Ашық сабақ "Дара және күрделі сан есімдер, емлесі" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Дара және күрделі сан есімдер, емлесі" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәндік нәтиже:сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау. Тұлғалық нәтиже: табиғатты сүюге тәрбиелеу, өз пікірін дәлелдеуге, өз ойын айтуға үйрену. Күнделікті өмірде алған білімін пайдалана алу. Жүйелілік-әрекеттік нәтиже: алған білімін жаттығу жұмыстарын орындағанда пайдалана алу. Күрделі сан есім құрамына талдау жасай алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 18.02.2016.


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «Ә» сынып

Пән мұғалімі

Суюндикова Г.А.

Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі сан есімдер, емлесі.

Сабақтың мақсаты:

Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру. Күрделі сан есімнің емлесін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Пәндік нәтиже:сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажырата білу. Дара, күрделі сан есімдерге мысалдар келтіру. Оларды қатыстырып сөйлем құрау.

Тұлғалық нәтиже: табиғатты сүюге тәрбиелеу, өз пікірін дәлелдеуге, өз ойын айтуға үйрену. Күнделікті өмірде алған білімін пайдалана алу.

Жүйелілік-әрекеттік нәтиже: алған білімін жаттығу жұмыстарын орындағанда пайдалана алу. Күрделі сан есім құрамына талдау жасай алу.

Әдіс-тәсілдер:


Ақпарат көздері:

4 сынып қазақ тілі оқулығы, электронды оқулық.

Бағалау әдістері:

«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Көрнекіліктер:

Интерактивті тақта, постер, маркер, слайд, электронды оқулық.

ДМ-7/26,ДМ-7/28, К-5/5

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Жұмыстың түрі:

Топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Кемеңгер ғұлама ақын-жазушыларымыздың тілі, туған ана тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Топқа бөлу

Сөз таптары: «Зат есім, сын есім, етістік» деп оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

Үй тапсырмасын тексеру

46-беттегі 5-жаттығу. Әр топтағы сын есімдерді толықтырып жазып, олардың мағынасын өзара салыстыр.

Үлкен, үлкендеу, үлкенірек, үп-үлкен, өте үлкен.

Қызыл, қызылдау, қызылырақ, қып-қызыл, өте қызыл.

Көк, көгілдір, көкшіл, көкпеңбек, қара көк.

-Ал енді осыған дейін өткен сөз таптарын қайталап өтейік.

«Топтастыру» стратегиясы.

-Әр топ өз атына сәйкес сөз табына топтастыру құрастырады.

Қызығушылықты ояту

Ойын: «Кім тапқыр?»

Мақал – мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

.... теңгең болғанша,....досың болсын.

Білекті ... жығады,білімді ... жығады.

Жігітке ... өнер де аз.

-Бұл сөздер қай сөз табына жатады?

-Ендеше сан есім туралы білетіндерімізді еске түсірейік.

Бүгінгі сабақтың ұраны:

Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

-Осы мақалдың мағынасын түсіндіріңдерші?

-Бүгінгі сабақта сендерге тек сәттілік тілеймін.


Мағынаны тану.

Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу.

Үү Үү

Үзінді үйеңкі үңгір үстел

Үлкенді сыйласаң, қадірлі боларсың,

Кішіні сыйласаң, құрметті боларсың.

Сөздік диктант

Бес, он сегіз, алты, жиырма жеті, екі жүз елу бір, төрт, тоғыз, тоқсан алты, бес жүз алпыс жеті, сегіз.

-Жазылған сөздер қай сөз табына жатады?

Плакаттағы кестеге көңіл бөлеміз.

Сан есім

Сұрақтары

Мағынасына қарай

Құрамына қарай


Қанша?

Неше?

Нешінші?

Нешеу?

Нешеден?

Қаншадан?

Реттік

Есептік

Жинақтық

Топтау

Бөлшектік

Болжамдық

дара

күрделі

екінші

оныншы

елуінші

т. б.

төрт

тоғыз

мың

т. б.

біреу

екеу

үшеу

төртеу

бесеу

алтау

жетеу

үштен

оннан

жүзден

т. б.

бестің бірі

алты жарым

ширек т. б.

екілерден

отыздардан

қырық екілерден т. б.

бес

төрт

алты

тоқсан

миллион

т. б.

он екі

елу бес

жүз сексен бес

екі жүз он т.б.

-Енді сөздік диктантта жазылған сөздерді дара және күрделі сан есімдерге жіктейік.

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Бес, алты, төрт, тоғыз, сегіз.


Он сегіз, жиырма жеті, екі жүз елу бір, тоқсан алты, бес жүз алпыс жеті.

-Осы сызбаға қарап дара және күрделі сан есімдердің ережесін құрастырайық.

-Енді құрылған ережеміздің ғылыми түрде дәлелін тек кітап арқылы көз жеткізе аламыз.

Ережені сызбамен түсіндіру

Shape1

Сан есім


Shape2

Shape3 Shape5 Shape4

Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөздің тіркесінен жасалады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.Мысалы: отыз сегіз, бес жүз елу бес.

Дара сан есімге бір сөзден жасалған сөздер жатады.Мысалы: бір, екі, үш, мың, миллион.








Топпен жұмыс. «Кім шапшаң?» ойыны.

Берілген әріптен басталатын сан есімдерді тауып айту.

«Зат есім» тобы: С – сексен, сегіз

«Сын есім» тобы: Т – тоғыз,тоқсан

«Етістік» тобы :А – алты,алпыс

Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу.

Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына көңіл бөл.

Екі, үш, екі жүз, үш, жиырма бес, он бес.

-Оқушылармен әр сөзді талдап,олардың неше сөзден тұратынын анықтап, сан есімдің қай түріне жататынын талдау.

Қамыс туралы мәлімет.

Қамыс – астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған тек Арктика мен Антарктидада кездеспейді. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс. Оның биіктігі 6 м. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады.

 Рисунок 2 Рисунок 3

Рисунок 4

2-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Дара, күрделі сан есімдерді тап.

Дара сан есімдер: бір, алты.

Күрделі сан есімдер: отыз үш,жүз елу.

Жолақ кит - теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді,  Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Қызыл кітабына енгізілген жануарлар қатарына жатады.

Қызықты деректер.

Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы — 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдіңөлшемімен тең.

Рисунок 3 Рисунок 4

3-жаттығу.

Сөйлемдерді оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.

Дара сан есім: жүз,

Күрделі сан есімдер: мың алты жүз тоқсан жеті, он екі мың, бес жүз жетпіс.

Пілдер – тіршілік ететін сүтқоректілердің ішіндегі ең ірісі. Піл жақсы жүгіреді және тік жарларға оңай шығады. Пілдер – тек қана шөппен қоректенетін жануарлар. Африкандық піл шөппен, жапырақпен, бұтамен, кейде жемістермен қоректенеді. Африкандық піл маусымға байланысты күніне 200 кг-дай азық жейді. Үнді пілінің тамақтану режимі африкандық туысына ұқсас болып келеді. Ол ағаштанған шөптесін – бамбукты; кейде қант қызылшасы мен күрішті жейді, соның нәтижесінде жер шаруаларымен қақтығыстар болып тұрады. Ересек жануар күніне 150 кг-дай жас шөпті азық етеді. Пілдер өте ұзақ тіршілік етеді. Үнді пілінің тіршілік ету ұзақтығы 15 жыл, ал африкандық пілдікі 12 жыл деп саналады.


Рисунок 2 Рисунок 3

Медеу мұз айдыны – Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен. Медеу кешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды.

Демалыс күндері конькимен сырғанау көптеген жылдар бойы тек тұрғындар емес, қала қонақтары үшін де жақсы дәстүрге айналған.

2016 жыл Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлаймыз. Сонымен қатар “Желтоқсан оқиғасына” 30 жыл және Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толады екен. Осы тарихи кезеңдердің барлығы біздің сүйікті қаламыз Алматыда бастау алған.

Алматы қаласының «Желтоқсан оқиғасына» Тәуелсіздік алғанымызға

1000 жылдығы 30 жыл 25 жыл

-Осы цифрларды дара немесе күрделі сандарға жіктейікші.

Қой - күйіс қайыратын жұптұяқты мал. Дүниежүзінің 170-тен аса елінде 650-дей қой тұқымдары бар. Қойларды жасына қарай қозы, марқа қозы, тоқты, ісек, тағы да басқа деп атайды.

4-жаттығу.

Төмендегі сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне топтап, сөзбен жаз.

Дара сан есім

Күрделі сан есім

9 – тоғыз

10 – он

5 - бес

588 – бес жүз сексен сегіз

45 – қырық бес

797 – жеті жүз тоқсан жеті

25 – жиырма бес

888 – сегіз жүз сексен сегіз


Сергіту сәті

«Көңілді күн» биі

Ойтолғаныс

-Балалар, бүгін біз сабақта не үйрендік?

Сызбамен жұмыс

нShape6 Shape7 ені білдіреді? Сұрақтары

Shape8

Сан есім


Shape9

мShape10 ағынасына қарай құрамына қарай


Семантикалық картамен жұмыс

Shape11 Сөздер

Сан есімдер

Екі,

үш

Он бес,

отыз алты

Бір,төрт,

жүз

Екі мың бір жүз

сексен тоғыз

Осы сандарды цифрмен жаз





Дара сын есімдер





Күрделі сан есімдер






Тест «Біліміңді тексер»

1.Сан есімдерді тап.

А.Жұмбақ,Жаңылтпаш

Ә.Саусақ,Алақан

Б.Алтыншы, Бес


2. Дара сан есімді тап.

А.Жиырма,отыз

Ә.екі жарым

Б.сексен үшінші


3.Дара сан есімді сөйлемді тап.

А.Мен төртінші сыныпта оқимын.

Ә.Айман он бірге толды.

Б.Жазушы он екі кітап жазды.


4.Күрделі сан есімді тап.

А.Алтыншы

Ә.Он бесінші

Б.Жүзінші


5.Сан есім дегеніміз не?

А.Заттың атын білдіретін сөз табы

Ә.Заттың іс – қимылын білдіретін сөз табы

Б.Заттың санын,ретін білдіретін сөз табы.


Үйге тапсырма

48 беттегі 5-жаттығу. Өрнектерді оқы, олардың мәнін тауып, сөйлем түрінде жаз. Олар қандай сан екенін айт.

Ережелерді жаттау.

Күнделіктеріне жазады.

Бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағалау.


Кері байланыс

«Даналық ағашы»

Стикерге жылы лебіздерін жазады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
4866
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі