райын бақылау әдістері)
|
Бастапқы білім |
Ауа райының құбылыстарын атайды |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
ресурстар |
Сабақтың басы |
Психологиялық даярлық Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін! Баршаңызға қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. Күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап, Судай тұнық көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Ширату жаттығуы ҰЖ «Кел, ойнайық» әдісі (бұрынғы білімдерін еске түсіру) Нұсқау: «Сөздер банкісінің» ішінен табиғат құбылысына байланысты сөздерді алып, «ауа райы» тақтасына жапсырады. Тапсырма: табиғат құбылысына қатысы бар сөздітабыңыз. «Ауа райы» тақтасына жапсырыңыз
Ынталандыру: жарайсыңдар!, бәрекелді!,
Олай болса, бүгінгі сабақта не туралы айтылады деп ойлайсыңдар? Ауа райының өзгеруі адамға әсер ете ме? Олай болса, бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болмақ? Сабақтың мақсатын айқындау |
Банка, «Ауа райы» тақтасы |
|
|
|
Сабақтың ортасы |
ЖЖ «Ойлан, жұптас, пікірлес» (зерттеу дағдыларын дамыту) Тапсырма: Бақылау: терезеден айналаны бақылаңыз Зерттеуді жоспарлау:
-Кімдерді көріп отырмыз? -Балалар қалай киінген? - Не себепті олай киінген? -Ауа райында қандай өзгерістер болған?
Дерек жинау: жұптар бір бірімен мәліметтерімен бөліседі
Тұжырым : ауа райын әртүрлі құбылыстар анықтайды. Ауа райы соған байланысты өзгеріп отырады. Ауа райы адам өміріне әсер етеді. Ынталандыру: Керемет! Жарайсың! Жақсы!
ҰЖ «Броундық қозғалыс» әдісі (жаңа тақырыпты меңгерту)
Нұсқау: Сынып бөлмесінің ішіне бүгінгі сабақтың тақырыбына қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар сыныпты аралап қозғала жүріп, тақырыпқа сай ақпараттарды жинайды. Тапсырма: Ақпараттарды жинаңыз және бөлісіңіз
Ынталандыру: графикалық
ТЖ «Кел, ойласайық!» әдісі ( ізденушілік, танымдық қасиеттерін арттыру БК: Ауа райының адам өміріне және шаруашылық іс-әрекетіне қалай әсер ететінін талдайды Тапсырма: Суреттерге қараңыз. Жыл мезгіліндегі ауа райының адам өміріне, шаруашылық іс әрекетке қандай өзгеріс әкелетінін талдаңыз.( постер жасау, қорғау) Дескриптор: -ауа райының маусымдық өзгеруі адам өміріне әсерін ететінін анықтайды Ауа райының шаруашылық іс әрекетке оң және теріс әсерін талдайды
Топтардың өзара бағалауы
ТЖ: «Ғылыми зерттеу жобасы » (зерттеу дағдыларын дамыту) БК: ауа райының адам өміріне әсер ететінін біледі, ауа райын алдын ала болжаудың маңызын түсінеді Мақсаты: Ауа райын болжаудың жолын анықтау,маңызын түсіну Тапсырма: Үлестірмелердегі суреттер бойынша ауа райын болжаудың жолдарын анықтаңыз, салыстырыңыз Саралау -Ауа райын алдын ала болжаудың маңызы туралы түсіндіру -Ауа райын болжаудың синоптикалық жолы туралы айту -Ауа райын алдын ала болжаудағы халық ырымдарының маңызын түсіндіру Дескриптор: Ауа райын алдын ала болжаудың маңызын түсіндіреді Ауа райын болжау синоптикалық жолы туралы айтады Ауа райын алдын ала болжаудағы халық ырымдарының маңызын түсіндіреді
Дәптермен жұмыс
ҚБ: ауа райының адам өміріне оң және теріс әсерін анықтайды Дербес жұмыс « Орындап көр »тәсілі ( жаңа білімді меңгергендігін анықтау, ойлау дағдыларын жетілдіру) Тапсырма: ауа райына қатысты сөздерді анықтаңыздар. Артық сөздерді көк қарындашпен сызыңыздар.
Дескриптор: -Ауа райына қатысты сөздерді анықтайды -Артық сөздерді көк сызықпен сызады
ӨЖ «Сәйкестендір» әдісі (тақырып бойынша білімдерін бекіту) Тапсырма: екі бағанда берілген ұғымдардың сәйкестігін тап Ынталандыру: графикалық Тапсырма оқушының жауабы бойынша сараланады
Ұ)(Ж) «Мен – саған, сен - маған» әдісі. (Жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қорытындылау)
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Сұрақтарға жауап береді. Ауа райының өзгеруіне қандай құбылыстар себеп болады? -ауа райы өзгерістерінің адам өміріне қандай әсері бар? Ауа райының қолайсыз жағдайы шаруашылық іс әрекетке қандай теріс әсер етеді? -ауа райының өзгеруі туралы алдын ала ақпарат беру қаншалықты маңызды?
Ынталандыру: Жарайсыңдар!
|
Ақпараттар мен деректер жазылған парақтар
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер
|
Сабақтың соңы
Рефлексия |
«Аяқталмаған сөйлем» Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап алып, айтылған ойдыжалғастырады: Бүгінгі сабақта мен ......түсіндім. .........білдім. ............көзімді жеткіздім. Мен өзімді............ үшін мақтар едім. Қызықты болғаны............
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
. А деңгейіндегі оқушылар: «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Орындап көр», «Сәйкестендір» әдістері арқылы ауа райының адам әсеріне тигізетін әсері туралы білімдері сараланады В деңгейіндегі оқушылар: «Кел, ойласайық», «Броундық қозғалыс», «ойлан, жұптас, пікірлес әдістері арқылы» ауа райының адам өміріне және шаруашылық іс әрекетке әсерін талдай алу дағдылары сараланады. С деңгейіндегі оқушылар: «Кел, ойласайық», «Ғылыми зерттеу жобасы» әдістері арқылы тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттарды талдай білу дағдылары сараланды.
|
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау, смайликтер арқылы бағалау және ынталандыру әдістері қолданылады |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Іс-ірекет кезінде бір-біріне кедергі келтірмей, топтық ережені сақтайды, сыйластық қарым-қатынасын орнатады |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген