400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Дәуірлерді жалғастырушы желі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«сенім» ұғымының мәнін ашады; өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамытады; өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйренеді.6-сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалімнің аты-жөні:А.А.Аскарова

Күні: 20.03.19

Сынып: 6

Сабақ 26

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дәуірлерді жалғастырушы желі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6.3.4.1 Тыңдалған тақырыптың мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

«сенім» ұғымының мәнін ашады;
өз замандастарымен  сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыт
ады;
өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйре
неді.

Тілдік құзіреттілік


Сүйіспеншілік – сағыныш

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ерлікке тағзым, елжандылықтан

тағылым

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда бақыт,қуаныш,шаттық деген сөздер болу керек.

Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Ең алдымен таныспас бұрын жартылай екіге бөлініп орындыққа отырайық. Қолымдағы допты оқушыға беріп есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтады.

Анель –рақымды, ақылдымын,мейрімдімін. (5мин) Оқушылар жүрекшелер тандайды.Екі топқа бөлініп оқушылар отырады.

Ітоп Достық
«Достық –сыйластықтан басталады.»
ІІ топ Бірлік
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл.» (көтерген,Бірлесе,жеңіл, жүк )

Мұғалім: Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне–өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктерінді табасындар. (5мин)





1-топ: бақыт

2-топ: қуаныш

3-топ: шаттық





Тренинг жазылған парақшалар

Жаңа білім

10 минут







Әңгімелесу

Балалар бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы: «Сенім – менің серігім» деп аталады. Ендеше осы тақырып аясында әңгімелесейік.

Әңгіменің мақсаты – сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін анықтау.

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге? (5мин)

Сенімді болу дегеніміз – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.


Оқулық. Кеспе мәтіндер.


Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.

Ортасы

10 минут













«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.Екі топқа беріледі.

С - сенімді, сыпайы,салмақты,сабырлы ...

Е – ерен, ерекше,ерлік,естілі,...

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І - ілтипатты,ізетті, ...

М – мәдениетті, момын,мықты,мамықты (2мин)

2.Өміршендік ережесі. Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанады.

Өміршеңдік ережелерін айтайық.

1. Мейірімді деген-Мен

2. Күш деген-Мен

3. Сенім деген -Мен

4. Кешірім деген-Мен

5. Адал деген-Мен

6. Қайырымды деген-Мен

7.Сабырлы деген-Мен

8. Денсаулық деген-Мен

 Хормен: Бәрі маған байланысты,

                  Бәрі менің қолымда.(2мин)

Тыныштық сәті ұйымдастырылады. (Жеңіл әуен қосылады) Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Кімге сенім артатыны туралы өз ойларын жетілдіріп ортаға салады. (2мин)

Жаңа ақпарат

Оқушылардың назарын адамның өз күшіне, өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сене білуі және өзгенің өзіне білдірген сенімі арасындағы байланысына, арақатынасына аудару.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі, оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

  • Балалар, ақпараттан нені түйдіңдер? (3мин)

3.Ойын «Кімге сенесің?» (2мин)

Р/с

Жағдаят

Өзіме-өзім сенемін

Ата-анама сенемін

Достарыма сенемін

1

 

2

 

 

3

Есеп шығарғанда

Сайысқа қатысар алдында

Киім таңдар алдында

 

 

 

 

 

 

Сенімнің достары: мақсат,ақыл,адал,аброй,адамдық,жауапкершілік,өзгелерге сену,сенімді ақтау,қиындықпен күресу,ұмтылыс,табандылық

Сенімсіздің достары: өз сөзінде тұрмау,өтірік сөйлеу,қорқақ,тартқыншақ,күмән,

Қиындықтан қорқу,жасқану,қашқақтай,жеңіл жол іздеу.

Тапсырма: Жылдам әрі тез сөйлемді аяқта.(Мұғалім жұмысы)

Не істеуге болмайды?

1.Уәдені (орындамауға болмайды)

2.Ойланбай (уәде беруге болмайды)

3.Бастаған істі (жартысында қалдыруға болмайды)

Не істеуге болады?

1.Сенімге (ие болуға болады)

2.Өзіңе (сенуге болады)

3.Айналадағы адамдарға (сенім артуға болады) (3мин)

Қорытындылау: Енді, бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ

     Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

         Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

         Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

         - Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Екінші баласы:

         - Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!

Ф.Тайтелиев

Өмір жаңғырығы

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан «А-а-а-а! деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап:

- Сен кімсің? - деп дауыстағанда, Ғаниға:

- Сен кімсің? - деген жауап келді.

Ғани түкке түсінбей жынданып:

- Сен қорқақсың! - деп  айқайлады.

Таудан шыққан дауыс та:

- Сен қорқақсың! - деп жауап берді.

Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:

- Әке, бұл кім өзі? - деп сұрады.

Әкесі:

- Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, - деді де тауға қарап тұрып: - Мен сені жақсы көремін! - деп айқайлады.

Таудан:

- Мен сені жақсы көремін! - деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:

- Сен әдемісің! - деді. Жауап:

- Сен әдемісің! - деді.

Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:

-  Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!

Бұл - өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей


«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.



Оқулықтағы мәтінді оқып алады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
3222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі