Материалдар / Ашық сабақ Дара және күрделі сын есім 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Дара және күрделі сын есім 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
641
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Күні: .03.2018 Сыныбы: 4 «б» Мұғалімі: Бахитова Ж.У


Тақырыбы Дара және  күрделі сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:    Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру

 Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету

 Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,сауаттылыққа жетелеу.

Сабақтың түрі Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :Кестелер, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

1 Психологиялық дайындық

 -Сәлемдесу.

"Сәлем" деп амандасамыз қолымызбен,

"Сәлем" деп қараймыз көзімізбен,

"Сәлем" деп айтамыз аузымызбен.

"Сәлем! "

Қуаныш   сыйлаймыз    бәріңізге.

 Үй тапсырмасын тексеру:

Қызығушылықты ояту

Екі бағандағы қарамен жазылған сын есімдерді салыстыр.

Торы

Ажарлы

Ұзын

Торы ала

Аса ажарлы

Ұзын бойлы

Сын есім дара және күрделі болады.

   Дара сын есім бір сөзден жасалады:  сары,биік.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады:  сары ала, қара торы.

 Мағынаны тану

16-жаттығу.

Мәтінді көшіріп жаз.

Сын есімдердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?

Қаз –суда жүзетін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа, қызыл немесе қызғылт сары түсті болып келеді. Олар маңғазданып, аяғын теңселе басады.

Украинада арқасы мен мойны қара сұр, омырауы ақшыл сұр, құрсақ жағы ақ қаздар да кездеседі.

17--жаттығу.

Дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге айналдырып жаз

18 -жаттығу.

Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз


Деңгейлік тапсырма:

А- деңгей

егіз, жылтыр, әдемі лақ, көрші балалар, үлкен мән, кішкентай мүйіз. көмірдей қара лақ, тықыр жүнді лақ.

В- деңгей

Мақал – мәтелдерден сын есімдерді табу.
Тілі тәтті, діні қатты.

Жақсы кісі жығылса,
Жаман адам табылар.

Сабыр түбі – сары алтын.

С- деңгей

«Сыңарын тап» ойыны.

Терең- жұмсақ-

ыстық- жуан- адал-

Ой толғаныс

Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім ... (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)
Бағалау

р/с

Оқушының аты-жөні

16-жаттығу

17-жаттығу

10- жаттығу

Деңгейлік

тапсырма

Тест

     

13-12-5 11-10-4 9-8- 3





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!