400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Дәнекерлеу жұмыстарының негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығының арнайы пән оқытушыларына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өндірістік оқыту сабағының жоспары № 21


Мамандығы: "Дәнекерлеу ісі" Күні: 25.10.2018ж.

Тобы: ГД-1-17

Бағдарлама тақырыбы: Дәнекерлеу жұмыстарының негіздері

Сабақтың тақырыбы:Қалың металдарды көп қабатты және көп жүрісті тігістерді орындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Пластиналардыпісіру жұмысына даярлау, қалың металдарды түйістіріп берілген өлшемдер арқылы дәнекерлеп жинауды үйрену

Дамытушылық: мамандыққа қызығушылығын, жұмыс орындарын ұйымдастыра білу және өз жұмысын жоспарлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тазалыққа, ұжымдық ауызбірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: өндірістік оқу

Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып, іс жүзінде көрсету

Сабақтың материалдық-техникалық жарақтануы: Пісіру аппараты, плакаттар, шлак қаққыш балға, болат щеткалар, метал кескіш электр құрылғысы (Болагарка), белгі салғыш, шатнген циркуль, сызғыш, балға және шапқы т.б.

Пәнаралық байланыс: Арнаулы технология, материалтану, электротехника

Көрнекіліктер: Слесарлық және дәнекерлеу құрал-жабдықтары, нұсқау картасы


Сабақтың барысы:

І. Кіріспе нұсқау:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, сыртқы кейпін, арнайы киімдерін тексеру

4. Тақырыпқа байланысты Қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ҚЕ журналына қол қойдыру

Дәнекерлеу ( пайка ) жұмыстары жүргізілетін орындарды бөлек бөлме- лерге орналастыру керек. Бөлме ішінің өңделуі, ауа жүретін жолдардың сыртқы беттері, жылу қондырғыларының, комуникациялардың сыртқы беттері жуып алуға мүмкін болуға қажет. Лазерлік пісіру жұмыстары жүргізілетін цех, бөлім арнайы жабдықталып бөтен адам кірмейтіндей, сыртқы есіктерді ішкі құлыппен жабылуы және қауіп белгісімен жабдықталуы тиіс. Бөлмелердегі табиғи және жасанды жарық шамасы СНжЕ-ге сәйкес болуы қажет. Жарықтандыруды жобалаған кезде ауаның шаңды болуына байланысты мөлшерге қосымша коэффициентті қосу керек. Жабық ыдыстар ішінде пісіру жұмыстарын жүргізген кезде жарық бағыттағышы бар шамдары немесе қорғағыш торлы, қолға алып жүретін17 шамдарды пайдаланады. Мұндайда автотрансформаторларды қолдануға тиым салынады. Пісіру аймағындағы ауадағы зиянды заттар мөлшері (ШРК) шекті рұқсат етілген коцентрациядан аспауы керек. Бөлме микроклиматы орташа жұмыс ауырлығына сай (II а және IIб), МЕСТ- ке сәйкес болуы кере

Өндірісте қауіпті жағдайды тудырмас үшін онда пайдаланылатын құрал- жабдық, құрылғыларға төмендегідей талаптар қойылады:

1. Құрылғыларды, жабдықтарды жобалау, құрастыру кезінде олардың қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жасалуы.

2. Өндірістік құрылғылар, оларды іске қосу, пайдалану, жөндеу, сақтау кездерінде қауіпсіз болып, қоршаған ортаға зиян әкелмеуі қажет.

3. Құрал-жабдықтың құрылғысы, қорғау, сақтандырғыш бөлшектермен жабдықталған, автоматтандыруға, механикаландыруға ыңғайлы, эргономикалық және көркемдік талаптарға сай болуы қажет.

4. Құрал-жабдық – оған сыртқы ортаның зиянды әсеріне төтеп беріп, жарылғыштық, өрт қаупін тудырмайтын болуы қажет.

5. Құрал-жабдықтың жасалған материалдары белгілі беріктік, төзімділік дәрежелерін қамтамасыз етіп, оны алыстан басқару, белгі беру, өлшеу аспаптарымен қамтамасыз етілуі керек

2.Білім алушылардың білімін тексеру, өткен сабақты қайталау.

Өткен тақырып:Таврлық тігістерді орындау

1. Таврлық тігістердің басқа тігістерге қарағанда қандай айырмашылықтары бар?

2. Таврлық тігістерге қойылатын басты талаптарды атаңыз.

3. Таврлық тігістерді пісірудің қандай жағдайларында орындауға болады?

4. Таврлық тігістерді орындағанда қандай қауіпсіздік ережелерін ескерген абзал?

3. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Кей жағдайда, қалыңдығы 8 мм-ге дейінгі бұйымдардың ернегіне V тәрізді етіп қиып бір жүріспен (бір қабат) тігісті орындайды. Ернек қалыңдығы үлкейген сайын тігісті бірнеше қабат етіп көп жүріспен пісіреді. Бұл жағдайда негізгі тігісті диаметрі 3-4 мм электродпен 3-5 мм биіктікпен түсіреді. Ал келесі қабаттарды пісіру үшін тігіс бойындағы металл шашырандалары мен шлактен металл щеткамен әбден тазалау керек. Үстіңгі беттегі тігіс сызығы толық толтырылған соң, бұйымды аударып негізгі тігістің бір ойық жерін тауып алып тазалап, содан соң оны құлыптап құйып тастау керек. Егер бұйымды екінші ьетіне аудару мүмкін болмағвн жағдайда бірінші негізгі түпкі тігісті мұқият түсірген дұрыс. Егер тігіс бірнеше қабатпен түсірілетін болса, онда оның сапасы негізгі бірінші тігісті орындауға тікелей байланысты. Металды пісіруге дайындау бірінші кезекте, оның ернектерін тігіс сызығынан екі жағына қарай 20 мм ендікпен әбден тазалаудан басталады. Пісіру бірікпесі берік болу үшін металдың қалыңдығына байланысты ернегін әр түрлі етіп қияды. Ернекті қиып жұқарту жұмысы, доға жылуын металдарды балқыту үшін толық пайдалануды қамтамассыз етеді.

Picture 1

Picture 2

Picture 1

1-8 жүріс сандары


4. Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Көп қабатты тігістерді орындаудың ерекшеліктерін атаңыз

  2. Көп қабатты тігістерді орындауда тігістердің қандай түрлерін қолданамыз?

  3. Көп қабатты тігістерді орындауда қандай электродтар пайдаланамыз?

  4. Көп қабатты тігістерді орындаудағы стандарттарды атаңыз.

  5. Көп қабатты тігістерді пісіргенде қолданатын құрал-жабдықтарды атаңыз.

  6. Көп қабатты тігістерді пісіргенде қауіпсіздік ережелерін атаңыз

ІІ. Ағымдағы нұсқау

Студенттердің тапсырмалары мен өз бетімен орындайтын жұмыстары

1. Жұмыс орындарын бөлу, тапсырманы орындау. Студенттердің жұмыс орнының ұйымдастырылуын, дайындығына көңіл бөлу.

2. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын тексеру, кейбір қабілеті төмен студенттерге көңіл бөлу. Барлық студенттерді бақылау. Жұмыс барысында кездескен қиындықтар кезінде студенттерге нұсқаулар беру.

3. Технологиялық үрдістің сақталуын тексеру.

4. Өзін-өзі бақылау жүргізудің дұрыстығын тексеру, студенттерге көңіл бөлу. Жұмыстарды қабылдап, кемістіктерін көрсетіп түзету. Белсенді студенттерге тапсырма беру.

ІII. Қорытынды нұсқау. -

1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.

2. Студенттердің жақсы жұмыстарын атап өту, көрсету.

3. Жіберген қателерін сипаттау, олардың пайда болу себептеріне түсінік беру.

4. Жабдықтарды жұмыс орны мен еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануды.

5. Студенттердің алған бағаларын хабарлау.

6. Үйге тапсырма:

Қалыңдығы 8 мм, қалыңдығы 10мм, қалыңдығы 12 мм болат металдарға ернектерін кесіп тігіс жасау

7. Жұмыс орындарын жинап, ретке келтіру.



Өндірістік оқыту шебері:_________________Д. М. Ташметов

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2019
2045
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12