400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дара және күрделі сын есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:07.03.2019 ж

Сыныбы: 4

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім

Сабақтың мақсаты : Сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып,дара және күрделі сын туралы түсінік беру.Жаттығулар орындату арқылы білімдерін бекіту.Дара және күрделі сын есімдерді басқа сөз таптарынан сөздерге сұрақ қою арқылы таба білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды іздемпаздыққа,шығармашылыққа,өз ойын тұжырымдап айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу,қоршаған ортаны,тірі табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы элементтері,топпен жұмыс

Сабақтың түрі:жарыс сабақ

Пән аралық байланыс: Дүниетану,бейнелеу,ана тілі

Сабақтың көрнекілігі: Әр топқа арналған үлестірмелі қағаздар,суреттер,интерактивтік тақта

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Сиқырлы таяқша сұрақтары:

1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

2.Етістік сөйлемде қай сөйлем мүшесі болады?

3.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

4.Зат есімнің тәуелденуі дегенді қалай түсінесің?

5.Неше септік бар?

6.Жаман-жақсы қандай сын есім?

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық Мына сөздер қай сөз табы?Айырмашылығы неде, не байқадың?

1.Көк,қою, ақ,қоңыр

2.Ақ сары, көк ала, қызыл ала

ІҮ. Электрондық оқулықтан.Дара және күрделі сын есім туралы ереже тыңдату.

Ү. Оқулықпен жұмыс

19-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз.Сын есімнің астын сыз.Оларды өзара салыстыр.Сонда не байқадың? Қандай мәтінге жатады? Қаз туралы не білетіндерін сұрау

«Кім шапшаң?» ойыны

20-жаттығу Әр топ берілген дара сын есімдерді күрделі сын есімге айналдырып жаз.

ҮІ. Жалғасын тап» ойыны.Қалып қойған сөздерді тауып сұрақ қою.

22-жаттығуды орындату

І-топ Жұмбақты шешу, сын есімідерді табу, сын есімді қатыстырып сөйлем ойлау

ІІ-топ Тақтамен жұмыс.Сын есімі бар керік туралы 1сөйлем жазу

ІІІ-топ Керіктің суретін салдыру( Бейнелеу өнерімен байланыстыру)

ҮІІ Сергіту сәті «Пантомимикалық ойын»(оқушының зеректігін жетілдіру, тіл байлығын дамыту)

-Керек балаларының қимыл қозғалысынан түсініп, оларға қамқорлық жасайды.Олай болса,біз де ыммен, қозғалыспен өз өнерімізді көрсетейік.

Ойынның шарты:Әр топтан 1 оқушы шығып,бетшеде жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимылмен көрсетеді. Басқа топтың оқушылары сол қимылды айттып,сын есімі бар сөйлем ойлайды.

Әдемі қыз өлең айтты.

Менің әжем қызыл ала сиырды сады.

Оқушы қызықты кітап оқыды.

ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма Суретпен жұмыс

(әр топ сурет бойынша күрделі сын есімі бар әңгіме құрастырады )

Маңғыстау табиғатымен салыстыру

ІХ.Ойлан тап

І-топ «Сематикалық картаны» толтыру

Тапсырманың түрі қара ала қызыл қалың-жұқа сұлу,әдемі

Мағанасы жуық сын есім

Қарсы мәндес сын есім

Дара сын есім

Күрделі сын есім

ІІ-топ Сызбаны толтыру

Бір ақ қоян секіреді.

(Қоян суреті)

аты қимылы сыны саны

қоян секіреді ақ бір

ІІІ-топ Сәйкестендіру тестісі

Х.Білімді жинақтау әдісі Ағаш үй құру

Денсаулық қандай байлық?/зор/

Бір сөзден құралған сын есім ..../дара/

Жақын-алыс қандай сын есім?

Сын есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?/екі/

Қоңырлау сөзі қандай сын есім?

Қандай бала арлы бала?

Заттың сынын,сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы?

Сын есім сұрақтары?

Сын есім құрамына қаншаға бөлінеді?

Оқушылардың өзі-өзі бағалауы.

«Қыран құсы» биіктен көрінем.

«Қарлығаш құсы» әлі де үйренем.

ХІ.Қортынды.

Білімді ұрпақ жолында, бір шаңырақтың астында бірігіп білім алайық.

Оқушылар білімін бағалау.

































«Б.Сейсекенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі


















Ашық сабақ


Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.


Класс: 4

Өткізген: Г.Сейтқазықызы




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі