400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Cиыр". 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздары үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1

Кадина Алтын Зекеновна

Бастауыш сынып мұғалімі

№ 65 ЖББ ОМ КММ

Қарағанды қаласы.





Әдебиеттік оқу. 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сиыр

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды сиыр малының пайдасымен таныстыра отырып, жырдың мағынасын ашу, оқушылардың өз ойларын көркемдеп жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту; 2. Алған білімдерін одан әрі арттыра отырып, тіл байлықтарын, ойлау, қорытынды жасау қабілеттерін одан әрі жетілдіру; 3. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланысты болып саналатын төрт түлік туралы жырды оқыта отырып, төрт түліктің пайдасын түсініп, оларды сүюге,оларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ топтық жарыс

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сипаттау, әңгімелеу т.б.

Көрнекілігі: Суреттер,

Қосымша материалдар: жұмбақтар, сөзжұмбақтар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қане, ұранымызды айтайық

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

- Енді балалар, топқа бөлініп жарысамыз.

- Бізге жеткен аңыздардағы батырлардың әйгілі аттары болған.

І топ Алпамыс тобы Байшұбарға мініп шабады

ІІ топ Қобыланды тобы Тайбурылға мініп шабады

ІІІ топ Ақан сері тобы Құлагерге мініп шабады Picture 10 Picture 5

2. Үй тапсырмасын тексеру: Әр топ өз тапсырмасын орындайды

1. «Торы құлын» жырын жатқа сұрап өту; (барлық топ)

2.

1 топ Топтастыру стратегиясы еті

Shape2

Төрт түлік пайдасы





терісі жүні


сүті

ІShape8 Shape7 Shape6 І топ Торы құлынды сипаттап жазу:

Shape9 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10


ІІІ топ «Кім тапқыр?» ойыны: Қай мал қайтеді?

Түйе ... Қой ...

Сиыр ... Жылқы ...

  1. Жаңа сабақ:

  • Ал, балалар, тақтадағы суретке назар аударайық. Бұл қай жануардың суреті? Сиыр туралы не білеміз?

(өздері үйде біліп келгендері бойынша сызбаға сиырдың қасиеттерін жазу)

Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14

Shape22 Shape21 Shape20

  • Халқымыз «Ел жатса да енекем жатпайды» деп сиырдың мүйізін жұмбақтаса, «Сиырдың сүті тілінде» деп мақалдаған екен. Бұл мақалда нені меңзеген деп ойлайсыңдар?

(Екінші мақалды оқушыларға оқытып, талдау жасатып, мағынасын аштыру)

2. Сиырлының үйі – айран, Сиырсыздың үйі – сырдаң.

  1. Оқулықпен жұмыс:

(Жырды дауыс ырғағын келтіре оқушыларға оқып беру, сөздік жұмыс жүргізу) талдау жасау:

І топ - Бұл жырда сиырды жырлапты? Сиырдың төлін қалай атайды?

ІІ топ - Сиырдың сүтінен қандай тағамдар дайындалады?

ІІІ топ - Кітапта берілген сызба бойынша сиырдың пайдасын әңгімелеп көрейікші

Picture 6 Picture 7

  1. Оқу түрлері:

а) Жырды оқушыларға іштей оқыту;

ә) Жырды тізбектеп оқыту; (Жырдың мазмұнын өз сөздерімен айтқызу)

6. Дәптермен жұмыс: Сиырдың пайдасын сызбаға түсіреді

Әр топ өз тапсырмасын орындайды

Жүнінен жасалатын заттар

Терісінен жасалатын заттар

Сүтінен жасалатын тағамдар

...

...

...

7. Сергіту сәті: Ойын: «Бұл қай жануар?» әр жануардың даусын естірту арқылы оның қай жануарға тән екенін табу.

8. Бекіту: Топтық жұмыс

І топ: Сиыр малына арнап жұмбақ құрастыру

ІІ топ: Сиыр малына арнап бір шумақ өлең құрау

ІІІ топ: Сиыр малына арнап мақал-мәтел құрастыру

Әр топ өздерінің топтық жұмыстарын қорғайды


9. Қорытынды:

І топ: - Сонымен біз бүгін қандай жырмен таныстық?

ІІ топ: - Сиыр қандай жануар? Сиырдың пірін, төлін қалай аталады?

ІІІ топ: - Сиыр туралы қандай мақал, жұмбақтар білесіңдер? Жырда сиырдың қандай мүшелерін атап айтқан?

«Дәмі қандай?» сипаттап жаздыру:

І топ: Сүт - ... (мысалы: ақ, сұйық, дәмді, пайдалы, айран, ірімшік, уыз жасалады)

ІІ топ: Құрт - ... (ақшылтым, қатты, ащы, сопақша, малта жасауға болады)

ІІІ топ: Ет - ... ( шикі ет- қызғылтым, майлы, піскен ет – дәмді, тұздалған, шұжық, т.б. тағам жасауға болады)


10. Үйге тапсырма: жырды жаттап келу, сиырдың суретін салу;

11. Бағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі