Сабақтың тақырыбы:
Даналарым. Т. Әбдірахманова.
Сабақтың мақсаты: тарихи тұлғалар жайында
түсінік беру.
Күтілетін
нәтижелер:
Пәндік
нәтиже: Өлеңнің мазмұнын түсіндіру
арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай
туғызу.
Жүйелі
іс - әрекет нәтижесі. Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылық
жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.
Тұлғалық
нәтиже: Өз елінің
мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.
Сабақтың
көрнекілігі: «Қазақ даналары» кестесі.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа
дайындықтарын тексеру. Үй жұмысын «лездеме сұрақтар» қатары бойынша
бақылап шығу.
Ол сұрақтар қатарын
оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болғаң соң
қызығушылық танытқан немесе «көршімді ойландырам» деген оймен туған
сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.
І. Қызығушылықты
ояту.
- Бүгінгі үй жұмысына
дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын
толықтырушы сияқтысыңдар.
Дана
сөзінің синонимін
атаңдаршы.

«Т» кестесін құру арқылы топтар жұмысын
ұйымдастыру. Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен,
оны «Даналарым» өлеңінен оқып білейік.
ІІ. Мағынаны тану.
Автор туралы мәлімет беру.
Керек дерек:
Тұрсынхан Әбдірахманова 1921
жылы 5 қараша бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке
деген жерде туған. Әке – шешеден ерте қалып, ағасының қолында
тәрбиеленіп оқыған.
Т. Әбдірахманованың еңбек
жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім,
мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде
бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі
болған.
Т. Әбдірахманова көптеген
орден, медальдармен марапатталған. 1984 жылы Қазақ ССР халық
жазушысы атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы
Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы
берілді.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп
оқуы.
-
Өлеңнің алғашқы үш жолын қайтара оқып, соған
жауап тауып көр. Үш саны туралы не айта аласың? (Тақ сан, есептік,
сан есім, киелі сан...)
-
Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей
аласың?
Керек керек:
Үш қуат:
-
Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл.
Үш жүз:
-
Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз.
Үш құсты өлтіруге болмайды:
-
Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз.
Үш адамның ниеті бұзық:
-
ТІРІК АЙТУ. 2. сӨЗІНДЕ ТҰРМАУ. 3. Аманатқа қиянат
жасау.
Адам Атаны жаратқанда жіберген үш
қасиет:
-
Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.
Үш нәрсе аз болса да, көп болады:
-
Қайыр – садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.
Үш жұрт:
-
Өз жұртың – күншіл. 2 . Қайын жұртың – міншіл. 3.
Нағашы жұртың сыншыл.
Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.
-
Алдыңғы толтырған кестеге қайтып оралу. Кімнің
аты аталмай қалды. Толықтыр.
-
Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты –
жөнімен дәптеріңе жазып ал.
-
Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. (Өмір сүру
кезеңдері мен еңбектеріне байланысты қосымша мәлімет беру. Бұл
оқушылардың алдыңғы орындайтын тапсырмаларына көмек болар
еді).
-
Бес арыс – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,
Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан
Жұмабаев.
-
Үш бәйтерек – Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин.
Сергіту сәті.
ІІІ. Ойтолғаныс.
RАФТ әдісі бойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып,
өзі таңдаған кейіпкерлердің атынан өзіне хат жазады.
Мысалы:
R- рөлі (Төле би)
А- аудиториясы (өзі)
Ф – формасы (хат)
Т- тақырыбы (өсиет)
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.