400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дара және күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып қазақ тіліне арналған әдістеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Мектеп: №129

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жуманова Айсулу.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Қоршаған орта

Cабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік.26-30 жаттығулар.

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

2.2.5.1 - дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу.

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.5* - дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтайды.

Оқушылардың көбі жасай алады:

жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Дара және күрделі етістікті анықтайды.

мәтіннің мазмұнын болжайды.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау.

Жазылым бойынша ұсыныстар: қазақ тілі жаттығулар

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

  • Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті ажыратады.

  • Оқыған, тыңдаған материалдар бойынша жоспар құрады.

Құндылық

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, бейнелеу өнері,

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук.

Алдыңғы білім

Етістік

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



2 минут

2 минут

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Оқушылармен амандасу, сыныпты қалыпқа келтіру. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. «Ыстық лебіз» оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Топқа біріктіру. I , II, III , IV топ.

Үй жұмысын сұрау. «Идеялар дәлізі»әдісі арқылы алдыңғы білімдерін сұрақ-жауап арқылы бекіту.

Сабақтың ортасы

10 мин












4 мин

Сабақтың оқу мақсаттарын және тақырыбын түсіндіру. «Миға шабуыл»әдісі.

Ребус шешу арқылы анықталған сөздің дара және күрделі екенін анықтату.


26-жаттығу. Жұппен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктердің астын сызу.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Жақан Смақов

дескриптор

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды, негізгі ойды анықтайды.

  • Етістіктің астын сызады.

ЖБ. «Сұрақ қойып, жауап беру» әдісі арқылы Өлеңдегі негізігі ойды анықтау білігін бағалау.


АКТ





құстар суреті










2 мин


27- жаттығу.

Жаңылтпашты қатесін түзеп жаз. Етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажыратыңдар.

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

дескриптор

  • Жаңылтпаштың қатесін тауып, түзетіп жазады.

  • Етістіктерді тауып, дара не күрделі екенін ажыратады.

  • Граматикалық нормаларды сақтайды.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

4 мин



28- жаттығу. Топтық жұмыс.

Мәтінді түсініп оқып мазмұнын талдау.

Құстардың пайдасы туралы топта талқылау..


Құстардың тұмсығы дән шоқу, жаңғақ

шағу, жемістерді жұлу үшін қажет.

Кейбір құстар тұмсықтарын ұя салатын немесе тесік оятын құрал ретінде пайдаланады.

дескриптор

  • Мәтінді түсініп оқып мазмұнын талдайды.

  • Құстардың пайдасы туралы ойын анықтайды.

ТБ. Мәтіндегі негізгі ойды, тақырыбын анықтай алуын бағалау.

Оқулық

.

5 мин

29 - жаттығу.

Сыни ойлауды дамыту мақсатында «Детектив» әдісі бойынша өз аулаңдағы құстарға жасаған бақылау нәтижесіне сүйеніп әңгіме жазу.. Сонда байқағандарың туралы шағын мәтін құрап жаз.

дескриптор

  • Ауласындағы құстарға жасаған бақылау нәтижесіне сүйеніп әңгіме жазады.

  • Жұмыстарын топта жариялайды.

  • Граматикалық нормаларды сақтайды

«Екі тілек, бір ұсыныс» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалау . Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

5 мин





30- жаттығу.

не істеді? қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырып, себебін дәлелде.


Қайталады, саңқылдады, шықылықтайды, қиқулайды, киді, ойлады.


Дескриптор

  • Етістіктерге сұрақ қояды.

  • Оларды топтастырып, дәлелдеулер жасай алады.









Дәптермен жұмыс



Дескриптор


  • Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

  • Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазады.

  • Дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті ажыратады.

  • Граматикалық нормаларды сақтайды


Сабақтың соңы

Қорытындылау

Бағалау.

Үйге тапсырма

4 мин

Орындау. Бағалау

.«Кезбе тілші»әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту .

Оқушыларға ашық сұрақтар қою арқылы,нақты әрі дәлелдемесі бар жауаптар алу.

-Етістік дегеніміз не?Сұрақтары.Мысал.

-Етістіктер нешеге бөлінеді?

-Дара етістік дегеніміз не?Мысал.

-Күрделі етістік дегеніміз не?Мысал.

Сабақта игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында «Желкенді кемені » бояту.


Оқушыларды мақтау-мадақтау әдісі бойынша,күлегештер арқылы бағалау.

Үйге ереже жаттап келу.

30 - жаттығуды жай дәптерге жазбаша орындау.

Дәптермен жұмыс

Түрлі-түсті қарындаштар.








Қосымша ақпарат

Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Ұжымдық жұмыс. Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс. Жеке жұмыс. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, оқушыларды өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жауапкершілікті сезіне білуге үйретемін.

«Идеялар дәлізі», «Миға шабуыл», «Сұрақ-жауап», «Детектив», «Кезбе тілші» әдістері арқылы.Оқушыларды мақтау, марапаттау. Жұлдызша, смайликтер арқылы бағалаймын

Қаламмен жұмыс жасағанда абай болу.

Топтық жұмыс жасау барысында,

Сергіту сәтінде би қимылдарын жасағанда абай болу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
624
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі