жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Даналық сөзден үйренмін
Бекітемін:
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: №264 мектеп-лицей |
||||
.Күні:07.11.2019 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтанбек Гүлшат |
||||
Сынып: 4«О» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|||
Сабақ тақырыбы |
Даналық сөзден үйренемін. |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.4.1Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді,шешендіксөздерді жән евербалды емес тілдік құралдарды қолдану 4.2.1.2 Шығарманы іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу 4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба ,диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Өлеңді талдап, зерттеп оқып, мақал-мәтелдермен түйіндей алады. Мақал-мәтелдерді сөйлеу барысында кеңінен қолданып, диалог түрінде ұсынады. Оқушылардың басым бөлігі: Суреттерге сәйкес мақал-мәтелдер таба алады. Кейбір оқушылар: Өлең мазмұнын сурет мазмұнымен салыстырады |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Жаңа топ құру Психологиялық дайындық Қазір 4 «О» класында әдебиеттік оқу сабағы. Балалар, бір –біріміздің алақандарымызды түйістіріп, алақанның жылуын сезініп, жақсы сөздер, тілектер айтайық. М: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Ендеше барлығымыз сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсетейік. Барлығыңызға сәттілік тілеймін. Бүгін бізде жаңа сабақ болғандықтан 3 тапсырма бойынша бағаланасыздар. Мақал-мәтелдер, өзіндік жұмыс, сұрақтармен-тапсырмалар бойынша бағалансыздар. Осы «Сәттілік» сөзіндегі әріптерден басталатын қандай мақал- мәтел білесіздер? ҚБ: смайликтер арқылы бағалау |
Гүлдер.
Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау, толықтыру жасау, бағыттау.
|
|||
Сабақтың ортасы
|
МК «Құрастыр айдары» бойынша Ұжымдық жұмыс.«Сырсандықтан мақалдарды» әр топтан бір баладан шығып таңдап, мақалды жалғастырады.
Білім-өмір шырағы.
Болжау әдісі бойына оқушылар мақал-мәтелдердің сабаққа қандай қатысы бар екенін болжайды.
ҚБ: смайликтер арқылы бағалау
Мақал-мәтел –
үлгі-өнеге ретінде айтылатын қысқа
әрі ұйқасты сөз. Ол – ауыз әдебиетінің
бір түрі. Мақалдың тақырыбы сан алуан.
Мысалы, еңбек, оқу, адамгершілік,
т.б. Топтық жұмыс ҚБ: смайликтер арқылы бағалау Жаңа сабақ М: жарайсыңдар, балалар, олай болса, барлығыңызға сәттілік тілеймін. Балалар, бүгінгі сабақта Болат Үсенбаевтың «Сөз мәйегі» тақырыбындағы өлеңімен танысамыз. М: Сөз мәйегі деген сөзді қалай түсінесіңдер ? М: Мәйек деген сөз- 1) жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын ұйытқы, қорытқы. Ауыспалы мағынада: белгілі бір нәрсеге арқау боларлық зат, ұйытқы деген мағынаны білдіреді. Ал сөз мәйегі – сөздің ұйытқысы, құндылығы деген мағынада айтылып тұр. Бұрынғы кезде ата-бабамыз сөзге тоқтаған халық болған. Шешен, билердің өзң дауларды сөзбен шешкен. Сөздің қандай түрлерін білесіңдер?
Болат Үсенбаев Өлеңді оқушыларға оқыту Сөздік жұмыс. Ақыл –ой мәйегі –бұл жерде ақыл-ой даналығы деген мағынада қолданылып тұр. Көр кеуде- оқымаған, надан адам. «Автормен танысу»айдары. Болат Үсенбаев -1955 жылы 24 наурызда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. Еңбек жолын құрылысшы болып бастаған. 1996 жылдан «Ақ желкен» журналының, қазір «Балдырған» журналы бас редактордың орынбасары. Алғашқы өлеңі 1971 жылы «Балдырған» журналында жарияланған. «Жеңеше» (2004), «Жүзік» (2008) жыр жинақтарыныңавторы. 3-тапсырма. Өлеңде мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні жақсыдан үйреніп , жаманнан жирену. 4-тапсырма «Өлмейтін даналық қалдырды »деген сөз-тәрбиелік мәні бар , құнды сөздер. Жұптық жұмыс. Суреттегі кейіпкерлерге қандай мақал –мәтел айтар едің?
ҚБ: смайликтер арқылы бағалау Жеке жұмыс. «Мақал-мәтелдердің маңызы» тақырыбында оз ойларын дәптерге түсіру.
ҚБ: смайликтер арқылы бағалау |
Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау, толықтыру жасау, бағыттау.
Ғаламтор желісі, ақпараттық анықтамалық әдебиеттер
Оқытудың белсенді әдістері
|
|||
Сабақтың соңы |
ІІІ. Қорытындылау М: Балалар, қазір «Ұтымды жауап» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты: әр әріптен басталатын сөз құрау арқылы бүгінгі тақырыптың мағынасын ашатындай қорытындылау. С Ө З М Ә Й Е Г І IV. Үйге тапсырма беру М: Үйге «Сөз мәйегі» мәнерлеп оқу, Б.Үсенбаев туралы қосымша мәлімет әкелу V. Бағалау М: Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын. |
Тапсырманы орындаған оқушыны ауызша мадақтау, толықтыру жасау, бағыттау.
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген