жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Дауыссыз к мен г
М
.Тоқжігітов атындағы
жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Бекітемін:
____________
Мектеп директоры:
Тұрғаутова Д.П.
«Дауыссыз к мен г»
Бастауыш сынып мұғалімі: Носерова В.Ж.
Сынып: 2 «Б»
Пәні: қазақ тілі
2018-2019 оқу жылы
|
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г |
Мұғалімнің аты-жөні:Носерова В.Ж. Күні: 19.10.2018 |
|||||||||||||||
|
СЫНЫП: 2 |
Қатысқан оқушылар саны:18 |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||||||||||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.4.1.3 - дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, ұяң, үнді) ажырату және дауыссыз п-б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу 2.3.5.1 - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.4.1 – мұғалімнің көмегімен суреттерді пайдаланып, қарапайым постер құрастыру |
|||||||||||||||
|
Сабақ нәтижесі: |
Оқушылардың барлығы: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көпшілігі: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі : Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
|||||||||||||||
|
Тілдік құзіреттілік |
Қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі |
|||||||||||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,флипчарт,ойыншық ұялы телефон |
|||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
«Топтас,жұптас,бөліс», «Сәйкестендіру», «Дүкенші» ойыны, «Микрафон», «Мозайка», «SMS хабарлама», «Жұлдызқұрт», «Миға шабуыл», «Гүл шоқтары», «Кластер». |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу, көркем еңбек,математика, ағылшын тілі,орыс тілі. |
|||||||||||||||
|
Сабақтың жоспары |
||||||||||||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Баста луы 5 минут |
Сәлемдесу. Шаттық шеңбері. Тереземді ашамын. Сәлем деймін күнге мен Шаттық әнге саламын. Қайырлы таң, достарым. Бізді асыға күтетін Қайырлы таң , ұстазым. Бүгінгі күн ерекше Қайырлы таң, қонақтар. Топтармен таныстыру. І-топ «Қатаң дауыссыздар» ІІ-топ «Үнді дауыссыздар» ІІІ – тот «Ұяң дауыссыздар» Үй тапсырмасын бекіту. «Миға шабуыл» әдісі І топқа:
ІІ топқа:
ІІІ топқа:
«Топтас,жұптас,бөліс» әдісі Т.Ж. Суреттермен жұмыс .
О Қалыптастырушы бағалау тәттілер арқылы. |
ЖАДА
3-слайд
4-слайд Топ аттары жазылған парақшалар
5-слайд
6-слайд
желім, плакат,әртүрлі суреттер ,тәттілер |
||||||||||||||
|
Жаңа білім 10 минут
Сергіту сәті 2 минут
|
Жұмбақ шешу арқылы бүгінгі тақырыпты ашып аламыз. Күзде бар, Жазда жоқ. Кірпіде бар, Қоңызда жоқ. (К)
Газетте бар, Журналда жоқ. Гүлде бар, Ағашта жоқ. (Г) Жаңа сабақты хабарлау. Сабақтың мақсатымен таныстыру. -Ал, балалар бүгін нешесі? -Қай күн? Тақтағат күн жадын жазу, оқушыларға дәптерге жаздыру. Көркем жазу. Көк, көгі (Дауыссыз к мен г дыбыстарына байланысты видеоролик көрсету.)
Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек-түлегі,серік-серігі, жүрек-жүрегі. Ж.Ж. Ережені еске түсірейік. «Сәйкестендіру» әдісі.
К
Б Күшік көйлегі билік берігі терек желегі Шелек білезігі керік көлігі елік әлегі
«Мозайка» әдісі. Үш топқа үш түрлі сурет таратылады. Оқушылар суреттерді құрастырып, суреттегі заттардың атын үш тілде атап береді. І –топ : Көжек-зайчик- rabbit (раббит) ІІ-топ: Көбелек-бабочка-butterfly (баттерфлай) ІІІ-топ: Көйлек-платье-dress (дресс)
К Қалыптастырушы бағалау тәттілер арқылы. Оқулықпен жұмыс. Оқылым. 41- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Дос, бауыр көп, Тілегі бір, Тосқауыл жоқ,айқара ашық есігі . Жүрегі бір, Ұлы Отаным, Достармен біз біргеміз. Гүл Отаным- Туыс барда, Тыныштықтың бесігі. Құрыштан да Берік біздің іргеміз. Әли Ысқабаев -Өлең не туралы? -Өлеңдегі негізгі ойды анықта. -Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді көшіріп жаз. Топбасшылар сайысы. Тілегі, жүрегі, бесігі сөздеріне математикалық талдау жасайды.
І топ- тілегі сөзін 5- 3 ---(-2 і+е)
І
І
3 (ж+р+г) Топбасшылар өзін-өзі бағалайды. (жарайсың, жақсы, орташа)
Қ «Гүл шоқтары» ойыны. Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан жасалған әріптер жазылған гүлдер таратылады.Сол әріптерден қарамен жазылған сөздердегі соңғы і дыбысын алып тастағандағы (тірек,.жүрек, бесік) өзгеріске ұшыраған сөздерді құрастырады. Сол әріптеге топ мүшелері жеке-жеке дыбыстық талдау жасайды. Т-дауыссыз, қатаң. Ж- дауыссыз, ұяң. і- дауысты , жіңішке ү- дауысты, жіңішке. л- дуыссыз , үнді р – дауыссыз, үнді. е- дауысты , жіңішке е – дауысты, жіңішке. к- дауыссыз ,қатаң к- дауыссыз ,қатаң
б – дауыссыз, ұяң. е – дауысты, жіңішке. с – дауыссыз, қатаң. і – дауысты, жіңішке к- дауыссыз ,қатаң КБ: Топ мүшелері бір-бірін бағалайды.(гүл сыйлау арқылы)
Қ Дескриптор: -Дыбыс түрлерін ажырата алады. - Дауыссыз, дауысты дыбыстарды бөлінуіне қарай талдай алады «Дүкенші» ойыны Оқушылар әртүрлі заттардың ішінен к мен г әріптеріне байланысты заттарды жинайды |
7-слайд жұмбақ
8-слайд
9-слайд видеоролик
10-слайд
тәттілер 11-слайд
Кеспе қағаздар, маркерлер
Бағдаршам түстері , плюс,минус тәттілер
12-слайд
13-слайд
Тақта, бор
тәттілер
14-слайд Қағаздан жасалған гүлдер
тәттілер
15-слайд Әртүрлі заттар
|
||||||||||||||
|
Ортасы 15 минут
|
(Ө.Ж.) Жазылым. 42- жаттығу. Дәптермен жұмыс Көп нүктенің орнына к,г әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жаз. Халқымыздың сенімі, Жақсылардың серігі. Күрестерде шыныққан Ағаларға мен іні. Фариза Оңғарсынова Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау тәттілер арқылы. (Т.Ж.) 43-жаттығу. «Кластер» әдісі І топ : Бос торкөздерге тиісті әріптерді қойып, мақал құрастыр. «Бірлік болмай, тірлік болмас»
ІІ топ: «Жұлдызқұрт» әдісі. К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып, өзгерген сөзді құрастыр. (бірлігі, тірлігі) ІІІ топ: І дыбысын қосып өзгерткен сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.
Қ Қалыптастырушы бағалау тәттілер арқылы. Дескриптор:
|
16-слайд
Оқулық, дәптер
17-слайд
маркерлер А3 парағы, түрлі-түсті етіп қиылған дөңгелекшелер, Маркерлер, дәптер тәттілер |
||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||
|
Аяқта луы Сабақты бекіту 6 минут |
«Микрафон» әдісі. Тыңдалым.Айтылым. 44-жаттығу. Өлеңді тыңда. Атам мені «құлыным» дейді, Әжем мені «боташым» дейді. Әкем мені «шырағым» дейді, Шешем мені «қозым» дейді. «Айналайын,жаным!» дейді. Ал, шынында, мен кіммін? Рафиқа Нұртазина -Өлең не туралы? -Өлеңдегі сұрақтарға жауап беру үшін өз өмірбаяныңды айтып бер. -Ал, енді біздің ортамызға Есбол есімді тілшіміз келіп қалған екен. Сендерден кішкене ғана сұхбат алсам дейді. -Сұхбат деген не? - Балалар сендер сұрақтарға дайынсыңдар ма? - Сені анаң кім деп еркелетеді? - Сен маған туылған күніңді айтып берші?
- Қалыптастырушы бағалау тәттілер арқылы Дескриптор:
|
Микрофон
18 -слайд
тәттілер |
||||||||||||||
|
Кері байла ныс 2 минут
Бағалау |
«SMS хабарлама» әдісі Оқушыларға сабақ ұнаса қалта телефондары арқылы (ойыншық) лүпілдерін басады.
Мақтау, мадақтау |
19слайд ұялы телефон,жүрек- шелер
|
||||||||||||||
|
Үйге тапсырма:45 –жаттығу 59 бет |
||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Үлгерімі төмен оқушыларға жұптық жұмыс тапсырмаларын беремін. Ж.Ж. «Сәйкестендіру» әдісі. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға математикалық талдаулар жасауды тапсырамын. І топ- тілегі сөзін 5- 3 ---(-2 і+е)
І
І
3 (ж+р+г)
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Оқушылардың тапсырмалар орындау барысында жинаған тәттілер санына қарай бағалаймын. |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Ия Бүгін оқушылар не білді? Бүгінгі өткен дауыссыз к мен г тақырыбындағы сабағымда оқушылар дауыссыз бен дауысты дыбыстарды ажыратуды тереңдетіп меңгерді, к мен г дыбыстарының тек жіңішке дауысты дыбыстармен тіркесіп жазылатынын, қазақ тілігндегі сөздерде г дыбысы сөз соңында келмейтінін, к дыбысына аяқталған сөздерден кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г дыбысына ақталатынын білді. Сыныптағы ахуал қандай болды? Оқушыларға сабақ ұнады. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалар қызықты болды. Үлгерімі төмен оқушыларға жұптық жұмыс ретінде сәйкестендіру тапсырмасы берілді.Бұл тапсырмада оқушылар өздерін белсенді көрсете алмады. Келесі сабақтарымда жекелей тапсырмалар беру арқылы сабаққа белсенді қатысуына ықпал жасаймын. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен жоспарлаған уақыт ішінде сабағымды өтіп үлгердім. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Ойындар арқылы тапсырмаларды қызыға орындауы. 2: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында тәттілер беріп талпындыру. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, тапсырма орындату, сергітіп алу. 2: Математикалық талдаулар жүргізу. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақ барысында мен оқушыларға тақырыпқа байланысты бір-біріне немесе топтасып тапсырмалар дайындау жұмыстарын жоспарлаймын. Оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландырамын. |
||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген