400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Датчиктің түрлері, атқаратын қызметтері" 4 смынып

Материал туралы қысқаша түсінік
 Роботтарды жүргізу бағдарламасымен танысады.  Бағдарламаны компьютерге жүктейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы, Архат ауылы,

"С.Бекбосынов атындағы орта мектебі" КММ

Ибраева Жазира Курметжановна

Робототехника және информатика пәні мұғалімі

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

2-бөлім - Робототехника.

Лабиринт және кегльринг

(ортақ тақырыптары: («Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі»)

Мектеп: "С.Бекбосынов атындағы орта мектебі" КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Ж.К.

Сыныбы: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Датчиктің түрлері, атқаратын қызметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5.1.1 түс датчигін қолдану;

4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, Түсіну, Қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

LegoMindstorm роботының ультрадыбыс датчигі мен түс датчигін қолданады.


Бағалау критерийлері

  • Роботтарды жүргізу бағдарламасымен танысады.

  • Бағдарламаны компьютерге жүктейді

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

  • түс датчигі -датчик цвета- color sensor

  • ультрадыбыстық датчигі- ультразвуковой датчик - ultrasonic sensor

  • бағдаршам.- светофор- traffic light


Құндылықтарға баулу

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана»құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу,Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, Орыс тілі. т.б.

Алдыңғы білім

Лабиринттан шығу.

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин.












3 мин.


Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ).«Сәлемдесу» әдісі.

Сыныпта жағымды ахуал туғызу. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстатқызып шеңберде тұрып, "Маған АКТ сабағы ұнайды, себебі..." пәннің ерекшелігін айтады.


Топтастыру. «Мозайка» әдісі

Қима қағаздарды құрастыру бойынша 2 топқа бірігеді.

/Қима қағазда « Ультрадыбыс датчигі және Түс датчигі» суреті бейнеленген/

1-топ: Ультрадыбыс датчигі

2-топ: Түс датчигі


(Ұ) Үй тапсырмасы! "Сөздер банкісі"әдісі

Берілген сөздерді анықтамасы мен үш тілде айтылуын атап бер.Айнымалы,құндылық, кейіпкер,логикалық операторлар,салыстыру операторлары, өз ойыным, скрипт, робот, түс датчигі, ультрадыбыстық датчигі, бағдаршам.

Мақсаты: Жаңа сабаққа кіріспе жасау.

Тиімділігі: Оқушылар термин сөздерді үш тілде айтады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді

Тaпсырмaны орындaу бaрысындa «Жaнaмa әдіс» aрқылы көмек қaжет еткен оқушыларға қолдау көрсетемін.









Қағаз қималары







АКТ




Сабақтың ортасы


1 мин.




2 мин.

5 мин











10 мин





























5 мин




























5 мин




1. Робототехниканың шығу тарихы 
Роботты техника (робот және техника, ағылшын тілінен аударғанда robotics–роботика), роботты техника - автоматтандырылған техникалық жүйелерін әзірлейді және өндірістің қарқынды дамуына маңызды техникалық негізі болып табылатын қолданбалы ғылым.Роботты техника - электроника, механика, қашықтан басқару, информатика, сондай-ақ радио және электротехника сияқты пәндеріне негізделген.

Бейнекөрсетілім

(Ұ) Компьютермен жұмыс: Үлестірме қазғаздағы тапсырманы жұппен орындап, компьютерге теру.

1- жұп. Жасырын сөзді тап және сөйлем құра.

2-жұп. Сәйкестендір. Сөздерді компьютерге тер.

3-жұп. .Жасырын сөзді тап. Тапқан сөзге сөйлем құра.

4-жұп. Ребусты шеш.Жауабын жаз.


"Балалар, біздің алдымызда қандай мереке келе жатыр?" деген сұрақ қою арқылы Тәуелсіздік пен Болашақ жастар және заман талабы техникалық білім, иновациялық технология туралы әңгімелеу.

(Д) Кітаппен жұмыс. Кітапта берілген тапсырманы орындау

Түс датчигі тобына: Бағдаршам -робот бағдарламасын құрып, роботқа жүктеу.



Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

- Ультрадыбыс датчигі. Роботтан кегельге дейінгі қашық-тықты салыстыру үшін пайдаланады.

- Түс датчигі. Роботтың рингтің шетіндегі қара сызықтан шығып кетпеуі үшін қолданады.


« Бас бармақ» әдісі



Ульрадыбыстық датчик тобына:Робот түзу сызықпен келе жатып, қандай да бір қарсы шыққан нысанға 15 см қалғанда тоқтауы керек.


Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

-31-суретте берілген робот жобасының программаcын талдайды.

- Әрбір командалық блоктың қызметіне жеке -жеке баға береді.

«Бас бармақ» әдісі




Сергіту сәті. Ойын. Тимбилдинг. Түстері бірдей әріптер арқылы тақырыпқа сай сөздерді құрап жазыңдар.



Білгенге маржан.

Ульрадыбыс датчигі өзіне 3 см-ден жақын орналасқан нысандарды анықтай алмайды.

Міне қызық!

Ульрадыбыс датчигін пайдалану принціпі қозғалыстағы көліктердің жылдамдығын анықтайтын полиция қызметкерлерінің радарына өте ұқсас


(Ж) 1- топ.Ой бөлісейік.

Абзал LEGO MINSTORMS Education EV3 программасына түс датчигін пайдаланып, бағдаршам жобасын дайындады. Сынақ барысында робот қызыл түсті көрсе де, тоқтамады. Абзалдың жобасындағы қандай қателік орын алды?

2- топ. Айсұлу ультрадыбыс датчигін пайдаланып, 23 минутта робот құрастырды. Мадияр Айсұлуға қарағанда 6 минуттан артық уақыт жұмсады. Ал Сәуле Мадиярға қарағанда 8 минут кем жұмсады. Кімнің қанша уақыт жұмсағанын жұбыңмен бірге анықта.


Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

-Оқушылар программалау кезіндегі қателікті таба алады.

- Косандалық блоктың қызметіне жек баға бере алады

«Бас бармақ» әдісі












АКТ


Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы


4 мин.






3 мин.

Мақсаты: Сабақты қорытындылау.

Саралау: Диалог және Қолдау көрсету тәсілі жүзеге асады.

Бағалау.Сабақтың өң бойында жақсы көрсеткіш көрсеткен топқа EV3 құрауыштарын таратып, сол арқылы қай топтың басым көрсеткіш көрсеткенін анықтау.

Рефлексия


Тапсырмаларды орындау Тапсырмаларды орындауда Тапсырма орындай алмадым

жеңіл ірі қызықты болды қиындықтар туындады.


Үй тапсырмасы:Ультрадыбыстық датчигі жоба құру. 53 бет




АКТ








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Тапсырма, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу, қорытынды. Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.


«Мадақ сөз» әдісі

EV3 құрауыштарын тарату арқылы бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.













































Айнымалы - переменная- variable

құндылық- ценность- value

кейіпкер- персонаж- character

ойын -игра- game

сценарий -сценарий- scenario

логикалық оператор - логический оператор -logical operator

өз ойыным- своя игра - my game

түс датчигі -датчик цвета- color sensor

ультрадыбыстық датчигі- ультразвуковой датчик - ultrasonic sensor

бағдаршам.- светофор- traffic light





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
6036
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі