Материалдар / Ашық сабақ "Бутербродтар" ІІ курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Бутербродтар" ІІ курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бутербродтардың ассортименті және тамақтанудағы орыны, бутербродтардың дайындау технологиясы, сапасына қойылатын талаптарын, ұсыну бойынша біліктіліктерін қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2022
233
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

2

Топ:

ТҰ

Сабақтың нөмері

99

Мамандық

0508000 «Тамақтандыруды ұйымдастыру», 050801 2 аспаз

Модульдің атауы:

КМ 03. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып өнімдерді аспаздық жылумен өңдеуді орындау

Пәнні атауы:

Тағам дайындау технологиясы

Сабақтың тақырыбы:

Бутербродтар

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгеру

Мерзімі:


Ұзақтығы:

1с (45мин)

Сабақтың мақсаты:

Бутербродтарды дайындау ережелері мен ассортиментін зерттеу;

бутербродтардың түрлері бойынша кәсіби ой-өрісін кеңейту,

Сабақтың міндеттері:

Бутербродтардың ассортименті және тамақтанудағы орыны, бутербродтардың дайындау технологиясы, сапасына қойылатын талаптарын, ұсыну бойынша біліктіліктерін қалыптастыру

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі

Осы сабаққа қатысқаннан кейін әр студент:

- бутербродтардың тағамдық құндылығы мен ассортиментін, сапа талаптарын білу;

- бутербродтардың жаңа түрлері туралы білімді зерттеу арқылы кәсіби зейінің кеңейту;

- командада жұмыс істеу және қойылған сұрақтарға бірлесіп жауап беру;

- ұсынылған мәтіннен сұрақтарға дұрыс жауап табу;

- өздерін қызықтырған ақпаратты алу мақсатында сұрақтарды тұжырымдау;

- талқыланатын мәселе бойынша өз шешімін қорғауға және уәждеуге;

- білу білімдерін жүйелеуге қарай оларды оқып-үйрену, зертеу .

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:

Көрнекі-иллюстрациялық (презентация, бейнеролик), ауызша, көрнекілік материалдармен жұмыс, графикалық сызба, кесте, Madtest-интерактивті тест

Қажетті ресурстар

Оқулықтар, КЖ: ПК, интерактивті панель, бейнематериал, презентация, нұсқаулықтар және т.б.

Қосымша әдебиеттер

Г.Бесімбаева, Е.Бесімбаев «Аспаздық» оқулығы

Т.А.Качурина «Кулинария» оқулық. Бастауыш кәсіптік білім беруге арналған

Оқытушының байланысу ақпараты:

Аты-жөні:

Айтжанова А.К._____________________

(қолы)

Тел.:














Сабақтың конспект жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин)

Оқытушының әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқу ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

Ұйымдастырушылық

3

Білім алушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ білім алушылардың зейінін шоғырландыру. Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру. Алдың ала ерікті таңдау арқылы топқа бөліну. Спикерь таңдау.

Бағалау парағымен таныстыру

Зейінді болу

Белсенділік көрсету

Топтасу


Журнал, мультимедиялық жабдықтар, презентация

Бағалау парағы

Ақпараттандыру –бейімдеу

5

«Rama» жарнамасы туралы бейнероликті көрсету https://youtu.be/fKGOUi3bLwo ( студенттер бейнероликті көрген соң сабақтың тақырыбын аңықтайды)

Студенттердің білімін анықтау:

"Графити қабырғасы" (маркерлер мен үлкен постер қағаздарын қолдана отырып, студенттер графит қабырғасын өздеріне тиесілі ақпаратпен бояйды.

(1 қосымша)


Бейнероликті көру арқылы

тақырыпты аңықтау

Өз беттерімен ойлануға уақыт беру, жұптарымен өз әңгімелерін

құру.

әрбір идеяны тақтаға көрсету

белсенділік көрсету

өз идеяларын айту

Бейнеролик «Rama» жарнамасы


презентация

тақта. маркерлер

Білімді өзектілеу

10

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру арқылы білім алушыларды сабаққа дайындықтарын, зейінділіктерін арттыру; жұмыстың нәтижесіне қол жеткізу үшін мүмкіншілік беру; тапсырмаларды белсенді орындауға бейімдеу

Тақырып түсіндіріліп біткен соң

студенттер жасаған болжамдары, соңында сәйкестікті

салыстыру

мақсатты анықтау

Журнал, оқу құралдары

мультимедиялық жабдықтар, презентация

үлестірмелі қағаздар


Түсінуге жаттығу

15

Графикалық органайзер «Мергендік»:

Студенттерге тақырып бойынша үлестірмелі материал беріледі. (Қосымша 2)

«Teacher's menu» тапсырмасы беріледі және орындалады. Бұл тапсырма "Мейрамханада" деп аталады. Студенттер мүмкіндіктеріне байланысты "тағамдарды" таңдап алуына еркіндік беріледі.

Сұрақтары бар кесте түріндегі карточкалар (Қосымша 3 )

Орындаған тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сәйкес бағалау парағына қою



Әр студент тақырып бойынша жұмыс парағымен жұмыс істейді. Ортасына тақырыпты жазады, қалған сақиналарға, ішкі шеңберден бастап, толтырады.

Студенттер өзара пікір алмасып, жауаптарын салыстырады.

Студенттер карточкалар таңдау арқылы тапсырмаларды таңдап, орындайды.

Соңында талдау және өзін-өзі бағалау

Мультимедиялық презентация,

үлестірме материал

тапсырма берілген карточкалар


бағалау критерийлері

бағалау парағы

Сұхбаттасу және білімді жүйелендіру

5

Білім алушылар «Бутерброд» тақырыбына тест тапсырмасын https://madtest.ru/ арқылы тапсыру

Нәтжилерін аңықтау және жүйелендіру

Ұялы телефон арқылы ссылкамен кіріп, тест жұмысын тапсыру

Ойлану қабілеті

мультимедиялық жабдықтар, презентация

ұялы телефон

Сабақты қорытындылау және рефлексия

5

Оқытушының сабақты қорытыңдылап, талдау жүргізу. Студенттерге өзін- өзі бағалауға мүмкіндік беру, сенімділік көрсету.

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін!» сергіту сәтін ұйымдастыру:

  • Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

  • Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

  • Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

  • Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

  • Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! Рахмет.

Бірге талдау

Өзін-өзі бағалау

Рефлексияға қатысу

«Мен елімді сүйемін» сергіту сәтіне қатысу

мультимедиялық жабдықтар, презентация

журнал

бағалау парағы

Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

2

Жалпы тапсырма: оқытушының үй тапсырмасы туралы пікірі: бутерброд дайындаудың жаңа идеялары мен ұсыну ерекшеліктері туралы презентация дайындау

Іздену жұмысы Презентация дайындау

Ғаламтор желілері

Оқулықтар

(Қосымша 3)

«Teacher's menu»

«МЕЙРАМХАНАДА» тапсырма

Бірінші тағамдар (бірінші таңдау)

  1. Канапе дайындалуының, рәсімделуінің және пайдаланылуының сипатты ерекшеліктерін атап шығыңыз

  2. Жабық бутербродтарды (сэндвичтерді) дайындаудың технологиялық жүйелілігін жалғастырыңыз.

Нанды дайындайды →......................

  1. Ашық және жабық бутербродтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз Венн диаграммасы бойынша

Екінші тағамдар (екінші таңдау)

1. Мерекелік үстелге қызмет ету кезінде әртүрлі пішіндегі бутербродтарды безендіру тәсілдерін ұсыныңыз. Бутерброд дизайнының нұсқаларын салыңыз.

2.Бутербродтардың орындалу және сақтау мерзімдерін жазыңыз

3. Кестені толтыр: бутербродтар үшін нанның мөлшері

Нанды турайды

мөлшері

Ашық бутербродтар үшін


Жабық бутербродтар үшін


Тіскебасар бутербродтар үшін




Desserts (үшінші таңдау)

  1. Ыстық бутербродтардың дайындалу ерекшелігін сипаттаңыздар

  2. Бутербродтар дайындауға арналған өнімдерді және бутербродтың түрлерін атап жазыңыз



  1. Қарапайым ашық бутербродтарды дайындаудың логикалық тізбегін салыңыз






















(қосымша 2)

Shape1 Shape2

Shape3



Shape4

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!