Материалдар / Ашық сабақ Даярлық сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2023
201
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: Математика негіздері

Мақсаты: 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату;

жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін,

ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: сандар, пішіндер, суреттер, асықтар, екі түрлі сандық,

дидактикалық ойынға қажетті пішіндер, сыртында 5 - ке дейінгі сандар

жазылған «вагондар», үлестірмелі материалдар

Билингвалдық сөздік: сандар - цифры, пішіндер - фигуры

Белсенді стратегиялар: топтық жұмыс, «миға шабуыл» әдісі

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кіп - кішкентай баламыз

Өсіп - өніп толамыз

Күнге қарай талпынып

Көкке қанат қағамыз

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық тілейміз

Шеңберде тұрған балаларға дөңгелектің, төртбұрыштың, суреттерін тарату және

дөңгелекті алғандар бір үстелге, төртбұрышты алғандар бір үстелге бөлініп отырады.

1 - топ «дөңгелектер» тобы, 2 - топ «төртбұрыштар» тобы болады

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балалар, біз бүгін сендермен 1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санауды,

геометриялық пішіндерді ажыратуды, санамақ айтуды үйренеміз. Ол үшін ұлттық

«Ханталапай» ойыны арқылы интеллектуалды жарыс ұйымдастырайық.

Ойын шарты:

Ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық

салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады.

Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтан бір баладан шығуы тиіс.

Тапсырма: «Ханталапай».

Талапай - ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!

Асықты алға шашамыз,

Талапайға басамыз

Шарты: шашылған асықты кім көп жинаса, сол топ жарысты бастайды. Екі топтан бір

баладан шығып «Ханталапайға» қатысады

1 - Тапсырма:

1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау

2 – Тапсырма:

«Сан қатары» 2 топтан бір - бір бала тақтаға шығады, «адасқан вагондарды» ретімен

орналастырады

1.... 2..... 3..... 4..... 5

5.... 4..... 3..... 2..... 1

3 — тапсырма: «Суреттегі заттарды сандармен сәйкестендір»

Мысалы: 1санын 1 заттын суретімен сәйкестендіру керек, т. с. с.

Тапсырманы дұрыс орындаған балалар өздерінің сандықтарындағы асық санын

көбейтеді.

4 - тапсырма: Логикалық сұрақтар.

(Әр дұрыс жауап үшін бір асықтан беріледі)

а) Табақта үш алма

Қолымда екі алма

Біреуін әжеме берейін,

Біреуін атама беремін

Екеуін беремін әкем пен шешеме

Нешеу қалады? ( бір алма)

ә) Балабақша ауласында өсіп тұрған қайың ағашында 2 алма бар екен.

Бір алманы торғай жеді, біреуін қарға жеді. Қайыңда неше алма қалды?

(қайыңда алма өспейді)

б) Аспанда неше жұлдыз бар? (аспанда көп жұлдыз бар)

в) Бір қоянның құлағы нешеу? (бір қоянда екі құлақ болады)

г) Екі аюда неше бас бар? (екі бас бар)

Сергіту сәті: Үстел үсті ойыны

Дидактикалық ойын: «Сандарға үй жасаймыз".

(әр балаға ішінде геометриялық пішіндер бар конверт беріледі)

Шарты: берілген пішіндерден құрастырып үй жасап шығу. Қай бала бірінші

құрастырса, сол балаға бір асық беріледі.

5 - тапсырма :

Санамақ айту

Шарты: Бір баладан шығып санамақ айтады. Әр санамаққа бір асықтан беріледі.

Бір дегенім – балық.

Екі дегенім - шелек

Үш дегенім – үйрек

Төрт дегенім – түлкі

Бес дегенім – бүркіт

Қортынды - рефлексиялық

- Балалар, бүгін біз не үйрендік?

(1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санауды, геометриялық пішіндерді қайталадық.)

- Қандай ойын ойнадық?

(«Ханталапай» ойынын ойнадық)

Екі топтың қоржынындағы асықтарды санап жеңімпазды анықтау, қошемет

көрсету, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: 1 - ден 5 - ке дейінгі сандарды тура және кері санай білуді,

геометриялық пішіндерді ажыратуды

Нені игерді: санамақ айтуды, логикалық сұрақтарға жауап беруді

Нені білді: «Ханталапай» ойынын, топпен жұмыс істеуді, ұйымшыл болу

керектігін

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!