400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дала өсімдіктері мен жануарлары 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Мектеп: «Горный жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні:

24.01.17



Мұғалім: Иргазбаева Анар Кадирбековна

Сынып: 4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: Дала өсімдіктері мен жануарларымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі: тіршілік жағдайымен танысады.

Тірек сөздер:

Дала-степь-valley

Ресурстар:

Карта, гүлдер,кеппе шөптер,интер белсенді тақта, Блум ағашы

Сабақтың мақсаты:

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары








Дала –ормансыз жазық алқап. Дала-ылғалды,қуаң,шөл дала болып бірнеше түрге бөлінеді.

Қуаң даланың сәнге бөленетін көрікті кезі-көктем.Топырағы көктемгі қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып көз тартады. Көктемде даланы сары гүлді қазжуалар мен жауқазындар

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. «Жүректен-жүрекке» шеңбері

Оқушылар орындарынан тұрып, өлеңді бірге айтады.

Сурет салсам-гүл саламын,

«Гүлге толып тұрса алаңым»,-деймін мен.

Сурет салсам-күн саламын,

«Күндей күліп тұрса маңым»,-деймін мен.

«Болсын барлық баласы аман»,-деймін мен.

Сурет салсам- Адам салам,

«Қорған болсын маған,саған»,-деймін мен.

Е.Ашықбаев

Оқушылар шеңберде жиналып,барлығы бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Гүлдердің түстеріне қарай топтарға бөлу.

1-топ- ақ гүлдер.

2-топ- қызыл гүлдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбын ДЖИГСО әдісімен сұрау.

Қайықтың желкенін бояу арқылы бағалау.

«Шалғын өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбына құраған сөзжұмбақтарын қорғайды.

Оқушылар қайықтың желкенін үй тапсырмасын түсінсе желкенді жасылмен,қиындық туындаса сарымен,мұғалімнің көмегі қажет болса қызылмен бояйды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық картадан «жазық» жерлерді табу және қандай бояумен боялғанын көру.

Оқушылар интер белсенді тақтадан «Дала» ұғымына байланысты өсімдіктер мен жануарлар туралы көреді. Дала-степь-Valley.

  1. Джигсо әдісі бойынша тақырыпты 2 бөлімге бөлу. 1,2 нөмірлерін таратамын, сол нөмір бойынша мәтіннің бөлімдерін ғана оқу, танысуға тапсырма беремін.

  2. Сергіту сәті «Кел, билейік».

  3. Джигсо әдісінің екінші кезеңі

Сараптама тобын құру:

1-номер алғандар 1-топқа,

2-номер алғандар 2-топқа келіп отырып, бөлімдері бойынша талқылап, түсіндіреді.

Зерттеу жұмысы. Топтарға берілген өсімдіктер мен жануарлардың суреттері бойынша зерттеу.Қорытындысын талқылау.

Ой толғаныс. І топ. Дала өсімдіктері мен жануарларын қорғайтын қорықтар туралы картадан көрсетіп түсіндіру.

ІІ топ. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары, ерекшеліктері.


Ізден. Бақылау күнделігімен жұмыс. Даланың өсімдіктері мен жануарларын анықтап белгіле.

ІV. Сабақтың қорытындысы.


БББ кестесі


Білем

Білдім

Білгім келеді





V. Үйге тапсырма беру

«Дала өсімдіктері мен жануарлары» деген тақырыбын оқып, әңгімелеу. Өз ауылымыздың даласындағы өсімдіктер мен жануарларды жазып, реферат дайындау.

VІ. Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытынды бағамдау (рефлексия)

Сабақтан алған әсерін стикерге жазып, оқып, Блум ағашына іледі.





Иргазбаева Анар Кадирбековна

«Горный ЖББОМ»КММ

Байқошқар ауылы

Аягөз ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі