400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дәмді әрі пайдалы" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұнымен жұмыс жасайтын ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дәмді әрі пайдалы


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру

1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:дұрыс тамақтану туралы біледі; дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді; : Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ұлттық тағамдар түрлерін танып біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, Привет, Hello

Топқа бөлу.

І-топ: Қазақ халқы

ІІ- топ: Орыс халқы

ІІІ-топ: Өзбек халқы

ІҮ- топ: Татар халқы

Топ ережесін еске түсіру.

«Жемістер» арқылы бағалау


Шаттық шебері








Сабақтың ортасы

7 минут


«Сұрақтары бар қорап» әдісі

1. Ертеде адамдардың негізгі тағамы?

2.Ертеде адамдар қандай тағамды азық еткен?

3. Қазіргі кезде адамдар қандай тағамдар жейді?

4. Денсаулыққа қандай сусындар пайдалы?

Бейнетаспа

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:


  1. Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.


  1. Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.

  2. Тамақты шамамен қабылдау қажет.

Дұрыстамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда.

тамақтану – правильное питание – healthy diet.



Оқулық пен жұмыс



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Русланның суретін айту.

-Балалар Руслан неліктен ауырып қалды дер ойлайсыңдар?

-Сауығып кету үшін қандай көмек бере аласыңдар?


Қызықты тапсырма

5 минут



Мұғалімнің оқуы

Жеке жұмыс.

«ДЖОКЕР» әдісі бойынша оқу.

Оқушылар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады.Рисунок 156

Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.

Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.

ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;





Оқулық, дәптерлер.


Сергіту сәті

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы


15 минут


Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.

жаңғақ – орех – nut;

Дәптермен жұмыс.

Топтық жұмыс

І- топ. Қазақтың ұлттық тағамдары(.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт, тағы басқалар жатады.)

ІІ-топ. Тамақтану. ережесін құрастыру ( себетке салу)

·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

ІІІ- топ. Пайдалы тағамдар

ІҮ – топ. Зиянды тағамдар.

Дәрумендер

А дәрумені:
Мен сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамында боламын.
В дәрумені.
Мен бірнеше топқа бөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Мен бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қара нанның, еттің, балықтың, көкөністердің құрамында кездесемін.
С дәрумені:
Мен пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында боламын.
Д дәрумені:
Мен өте пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездесемін.Е дәрумені:
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда, жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп боламын

«Тез ойла» ойыны

Алма, айран, чипси, кола, жаңғақ заттарын көрсете отырып, денсаулыққа пайдалы және зиянын айту.

 « ия, жоқ» 
Мақсаты : Пайдалы тамақтарды атағанда « ия» деп пайдасыз тамақтарды атағанда « жоқ» деп айтулары керек.

Пайдалы тамақтар:

Балық, майы аз ет, айран, нан, өсімдік майы, сәбіз , пияз, орамжапырақ.

Зиянды тамақтар:
Кока кола, фанта, чипсылар, майлы ет, бәліштер, сникерс, тәтті нандар, шоколад. 



Сабақтың соңы

2 минут



1. Қандай тамақты күнделікті пайдалану керек?

2. Қазақстан халқы ежелден қандай халық екен?

3. жаңғақтың ішіндегі қандай жаңғақтар пайдалы?

Рефлексия

Блоб ағашы



Смайлик

тер

Сабақбойынша рефлексия

Оқушылардыңбарлығыоқу мақсатына жетті ме?

Жетпесенеліктен?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Сабақтың өзіндік талдауы: Сабақтың кіріспе бөлімінде жоспар бойынша тағамдар арқылы топқа бөлуден бастадым. Бүгінгі сабақта оқушылар топтың ішінде «Басбармақ», «Смайлик» арқылы бағаланатыным түсіндірдім. Осы іс- әрекетім арқылы мен өзара бағалауды көргім келді. Өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Сқрақтары бар қорап» әдісімен ережелерді қайталадық. Оқушылар деңгейлері бойынша сұрақтарға жауап беруге тырысты.

Тұсау кесер бөлімінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойландыру мақсатында сұрақтар қойылды . Интербелсенді тақтамен пайдалы тағамдар суретерімен танысты. «Шынжыр» әдісі бойынша мәтінді оқыды. Осы тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды. Балалар сұраққа дұрыс жауап беруге тырысты.

.Оқушылардың ой- өрісін кеңейту мақсатында әр топқа тапсырмалар берілді.Бұл тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Топтық тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты үнемді пайдалана алды. Берілген уақытты тиімді пайдаланды. «Тез ойла» ойны арқылы пайдалы және зиянды тағамдарды айтты.

Қорытынды бөлімінде «Стикердегі сұрақ» әдісі арқылы сұрақтар қойылды. Әр оқушы бүгінгі сабақ туралы өз ойларын айтты.

Өзара бағалап, пікірлерін айтады.

Осы арқылы жалпы оқушыларға ұнағанын білдім. Оқушылар топтық ережеге сәйкес олар бір-біріне көмектесті. Сабақтың соңында не үйренгені жөнінде рефлексия жасады

Келесі сабақта мәртебесі жоғары сұрақтарды қою керек деп ойлаймын.Сабақтың соңында оқушылардың жинаған смайликтері бойынша бағаланды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
662
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі