400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ "Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары мен презентация мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мектеп: Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия, Қызылорда қаласы

Сабақ тақырыбы:

Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет)

Күні: 24.10.2018

Мұғалімнің есімі: Ешпанова Лиза

Сынып: 6 ә

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 1

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу,

оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе

әдістерін) анықтау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Портрет жанрдағы бірқатар заманауи

стильдерді біледі, дәстүрлі емес материалдарды таниды

Оқушылардың басым бөлігі: Дәстүрлі емес материалдарды

өңдейді, қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Әртүрлі материалдарды тиімді қолдана

біледі, шығармашылық идеяларын орындайды

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


  • Материалдармен эксперименттер жүргізе алады

  • Сымның көмегімен бет пішіннің көңіл-күйін дәл көрсете алады

  • Көркем материалдарды ұқыпты қолдана алады.

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтайды

  • Бет мүшелерін дұрыс орналастыра алады

  • Жұмыстың сапалы орындалуына мән береді

  • Өзінің және өзгенің жұмыстарын талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Критерийлер бойынша орындалған жұмыстарына пікір айтады.

Көркем жұмыстардың мағынасы мен орындау үдерісін түсіндіреді.

Өзінің және өзгенің жұмыстарын жетілдіру, бейімделу үшін

қажетті тәсілдерді және идеяларды ұсынады.

Терминология:

  • Портрет, автопортрет, жанр, бейнелеу өнер бағыттары.

  • форма, сызық, сым. интерпретация

  • біріктіру, құрастыру, жасау, білдіру.

  • тәсілдер, идеялар, визуалды элементтер.

  • құрдастарының бағасы, мықты тараптар, жетілдіру.

Сөз тіркестері:

…….бейнелеу барысында ……. қолданылды.

Бұл шығарма ...... көмегімен орындалды.

Автопортрет идеясы жақсы көрсетілген, себебі…..

Менім ойымша қолданылған материал ….. әсерлі, себебі…

Мықты тараптар ….. болып табылады. Жұмысты… көмегімен жетілдіруі мүмкін

Құндылықтарды дарыту

  • Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.

  • Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Жұмысты орындау және зерттеу барысында теориялық білімдерін

тарих пәнімен және қолөнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту үшін бейне материалдар беру.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді іздеу,

салыстыра білу .

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар білімдерін әр кезеңде,әр бағытта орындай білетін дағдыларын қолдана білу.

Портрет дайындау жұмыстарында тәжиірбелерін көрсетіп қолдана алады.Мысалы: Маркер,фломастер,постер қағаздары акварель бояуы, дақылдар, мата немесе аралас заттар, қағаз, желім,журнал,каталогтар мен,қайшы,3-А форматы.т.з

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10мин.

Өткен тақырыптар бойынша шолу.

Бейне саяхат. «Әлемге әйгілі портреттер»

Психологиялық жағымды аухал қалыптастыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу

Сұрақ: Портреттер әдетте немен салынған?

Жауап: Бояумен, акварель, гуашь, акрил

Ал басқа неден жасауға болады?

Жауап: Қағаздан, дақылдан, сымнан, фетрден, жіптен т.б.

«Социометрия»

Оқушыларды топқа бөлу үшін:

әр оқушы өзінің туған жыл мезгілін айтады және сол мезгілге сәйкес түсті стикер алады да жылдың төрт мезгілі жазылған орындарға отырады.


https://www.google.kz/search?q=%D0%9F%D0%BE%D-


Бейне материал

А. Колдер

«Кинематика»



Ортасы


10 мин.







5 мин.














10 мин.























20 мин.


















10 мин.

























5 мин.















5 мин.

Жаңа тақырып. (Презентация)

«Ой жалғау»

Мұғалім мәтінді жартылай оқиды, ары қарай

1-топқа - қайғылы, 2-топқа – көңілді, 3-топқа – юмормен жалғастыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. Жұмыс аяқталған кезде топ мүшелері белгі береді. Спикер шығып оқиды.

«Ортақ портрет»

Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың ортақ элементтерін ауызша сипаттайды.Мысалы: мектеп формасы, бәріміз жастымыз, қыз баламыз, бір қалада тудық, ұлтымыз бір, т.б. Айтылған сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.

Негізгі тапсырма:

Қажетті құралдарды пайдалана отырып сымннан портрет немесе портрет орындаңыз.

Практикалық жұмысты жұппен орындауға болады.

Сыммен қалай қауіпсіз жұмыс жасау керек екендігін көрсетеміз. Ыңғайлы жұмыс жасау үшін сым жұмсақ және бөліктерге бөлінуі керек. Арнайы құралдар көмегімен сымдарды қиюға болады. Мұғалім жұмыстың әсерлі және нәтижелі болу үшін оқушыларға әртүрлі қосу тәсілдерін көрсетуге болады. Оқушылар алғашында қысқа бөлшектермен жұмыс жасап, одан әрі бір- біріне жалғауға болады. Олар бір- бірін көмек беру үшін жұпта жасауға болады. Керек болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек берулері керек. Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау керек.

Оқушылардға қорғау көзілдіріктерін кию ұсынылады.

Өздерінің орындаған жұмыстарын бақылай отырып, сымнан жасалған портретттің қаншалықты эмоциясын дұрыс берілгенің қарастырыңыз. Жұмыстың мықты жақтарын және жетілдіру тәсілдерін сиппатаңыз.

Практикалық жұмыс. «Портрет жасау»

Әр топқа 10 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып портрет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.

І топ. Страздардан портрет жасайды

ІІ топ.Фетрмен портрет жасайды

ІІІ топ. Дақылдардан портрет жасайды.

Шаблондар таратылады және әр топқа бейне сабақ көрсетіледі.

Жұмыстарды қорғау және бағалау.

Сегіту сәті (Мен қазақпын)

«Кубизм» Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырмаларды бөлу:

  1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

  2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

  3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

  4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

  5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).

  6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.

Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.

Оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып түсіндіріп кетеді.

Оқушылар ой бөліседі.

Бір-біріне сұрақтар қою арқылы талқыланады.

Оқушылар бір –бірінің жетістіктерін бағалайды.

Практикалық тапсырма нәтижелерін талқылау:

Жұмысты бағалау үшін қойылатын сұрақтар:

-портретте/автопортретте эмоция қаншалықты жақсы берілген?

-сызықтың көмегімен қаншалықты форма жақсы берілген?

- жұмыстың әлде де жетілдіретін тұстары барма? Егер бар болса, қандай?

Сұрақ қойыңыз:

• Қай тәсіл сізге қиындық туғызды?

• Не себепті?

Оқушылар өз жұмыстарын көрсетіп сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына өз пікірлерін айтады

- Сіздің портретіңізде идея ретінде не түрткі болды?

- Қандай қиындықтар кездесті.

Ұсынысыңыз бар ма?

Кері байланыс «Екі ұсыныс бір тілек».

  • Не білдім нені түсіндім?

  • Түсініксіз не болды.?

  • не жетілдіруіміз кажет?

  • Қандай қиыншылықтар болды

  • Не оңай болды?

  • Болашақ сабақтарда не көргілері келеді.?

Практикалық

материалдар,

сымдар, желім,

шаблон

https://kk.wikipedia.org/wiki/

http://zhas-zhanary.kz/?p=306

 http://virtoo.ru/almanach/civilization/osnovnye-napravleniya-i-priemy-sovrem.html

http://virtoo.ru/almanach/civilization/osnovnye-napravleniya-i-priemy-sovrem.html

http://www.stydiai.ru/artmovements/

http://becmology.ru/blog/art/art_style.htm


























Дақылдар,

страздар,

фетр,

ыстық желім,

құралдар,

бояу қаламдар,

фломастер,

қайшы,

шаблондар,

планшет,

АТК


















































«Екі ұсыныс бір тілек» әдісі

Аяқталуы



10 мин.


















5 мин.


Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

Келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді

Өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

Оқушыларға таратылған дискриптор арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.

Рефлексия. Оқушылар стикерлерге сабақ туралы

пікірлерін жазып тақтадағы кейс, еттартқыш,

қоқыс себетіне жапсырады.

Кейс, еттартқыш,

қоқыс себеті

суреттері,

стикерлер



Қосымша ақпарат

Бейне фильм: «Әлемдегі ең әйгілі 10 картина»

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болды.

оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойдым.

Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Оқушылардың жұмысы үнемі бағаланып отырылды, орындалған жұмыс барысы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылды.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?


Бүгін оқушылар не білді?



Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Әрине, сабақтың мақсаты оқушыларға кәсіби бағдар

беруге бағытталған.

Дәстүрлі емес материалмен жұмыс жасау барысында

шығармашылық ерекше идеямен көркем туындылар

жасауды үйренді.

Белсенді, көңілді, бірлескен жұмыс жүргізілді.

Тиімді, оқушыларға сабақ ұнады.


Үлгеруге тырыстым.

Бейне фильмдерді практикалық жұмыс кезінде

көрсеттім. Бұл уақытты үнемдеу үшін керек болды.

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушыларға тың идеялар ұсынылды.

  2. Практикалық жұмыстың сәтті шығуы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақтың негізделген мақсатының орындалуы.

2. Ақпараттық коммуникациялық технология

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1. Жекелеген оқушылар өз ойларын жақсы жеткізе алды. Дегенмен, әр топтан бір оқушы жұмысты қорғауға, таныстыруға келгенде қиналды.

2. Пәндік терминологияны қолдануды жетілдіру, оқушылардың өзіндік ізденуіне көмектесу, кәсіби бағдарлау.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі