жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Дәрумендердің пайдасы" 7 сынып
2 наурыз 2020 жыл
|
Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, М. Атымов атындағы № 6 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туганбаева Улболсын Салауатовна |
||
7 - сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Ұзақ мерзімді жоспар VIII бөлім Дұрыс тамақтану,гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар
|
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендердің пайдасы |
||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану
|
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық білім алушылар тыңдалым тапсырмасын түсінеді,одағай түрлерін ажырата біледі,жеміс-жидектердің пайдасын біледі. Білім алушылардың көбі одағай түрлерін ажыратып,қолданады,жеміс-жидектердің құрамындағы дәрумендер туралы біледі. Білім алушылардың кейбірі одағай түрлерін орынды қолдана отырып, жарнама мәтінін құрай алады. |
||
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады Одағай түрлерін ажырата біледі,орынды қолдана алады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:ГМО,одағай,көңіл күй,шақыру,жекіру одағайы,витаминдер. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша,қорыта айтқанда.зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек Талқылауға арналған сұрақтар: Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар дегенді қалай түсінесіздер? Қандай тағамдар гендік өзгеріске ұшырайды деп ойлайсыздар? ГМО-ның әсеріне ұшыраған тағамдар қаншалықты зиянды? |
||
Ойлау дағдылары ның деңгейі |
Қолдану дағдылары |
||
Бағалау критерийі |
Одағай түрлерін ажыратады Сөйлемде орынды қолданады |
||
Құндылықтарға баулу |
Зайырлы қоғам және жоғары руханият Дұрыс тамақтану жолдарын түсінеді |
||
Пәнаралық байланыс |
«Биология» пәндері
|
||
Алдыңғы оқу |
Ұлттық тағамдардың пайдасы туралы біледі. |
||
Ишара |
Бас изеу, құптау ишаралары |
||
|
ЖОСПАР |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелер) |
Ресурстар
|
|
Сабақтың басталуы |
І. Ұйымдастыру. 2.Қызығушылықты ояту. Оқушылар дәрумендердің түрлері бойынша 3 топқа бөлінеді.Соған сәйкес сабақ тақырыбын болжайды. І топ: «А»дәрумені ІІ топ: « В»дәрумені ІІІ топ: «С»дәрумені «Ойтүрткі»сұрақтары 1.Дәрумен дегеніміз не? 2.Дәруменнің қандай пайдасы бар? 3.Дәруменнің қандай түрлері бар? 4.Адамның ағзасында қандай дәрумендер болады? Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі танысты- рылады.
|
Г.Қосымова, Р.Рахметова, «Қазақ тілі» «Атамұра» баспасы, 2017 |
|
Сабақ ортасы |
Тыңдалым алды тапсырмасы Мәтінді мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап беріңіз. Дәрумендердің пайдасы Адамның толып,семіздікке душар болуына шектен тыс тоя тамақ ішу әсер етеді.Диетолог-дәрігерлер күнделікті дұрыс тамақтануға қажетті тағам түрлерін алты топқа бөледі.Ағзаға қажетті ақуыз,май,көміртегі,дәрумендер мен минералды тұздер сүзбе,сүт,қаймақ,айран,ірімшік,құрт,құрғақ сүт,қымыз,шұбат тәрізді тағамдарда мол болады.Ет,шұжық,балық пен жұмыртқаның құрамында өте пайдалы ақуыз бар.Олардың құрамында ақуыздан басқа майлар,көміртегі,дәрумендер,минералды тұздар да бар. Күніне бес жүз гр сүт немесе айран ішіп,жүз елу,екі жүз гр ет жеген адам ағзаға қажет бір тәуліктік ақуыз алған болып есептелінеді.Осылайша майды,түрлі дәрумендерді,минерал тұздарын,көміртегін ескере отырып,тағамдардың түр-түрін әзірлеуге болады. Жаз,көктем және күздің алғашқы айларында ет азырақ пайдаланылады.Етті шамадан тыс,әсіресе жатар алдында көп жеп,сорпасын ішу бүйрек пен жүйке жүйесіне,бауырға ауыр соғады.Жеген етті қорыту үшін асқазаннан мөлшерден артық сөл бөлініп,оның соңы асқазан жарасы ауруына соғуы ықтимал.Орта жастағы адам үшін тәулігіне жүз елу ,екі жүз гр ет жеткілікті. Балық тағамдарын жиірек пайдалану тиімді.Олар ағзаға өте пайдалы.Балық еті мал етіне қарағанда ағзаға жеңіл және тез сіңеді. Ағза үшін өсімдік майы пайдалы.Сондай-ақ нанның құрамында триптофон,литионин,лизин деген құнды амин қышқылдары аз.Әсіресе,семіруге бет алған адым нанды аз мөлшерде пайдалануы тиіс.Сөйтіп,күнделікті тағамға ет,тауық еті,көгөніс пен жемістерді қажетті мөлшерде пайдалану денсаулығымызды сақтауға көмектеседі. Сұрақтар: -Диетолог-дәрігерлер күнделікті дұрыс тамақтануға қажетті тағам түрлерін неше топқа бөледі? -Адам күніне қажетті бір тәуліктік ақуыз алу үшін қандай тағам түрлерін тұтынған абзал? -Етті жатар алдында көп жеу қандай ауру түрлеріне әкеп соғуы мүмкін? -Орта жастағы адамға тәулігіне қанша гр ет жеуі тиіс? -Балық тағамдарының қандай пайдасы бар? -Күнделікті тағамға қандай тағам түрлерін тұтынған дұрыс? Дескриптор: -мәтінді мұқият тыңдайды; -сұрақтарға жауап береді;
ҚБ «Жарайсың!»
Тыңдалым тапсырмасы ТЖ Тапсырма Суреттегі бір жемістің түрін таңдап,сол жайында жарнама дайындаңыз.Жарнамада суреттегі жеміс-жидектердің пайдасы,оның құрамындағы дәрумендер туралы ақпараттар қамтылуы тиіс. Дескриптор Білім алушы - жеміс түрін таңдайды; - жарнама құрастырады; -жарнама құрылымын сақтайды; - одағай түрлерін орынды қолданады;
«Гүлдер» тәсілі арқылы бағалау. Қызыл гүл:толық жауап берген топқа Жасыл гүл:жартылай жауап берген топқа Сары гүл:әлде де толықтыруды қажет ететін топқа ұсынады. Тапсырма Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Мәтіннен алған ақпараттарды «Төрт сөйлем »тәсілін пайдалана отырып қорытып жазыңдар. Пікір.Тыңдаған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде. Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып,мысал келтір. Қорытынды;Тақырып бойынша қорытынды жаз. Дескриптор: -бірінші сөйлемде пікір жазады; -екінші сөйлемде пікіріне дәлел келтіреді; -үшінші сөйлемде мысал келтіреді; -төртінші сөйлемде қорытынды жазады; «Гүлдер» тәсілі арқылы бағалау. Ерекше жауап берген оқушыға шоқ гүлін ұсыну
|
|
|
Соңы |
Рефлексия.
«Тазалық» ойыны түрінде алу.
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген