жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Дәрумендер" балабақша
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Дәрумендер»
Мақсаты:
Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы жайлы түсіндіру.
Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау қабілетін дамыту.
Сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып жаттықтыру және еңбекке баулу.
Көрнекіліктер: Жемістер мен көкеністертің суреттері.
Сөздік жұмыс: жемістер, көкеністер, дәрігер, дәрумендер.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.
Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Қайырлы таң, балалар, Қайырлы таң, апайлар. Тәрбиеші балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қояды. - Балалар, қазір қандай жыл мезгілі? - Күзгі ауа райында қандай өзгерістер болады? |
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
- Күз мезгілі. - Суық болады, жаңбыр жауады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Сергіту сәті.
Дидақтикалық ойын. |
- Балалар сендер күз мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер. -Суықта тоңып ауырып қалмас үшін, біз дәрумендер жеуіміз керек. Ал дәрумендерді қайдан алатынымыз туралы айтамыз. Оларды көкөністерден, жеміс-жидектерден аламыз. - Жемістер қайда өседі?
- Көкөністер қайда өседі? - Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізде, көкөніс пен жемістердің адам денсаулығына пайдасы жайлы біліп, қажеттілігін айтамыз. Суретпен жұмыс. - Балалар мына суреттердегі жемістерді атаңдаршы? /көрсету/ - Ал енді көкөністерді атаңдар? - Бұл жемістер мен көкөністердің біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет, өйткені бұларда дәрумендер көп. - Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз. Мысалы: «А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар. «В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен. «С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі. «Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде . Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді. - Балалар, жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме? - Балалар, бүгін бізге дәрігер апай келіпті, балабақшадағы топтарды аралап денсаулығын тексеріп жүр екен. Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Дәрігер: балалар қазір күз мезгілі, тұмау жүріп жатқан кез, өздеріңді қалай сезінесіңдер? Дәрігер: Балалар сендердің топтарыңда ауырып қалған балалар жоқ па? Дәрігер: Сендердің көңіл күйлерің, денсаулықтарың да жақсы екен. Сендер таза ауада көп серуендеп, түнде жақсы ұйықтағандарың көрініп тұр. Деніміз сау болу үшін көкөністен жасалған тағамдар жеуіміз керек, жемістерден жасалған шырындар ішіуіміз керек, спортпен айналысуымыз керек, тазалық сақтау керек. Дәрігер: Сендер қандай сергіту жаттығуларын білесіңдер? Маған көрсетіңдерші? Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Бойымызды жазайық. «Ғажайып қалта». Ойыннық шарты: қалта ішіндегі жемістерді аттарын, түсін айту керек. |
- Жемістер ағаштарда өседі. - Бақшада өседі.
Балалардың жауаптары.
Балалардың тақпақтары
- сәлеметсіз бе, апай. - жақсы.
- жоқ.
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
Рефлекциялық-түзетушілік |
Сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мақтап,мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар екенін және қандай тағамдарда болатынын біледі;
Игереді: жемістердің өзіне тән сипаттарын анықтай білуді ;
Меңгереді: Жемістердің құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін ;
Мустабекова Эльмира Берикболовна
МКҚК «Балдырған» балабақшасы тәрбиеші
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Жетысу ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген