15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: Дәрумендердің пайдасы.
Көкіністер әлемі
Бекітемін:
Күні.айы.жылы:28.10.2016ж
Мақсаты:Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып,табиғатты қорғауға,жемістермен көкіністерді ажырата білуге,оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу.Берекелі күз туралы мағлұмат беріп,такпактары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көрнекілігі:Саз залы мерекге сай безендірілген ,ағаштар,түрлі түсті жапырақтармен толықтырылған.
Жүргізуші:Сәлематсыздарма құрметті ата аналар,тәрбиешілер,және кішкене бөбектер.
«Еркетай »тобының «Көкіністер әлемі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Кездескен соң күзбенен
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Жүргізуші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?ауа райы қандай болады? Не жауады? Жапырақтар жерге түсе бастайды,жапырақтардың түсі қандай болады?көкіністер қайда өседі?
Балалар:Күз мезгілі,салқын,жаңбыр жауады,жапырақтардың түсі сары,қызғылт сары болады,бақшада өседі.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,олай болса Күз ханшайымын ортамызға шақырайық.
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді).
Күз ханшайымы:Сәлематсыңдарма балалар?
Балалар:Сәлематсызба.
Күз ханшайымы:
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам.Армысызңдар,тәрбиешілер кішкентай бүлдіршіндер.
Жүргізуші:
Шоғы толган гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын күз
Сайрандаған күліп ойнап,
Келді міне Алтын күз.
Күз ханшайымы:Балалар қандай әдемісіңдер.Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Күз:
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе сары.Бұл не?
Балалар:Жапырақ
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар.Балалар қандай әдемі көкіністерді бар екен.
Жүргізуші:Олай болса,Күз ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміздің такпақтарын қабыл алыңыздар.
1.Аңсаған
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен Қызанақ
Күнге қарап ұялып.
2.М.Бақдәулет
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
3.Назерке
Өсем бақша бауында
Қатты ұқсаймын қауынға.
Жемек болып шекідей
Күлкі болмай қауымға.
4.Жұмагүл
Кім білмейді шалқанды
Талайлар маған таңқалды,
Бәріне сый боламын
Тауып көр меннен дарханды.
5.Қарақат
Көрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын
Ерте үзіп алма.
Жүргізуші:
Көкіністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар.
Жүргізуші:Балалардың орындауында «Күз келгенде» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар.Ендігі кезекті Киярмен Қырыққабат ертегі сінің қойылымын қабыл алыңыздар.
Автор:Ерте,ерте,ертеде Қырыққабатпен Қияр дос болыпты.Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келеді.Қияр шешініп,суға жүзе бастайды.
Қырыққабат бір- бірлеп ,қабат –қабат, көйлегін шешкенше,күнде батып кетеді екен.Су ішінде тоңып тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті.Қиярдың қабығындағы бүршіктер,міне содан пайда болған екен.
Мен Қиярмын-асқабақ тұқымдас,бір жылдық көкініс дақылымын.Пайдам өте зор.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өсемін.Бірақ суыққа төзімсізбін.
Ал,мен Қырыққабатпын-Қауданы тамаққа пайдаланатын бақша дақылымын.
Жүргізуші:Олай болса балалар қияр,қырыққабат бәріміз көкіністер биін билейік.
Қонаққа әженің келуі:Сәлематсыңдарма балалар?туанау бақшадан келемін,белімде ауырыңқырап тұр еді,мына жақта не болып жатыр,балаларымда өте әдемі киініп алыпты,мына жерде қызанақ,картоп,сәбіз,асқабақты көріп тұрмын.
Балалар:Амандасады.
Жүргізуші:Әжей беліңіз ауырған болар тонау бақшадан келесізғой,орындыққа отырып,жайғасыңыз.
Жүргізуші: Әжей біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын қабыл алыңыздар.
1.Инжу
Иісін жұпар аңқыған
Бақшадағы шырынмын.
2.Омар
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды,
Қоянғада азықпыз
Сәбіздерміз жазықсыз.
3.Данияр
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде,
Жаңа піскен күйімде
Жейді бәрі сүйсіне.
Жүргізуші:Балалармен ойын«Көкіністерді»ажырат.
Жүргізуші:Балалар бір дыбыс естілетін сияқты, сол кезде жаңбырмен желдің дыбысы естіледі.
Залға жаңбыр киімін киген балалар өз өнерлерін көрсетуде.«Жаңбыр»биі
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,өте өнерлі екенсіңдер.
Залға кенет қоянның келуі:
Қоян:Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар:Салеметсізбе
Қоян:Мында не болып жатыр?Мен сендерге қонакка келдім,
Қыс мезгіліде жақындап қалды маған сәбіз теруге көмектесесіңдерме?
Олай болса Кім шапшаң ойынын ойнайықшы.
Ойын шарты: Екі топтың бөліп себетке сәбізді толтырамыз.Балалар сендерге рахмет,маған қысқы азығымды жинап бердіңдер.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,олай болса тәрбиешілермен ойын ойнап көрейк.
Ойын:«Күз бейнесін салу»
Шарты:Дайын қағазға күздің бейнесін айынпай әдемі салу және түсіндіріп айту.
Сән үлгі көрсету.
Ертеңгілікті аяқтау.
Құрметті ата аналар,тәрбиешілер осымен Еркетай тобының Көкіністер әлемі атты ертеңгілімізді аяқтай отырып,отбасыларынызға амандық тілейміз.
«Өркен»ясли балабақшасы
«Көкіністер
әлемі» ертеңгілігі
I кіші «Еркетай» тобы
Тәрбиешілері: Жұмасатова Н
Құдасбекова Ү

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген