400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дара және күрделі етістік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне ашық сабақ материалдары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспар



Қазақ тілі

2- сынып

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістік

Сабақтың мақсаты

Білімдік: Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі. Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды. Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.


Күтілетін нәтиже



Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір-бірінен ажыратады. Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылуын есте сақтайды. Топтық жұмыс жасауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.


Сілтеме

Қазақ тілі -2 сынып, «Атамұра» баспасы, http://www.youtube.kz


Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, стикерлер, А-4, кесте, жетондар, тірек сызбалары, плакаттар, монитор.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Топтық жұмыс, түсіндіру, диалог, АКТ, талдау және СТО технологиялары

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)


І топ өседі сөзі бойынша жеміс-жидектер тобын таңдайды, ІІ топ киеді сөзі бойынша киімдер тобын таңдайды,ІІІ топ ұшады сөзі бойынша құстар тобын таңдайды.

Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)


Етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады . Етістік ережесін айтады (үш топ мысалдар келтіреді) Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барысында тірек сызбасы арқылы жұмыстар жүргізу.

Жаңа сабақ (5минут)


Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен үзіндісі бейне таспадан көрсетіледі. Бейне таспа бойынша оқушының ойы тыңдалады.

Оқушылар үзіндіден етістікті табады. Тапқан етістікті күрделі етістікке айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын, ереже шығартамын.

Оқушыларға 375-жаттығуды ауызша орындау арқылы дәлелдетемін.

Бекіту (10 минут)

Көркем жазуға «Табиғат» сөзін жаздыртамын.

376- жаттығуды жаңа сабақты бекіту мақсатында тақтаға орындатамын. Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыртамын. Мысалы: Ұшты-ұшып кетті, ұшып барады, ұшып келді.

Сергіту сәті (2 минут)

АКТ қолдану «Ква-ква» би ырғағымен

Оқулық пен тақтамен жұмыс (5 минут)

Тақтаға 377- жаттығуды орындатамын. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрауға ұсынамын. Жазылған сөйлем ішінен етістікті тапқызамын. Етістіктің сөйлем ішінде келгенде баяндауыштың қызметін атқаратыны туралы мағлұмат беремін.

Шығармашылық жұмыс

(5минут)

Топтық жұмыс. Оқушыларға монитор арқылы бейне сюжет көрсетемін. Сол бейне сюжеттің желісі бойынша етістіктерді тапқызамын да, күрделі етістікке айналдыртамын.


Семантикалық карта бойынша жұмыс (5 минут)

Оқушының аты-жөні____________________________________


сұрақтар

сөздер

Зат есім

Жалқы есім

Жалпы есім

Етістік

Дара етістік

Күрделі етістік

Кесе

+


+




Қонды




+

+


Астана

+

+





Сатып алды




+


+

Сапырды




+

+


Шауып болды




+


+


Қорытындылау Бағалау

Үйге тапсырма (1 минут)


Сабақты сұрақ- жауап әдісі бойынша қорытындылау. Оқушыларды мақтау-мадақтау әдісі бойынша бағалау. Үйге ереже жаттап келу және 379 жаттығуды орындап келу.

Рефлексия

(2 минут)


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жапырақ стикерлерге жазып,ағашқа іледі.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі