400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ, даярлық сыныбы. Дыбыс қайдан шығады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс қайдан шығады?

Сабақтың мақсаты: табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау, әр дыбыстың ерекшеліктеріне тоқталып, сипаттап айтуға үйрету. Дыбыстарды танып, ажырата отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сұрақтарға толық жауап ала отырып, сөздік қорларын молайту, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтағы қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: презентация, суреттер, бейнеролик, аудиожазбалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру /3мин/

- Балалар, кәне, бәріміз орнымыздан тұрайық. Бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге сәттілік тілеп алайық. Қайырлы күн деп айтамыз

Түсте бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз

-Балалар, қазір бізде жаратылыстану сабағы. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарымызды бәріміз алдық па? Сабаққа дайынбыз ба?

2.Мақсат қою кезеңі /4мин/

- Дыбыс деген не?

-Дыбыс жайлы қай пәннен білдік?

- Біз сауат ашу пәнінен дыбыс жайлы білгенбіз, кәне, мұқият ойланып есімізге түсірейікші. Дыбыс деген не?

- Дыбысты құлақпен естиміз. Дыбыс адам мен жан-жануарларға тән есту мүшесі арқылы қабылданатын құбылыс.

- Бәріміз тақтаға назар аударайық . Үнтаспадан шыққан дыбысқа мән беріп тыңдайық. Үнтаспадан/Дыбыстардың даусын естірту- жаңбыр, найзағай, құйын/

- Бұл ненің дыбысы?

-Жауын мен найзағай.

- Бұл ненің дыбысы

-Жел /боран, құйын/

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Дыбыс қайдан шығады?» деп аталады. Бүгінгі сабағымызда түрлі дыбыстармен, соның ішінде табиғат құбылыстарындағы дыбыстармен танысамыз.

3. Жаңа білімді меңгерту кезеңі /7мин/

Әліппе-дәптермен жұмыс

  • Үнтаспадан тыңдаған дыбыс шығаратын табиғат құбылыстарын тауып, белгілеп шығайық.

  • / Суреттегі табиғат құбылыстарын белгілеп, сөйлеммен сәйкестендірген оқушыларды жұлдызша беру арқылы мадақтап отыру/

  • Біз әр сабағымызда жаңа тақырыптағы сөздерді үш тілде айтып үйренетінбіз. Бүгінгі сабағымызда дыбыс сөзін 3 тілде, яғни ағылшын, орыс тілдерінде айтып үйренеміз. Дыбыс сөзі орыс тілі, ағылшын тілдерінде қалай айтылады. Осы сөздердің айтылыуымен сабақтарда таныстыңдар ма?

  • Жарайсыңдар, дыбыс орыс тілінде звук деп, ал ағылшын тілінде sound деп айтылады екен.

Хормен 3 тілде айтқызу: дыбыс-звук- sound

1-2 оқушыдан жеке сұрап, жетістігі үшін мадақтау

Сергіту сәті: /1мин/

Жел соқты

Күн бұлттанды

Жел соқты

Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауа бастады

Жел қатты соқты

Жаңбыр қатты жауды

Жел соқты.

Күннің беті жарқырап бұлттан ашылды.

4.Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру кезеңі /8 мин/

55-беттегі сурттермен жұмыс. Шартты белгіге назар аударту

Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында. Осы табиғат құбылыстарының қандай пайдасы бар? Олар қандай қауіп төндіреді?

  • 3-тапсырмаға назар аударып қараңдаршы, ребус берілген ребусты шешу үшін суреттегі сөздердің алғашқы әріптерін алып тор көзге орналастыру керек. орындатып, тақтамен жұмыс жүргізу

/дыбыс/

5.Бекіту кезеңі

-Дыбыстар тек табиғат құбылысында ғана болмайды. Дыбыстарда қоршаған ортадан, жан-жануардардан, көшеде, үйден, айналамыздан есту мүшеміз-құлағымыз арқылы ести аламыз.

- Балалар, тақтаға қараңдаршы. Қандай табиғат құбылыстарын көріп тұрсыңдар?

-Күннің бұлттануы

-Енді күніміз ашық, жылы болу үшін күнді бұлттан тазартайық. Ол үшін мына тапсырмаларды орындап жіберейік.

1-топ: Өздерің таңдаған үй жануарын дыбыстап көрсет

2-топ: Табиғат құбылыстарындағы дыбыстарды дыбыстамай, қимыл-қозғалыспен көрсет

3-топ: Аспаптарды қимылмен, дыбыспен көрсет.

Жарайсыңдар балалар.Күннің бетін бұлттан тазарттық.Енді күніміз жарық болатын болды. -Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен таныстық?

-Нені үйрендік?

-Сабағымыз бойынша сабақтағы жетістіктерімізді өз жұмысын қоңырау сыңғырымен бағаласақ. Қызыл түс– «ештеңе түсінбедім»;

Сары түс– «түсіндім, бірақ айтып бере алмаймын»;

Жасыл түс – «бәрін түсіндім, достарыма түсіндіре аламын».

6. Бағалау кезеңі

Сабақ бойы берілген жұлдызшалар арқылы сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау, мақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі