400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Ц дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: _________________



Күні: 02.03.2017ж

Сынып: 1В

Пәні: Сауат ашу

Мұғалімі:Куандыкова Б.А.

Мектеп:№56 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы

Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Цирк

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Оқушылар дөңгеленіп тұрады.Оқушылар қимылды көрсетеді.

-Егер сендер мектепке көңілді күймен келсеңдер,оң қолдарыңды көтеріңдер

-Өздеріңе сенімді болсаңдар,сол қолдарыңды көтеріңдер

-Егер сендер бір-біріңді сыйласаңдар,,бір адым алға жылжыңдар

-Егер сендер өздеріңді патриот санасаңдар,екі қолдарыңды көтеріңдер

-Егер әлем адамдарға байланысты болса,қолдарыңнан ұстаңдар

-Бүгін сендердің тапқыр,аңғарымпаз болғандаріңды қалаймын


Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



-Балалар,бізге бүгін почташы шақыру карточкісін алып келіпті,Қарайықшы,сыртында үш тілде жазылған

Открытка-кәртішке-postal

-Балалар,мен бүгін ерекше кұн екенін сезіп тұрмын.Қазір ашып көрейін,ішінде не жазылған.

Құрметті оқушылар

Сіздерді циркке шақырамыз.


-Балалар ,жаңа қандай сөз естідік

-Цирк

--Қандай дыбыс

-Дауыссыз ,қатаң /Айнаға қарап айтқызу/

- Ол жерде аңдардың ойынын көруге болады.
- Онда сайқымазақ пен сиқыршылар өнер көрсетеді.
- Цирк сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Ц дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ц дыбысы орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қане, бәріміз тақтаға қарайық. Тақтадағы суреттерге қарап, сөздерді қайталау.
Цех, цирк, концерт, цифр, цемент, цистерна

Электронды оқулықпен жұмыс.


№1 Оқылым

Цирк – адамдарға ,балаларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын мәдениеті орын.

Концерт – алдын ала жасалатын улкен көрермен алдында қойылатын сахналық кеш.

Цемент- ұсақталған тас, қиыршық тас. Құрлыс материалдарының бірі. Сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар.

Тыңдалым

Аудио тындату

Бұл ойын қалай аталады? Ойын ережесі деген не? Ол ойының жүргізілу тәртібі.

Shape1

Есіңде сақта!

Ойынның аты болады. Ол ережеге құрылады. Ол ойынның жүргізілу тәртібі ме?









Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут


Сергіту сәті: «Ойлайық та, ойнайық!»

Көп нүктенің орнын ц әрпін қою

...ирк, кон...ерт, ... ех, ...емент, ...ифр,


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

«Кім тапқыр?» ойыны.

(Суреттерге назар аударып, атауында ц дыбысы бар суреттерді көрсет)

Жазылым

Ц әрпін әдемі жазып үйренейік. Ц әрпінің бас әрпі. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламынды қой. Солдан оңға қарай доға жасай отырып, тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасай отырып, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы ілгектен оңға қарай жылжып, қаламынды қой да тік төмен көлбеу сызық жүргіземіз де жазу жолының астыңғы сызығына жете бере оңға қарай доға жасап, астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Ілгекке жалғастыра төмен тартып бау байлаймыз.


Топтық жұмыс

1-топ:Дыбыстық талдау ЦИРК

2-топ:Цирк алаңы сурет салу,желімдеу

3-топ:Цирк тақырыбына әңгіме құра


Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі