400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дәрумендер біздің досымыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға дәрумендер және оның денсаулығына тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, сөздік қорын молайту. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Дәрумендер біздің досымыз

Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулығына тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көкөністер мен жемістердің суреттері.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендердің келуі. Жұмбақтар шешу, мақал-мәтелдер айту.

Шаттық шеңбер: Шуағын шашады, күн шықса жиектен Жылу алып нұрынан, денсаулықты түзеткен. Денсаулық- ол күлуің, көңіл-күйің жадырай, Денсаулық – ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.

Балалар осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс- әрекетімізде дәрумендеріміз денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз. Дәрумендер дегеніміз не? Орыс тілде қалай айтылады? Дәрумен-Витамин. Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әр-түрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.

Біздің күнделікті ішіп жүрген тағамымыз жайлы айтып өтейін.

Тамақ ішсең күнде сен Белгілі бір мезгілде Таңертең, түстен соң Жатар алды кезінде

Біз тамақты не мезгіл ішуіміз керек екен?

4 мезгіл: таңертең, түс, түстен соң, және де жатар алды кезінде.

Дұрыс

Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумендердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым.( Осы кезде есік қағылып, дәрумендер қонаққа келеді.)

Сәлеметсіздер ме балалар.!

Сәлеметсіздерме дәрумендер!

Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте , қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарыңда қолданған балдардың көздері жақсы көреді. Бойларыңа күш-қуат беремін.

Ал, мен «В» дәруменімін. Мен балықта ,картопта, асбұршаққта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. В дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп жақсы жүгіретін болады.

Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқа да, балықтың майында, сүт тағамдарында боламын. Мені қолданған балаланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де сүйектерің мықты болып өседі.

Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алма, лимонда, апельсин, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды.

Денсаулықтарың мықты болу үшін бізбен дос болыңдар!

Дәруменде біз туралы не білесіңдер деп сурайды.

Біздің балдар дәрумендер туралы тақпақ біледі.

Тақпақтар:

Шапағат: Дәрумендер тірегің А,В,С,Д, Е деп аласың Жетіспесе бірі оның Ауырып сен қаласың

Нұрсылтан: А-С қажет көзіңе В-С қажет жүйкеге С-дан микрап безінер Д-сүйекті нығайтар

Ақнұр: А-болады асқабақ Өрік айран салатта В- балық, картоп, асқабақ Сиыр еті жаңғақта.

Дастан : С-апельсин, алмұртта Д- балық майында Е-қарақаттан табылар

Жарайсыңдар балалар! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Тапсырманың аты «Бөліктерді құрастыр» Балалар тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген. Сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап бересіңдер. Бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.

Жұмбақ шешу:

1-ші бөліктегі тапсырма:

Бұйра шашы желмен ойнап тұрады Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады (Сәбіз)

2.Қалың киімді ұнатады Шешіндірсең жылатады. (ПИЯЗ)

Қараңдаршы балалар сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістердің бір бөлігі ашылды.

2-ші бөліктегі тапсырма: Мақал-мәтел:

Ас – адамның арқауы

Дені саудың жаны сау

Тазалық денсаулық кепілі

Денсаулық зор байлық.

Жарайсыңдар балалр осы тапсырманы да тез орындадыңдар. Ал қараңдаршы, жасырылған жеміс қай жеміс екен? Алма

Балалар алма жемісінде қандай дәрумендер бар? Біздің ағзамызға қандай пайдасы бар?

Алма С дәрумені бар. Алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан аулақ боламыз. Жарайсыңдар. Алманың пішіні қандай?

Дөңгелек

Түсі ше?

Жасыл.

Балаларға тақтадағы жемістер мен көкөністердің бірнешеуін сипаттап береді. Орысша атауларын да айтады. Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуларын жасапйық.

Жалқаулықты тастаймыз

Жаттығуды бастаймыз

Шынығамыз жастай біз

Қиынсынып қашпаймыз

Иілеміз оңға бір

Иіліеміз солға бір

Қимылдайды әр сәтте

Аяқта бір, қолда бір.

Ойын: «Дәмін татып, қай жеміс екенін ата?»

Рахмет балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар. Енді келген қонақтарға өз шеберлігімізді көрсетейік.

Балалар екі топқа бөлініп, ұжыммен алмұртқа жіңішке таяқшаларды тыға отырып кірпімен жасайық. Алдын ала жіңішке таяқшаға жүзім ққыстырып дайындап қою керек. Сол дайын таяқшаны балалар ретімен алмұртқа қыстырып шығады. Үлгіде көрсетілгендей етіп жасау керек.

Балалардың еңбегін бағалау, мадақтау. Келген қонақтармен үш тілде қоштасып, жасаған жұмыстарын бірнешеуін келген қонақтарға сыйға ұсынады.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Дәрумендердің адам ағзасына пайдасын, олардың қандай тағамдарда болатынын білу керек.

Болуы керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі.

Қолынан келуі: Тапқырлығы, ұйымдылдығы, шеберлігін шыңдауы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
8153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі