400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дара бізде қонақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» «Бекітемін»

«Әйгерім» балабақшасының «Әйгерім» балабақшасының

әдіскері ___________ меңгерушісі___________

Н.Е.Омарова К.Ж.Жұманазарова

«__»____________2019ж «__» __________ 2019ж





Күні: 28.11.2019

Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: «Дара бізде қонақта» (Р ,Ғ дыбыстарын бекіту)

Мақсаты: Р әрпінің дұрыс артикуляциясын қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: құрамында р, ғ дыбысы бар сөздерді талдау.

Дамыту: балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Жасайды: тіл жаттығуларын, тапсырмаларды орындайды.

Түсінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстарды, түстерін.

Қолданады: логопедтің нұсқауын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: ой қозғау

Сөздік жұмыс:

Қолданған технологиялар: ақпараттық коммуникативтік технологиялар.

Заттық дамыту ортасы: интерактивті тақта

Билингвалды компонент: Ракета-зымыран


ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең

Балалар қонақтармен үш тілде амандасады.

  • Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі күнмен амандасып алайық!

Бүгінгі оқу қызметімізді жақсы көңіл-күймен бастайық!

Шаттық шеңбер:

Армысың алтын күн,

Армысың жер ана!

Армысың көк аспан

Армысың сен,

Армысың мен!

Балаларды логопед екі топқа бөледі: дауысты және дауыссыз дыбыстар тобы.

  • Қазыр жылдың қай мезгілі? (логопед тақта прожекторымен күз мезгілін жасырады)

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерін атайық?

  • Неше ай қонаққа келеді?

  • Күзде не жауады?

  • Әрине жаңбыр жауады.

  • Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

  • Ендеше алдымыздағы күзгі жапырақтарды терең тыныс алып үрлейміз!

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

Балалар біз қандай тіл жаттығуларын білеміз? Ендеше кезекпен орындайық!

  1. Сағат

  2. Кесе

  3. Саңырауқұлақ

  4. Ат шауып келеді.

Дарадан хат келіп, мектепке бару жолында түрлі кедергілерден өту жолдарын көрсетіп көмек берулерін сұрайды.



Қонаққа Дара келеді(Бейнетаспа ойналады). Әр топтың жауабын жұлдызшалармен бағалап отырады.

  • Балалар мені мектепке апарар жолда түрлі кедергілер күтіп тұр, маған көмектесесіңдерме? Иә!

1-ші «Сұрақ-жауап» өткелі. Балалар Дараға сұрақтардың жауабын табуға көмектесейік!

Балалар бейнетаспадағы әріпті дұрыс атап, буынға бөлсек, сұрақ-жауап өткелі бізге ашылады екен.

  • Рахмет сендерге балалар, келесі өткелімізді шешуге дайынсыңдарма? – Иә!

2-ші өткел «Орнын тап!» ойыны. Р дыбысының орнын тауып, артикуляциясын атау, дыбыстық талдау жасау. Мақсаты: фонематикалық қабілетін дамыту, сөзді дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.

-Тамаша балалар біз Дараға бұл өткелден өтугеде көмектестік!

Балалар өткелдерден өтеміз деп дараға көмектесеміз деп шаршап қалған сияқтымыз, ырғақпенен ән салып бойымызды сергітейік!

Логоритмикалық сергіту жаттығуы.

"Керік" логоритмикасы

Мысықтың үстінінің барлығы жұмсақ үлпек, үлпек,

Мысықтың үстінінің барлығы жұмсақ үлпек, үлпек.

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда


Керіктің үстінің барлығы теңбіл, теңбіл, теңбіл,

Керіктің үстінің барлығы теңбіл, теңбіл, теңбіл.

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда


Пілдің үстінің барлығы бүрме, бүрме, бүрме,

Пілдің үстінің барлығы бүрме, бүрме, бүрме

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда.


Зебраның үстінің барлығы жолақ сызық, сызық,

Зебраның үстінің барлығы жолақ сызық, сызық .

Маңдайда, құлақта, мойнында, шынтақта,

Мұрнында, ішінде, аяқта, табанда.





3-ші өткел «Әріптерден буын құра!» әріптер кассасымен жұмыс жұмыс. Мақсаты: балалардың оқу дағдысын қалыптастыру; сөздік қорын молайту;

4-ші өткел ПЛАСТИЛИНОГРАФИЯ ӘДІСІ . «Көңілді ермексаз!» ойыны.

Балаларды мадақтау, жеңімпазды анықтау!

Қорытынды.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі