2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ. Дара тұлға- Бауыржан Момышұлы. 7 сынып

Ашық сабақ. Дара тұлға- Бауыржан Момышұлы. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

7.9.«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі

Мектеп: «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ

«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 13.04.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Лекерова Арайлым Мукаметовна

Сынып : 7 Қазақ тілі

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дара тұлға- Бауыржан Момышұлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. 2.4.1- идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;

7.1.4.1- мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау;

7.3.3.1-мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түріндегі берілген процесті сипаттап жазу;

Сабақ мақсаттары

(Тақырыпқа байланысты сабақтың оқу, тілдік мақсаттары)

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннен негізгі ойды айта алады. Мәтіннің тақырыбын таба алады. Мәтінге қатысты сұрақтар құрай алады. (білу, түсіну)

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтап бере алады. Мәтін құрылымын салыстыра айта алады. Кейіпкер туралы тарихи деректер келтіре баяндай алады.

(қолдану, талдау)

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкер мінезіне сараптама жасайды, мәтін мазмұнындағы айтылған ойды бүгінгі күнмен қарастырады, мәтіннен алған әсерін сипаттайды, хат, өлең жазады. (жинақтау, бағалау)

Бағалау критерийі

(Оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар)

  • Мәтін мазмұнын жетік меңгеріп, кейіпкердің көркем шығармадағы образын дұрыс анықтап, табады. Кейіпкерге мінездеме береді. Кейіпкерді сипаттап жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Бауыржан Момышұлының көркем шығармадағы образдарын, типтерін анықтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: соғыс, жазушы, дивизия, гвардия, батальон, полк командирі, шайқас

Диалог құруға/ шығарма, хат жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Соғыс шындығы, жауынгер, жеңіс, Отан үшін, жау шебі, шабуыл, патриоттық, ерлік, батырлық

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Бауыржан Момышұлының соғыстағы ерлігі мен әскери педагогикаға қосқан үлесі туралы не білесіңдер? Неліктен оны «әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат» дейміз?

2.Жазушы Бауыржанның әдеби мұрасы және ол туралы жазылған романдар туралы не білесіңдер?

Жазылымға қатысты қажетті тіркестер:

1.Б. Момышұлының қанатты сөздерінің мағынасын түсініңдер, шылауларды тауып, оларды грамматикалық сипатына қарай ажыратыңдар.


Құндылықтарға баулу

Б.Момышұлы туралы оқыта отырып, Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6-құндылығы «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Тақырып бойынша алдыңғы білім









Сәлеметсіңдерме, оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше сабақ. 7 «А» сыныбының кезекті қазақ тілі сабағына біздің мектептің ұстаздары қонаққа келіп отыр. Сондықтан барлығымыз сабаққа белсене қатысып, білім қорымызды одан әрі кеңейтуді мақсат етейік.

-Амандасу, түгендеу, жақсы көңіл күйде болу, белсенділік таныту, сәттілік тілеу.

Қызығушылықты ояту. Психологиялық тренинг
«Сын есімдерден» оқушылар бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.
(Тақтадағы баспалдаққа қазіргі сендердің көңіл - күйлеріңді қай дәрежеде екенін белгілеңіздер.)
Топтастыру. (2 мин)

Сынып оқушылары топқа қағаздың артқы бетіне жазылған батылдық, ерлік, батырлық, қайсарлық сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді.

Мақсаты: Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Нәтижесі: Бірлескен әрекеттестікке түседі.

Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату.

Әр оқушыға кіру, шығу парағын тарату. Өзін-өзі бағалауын да осымен ірге толтырады. Жетістік баспалдағын ескере отыруларын айту.

Қалыптастырушы бағалау- смайлик, бас бармақ

С. «Кубизм» әдісі (5 мин) арқылы оқушылар өткен сабақ материалдарын пысықтауға арналған сұрақтар қойылады.

ҚБ: смайликтер

Мақсаты: Алдыңғы білімді естеріне түсіріп, білімдерін молайтады.

Бағалау критерийі:

-Өткен сабаққа шолу жасай алады.

-Осы тақырыппен байланысын ажыратады.

-Бүгінгі сабаққа қатысты ойларды толықтырады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин.


Көрініс көрсету

Видео алдында сұрақтар қою

С. Б. Момышұлы туралы деректі фильм көрсету. (1 мин)

ҚБ: бас бармақ

https://www.youtube.

com/watch?v=qTji3D-ti6M


Сабақтың ортасы

24 мин.










Тапсырма 1

Т. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма

1-топ Хронологиялық кесте

2- топ Ассоциограмма

3-топ 3-абзац кластер

4 топ 4,5- топ кластер

Тапсырма 2

Ж. 3-тапсырма

ҚБ: Бағалау парағы, бас бармақ


Сергіту сәті. «Балалар шығармашылығы»

Тапсырма 3

Көрмемен таныстыру. «Бауыржан Момышұлы әлеміне саяхат»

А 3 парақ қағаздар, оқулық, дәптер











Кітап көрмесі



Сабақтың соңы

10 мин

Тапсырма 4

Сабақты бекіту. Сұрақтар қою

Кері байланыс. Рефлексия (5 мин)

«Жетістік баспалдағы, Бағалау терезесі»


Бағалау. Үйге тапсырма (5 мин)

Сабақ барысында оқушыларды белсенділігі бойынша бағалайды. Топ басшысы бағалау парағын қайта бір тексереді, мұғалімге тапсырады.

5- тапсырма, 145 бет


Саралау - Сіз қандай тәсілмен қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Тапсырмаларды жүйелі түрде, сыныптың оқу деңгейіне сай бере отырып, жырдағы кейіпкерлер бейнесін ашуға, образдарын жасаудағы тәсілдерге мән беруге бағытталады. Мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап беруге жағдай жасалды.Оқушылар бірін-ббірі оқытады.Білім деңгейі төмен оқушыларға қабілеті жоғары оқушылар мен мұғалім тарапынан қолдау көрсетудң қарастырдым. Сараланған тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай беру жоспарланған.

Қалыптастырушы бағалау «Бағалау парағы» әдісі арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асырылады.



Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау. Егер зейіндері шоғырланбаса, қажеттіліктеріне сәйкес ойсергек өткізу.

Топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаутуралы ескеріледі.

Тарихымызға қатысты болғандықтан, Қазақстан тарихы пәнімен байланысады. АКТ-дан үзінді мен тапсырмалар ұсынылады.

«Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығын жетілдіруге бағытталады.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1:Сыни тапсырмалар

2: бірлескен жұмыс

Сабақ барысында мен сынып емес жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. сөздік қорларын толықтыру.

2. сыни ойлауға машықтандыру







Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1

Бөлім

Тақырып

Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Орхон ескеркіштері «Күлтегін» жыры


Оқу мақсаты

7. Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Ойлау дағдыларының

Деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Өзіне ұнаған тұсын жазады, үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, авторға хат, бір шумақ өлең жазады.

Тапсырма

Тапсырма 1.

Бірінші бағанға өлеңдегі өзіне әсер еткен үзіндіні жазады.

Екінші бағанға үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, хат немесе бір шумақ өлең жазады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Өзіне ұнаған тұсын жазады, үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, авторға хат, бір шумақ өлең жазады.

Өзіне ұнаған тұсын жаза алады, үзіндіден алған әсерімен авторға хат немесе бір шумақ өлең жаза алады.







29 Қаңтар 2019
6569
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі