2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз
к мен г
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Дауыссыз к мен г–нің жазылу
емлесімен таныстыру, дауысты дыбыстар қосылғанда қалай өзгеріске
ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу.сауаттылыққа
жетелеу.
Дамытушылық
Пәнаралық байланысты,ой
шапшаңдығын дамыту.Берілген сұрақтарға тиянақты, жауап беруге
үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Ұлттық тәлім тәрбиенің асыл
нәрін сіңіру, бауырмалдыққа ,тазалыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: қазақ үй, Абай,Тазша бала
суреттер,мәтін, ереже,ойын т.б
Сабақтың
түрі: Жаңа материалды игерту, аралас
сабақ
Сабақтың
әдісі: оқу мен жазуда сыни тұрғысынан
ойлау техникасы, ой қозғау стратегиясы
Пәнаралақ
байланыс: ана тілі, дүниетану,
математика
Сабақтың
барысы: ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
дайындық: Қонақ күту
салтымыз,
Оқып-біліп
жатырмыз.
Келген қонақ
сіздерге,
Сәлемдестік
жалпымыз.
-Қазір қандай сабақ ?- қазақ
тілі
Үй тапсырмасын
тексеру
5-жаттығу. «Құлақ» ребус шешу,
жауабын оқыту.
Ой
қозғау
Дыбыстар туралы не
білеміз?
Балалар «Тазша бала»,Сиқырлы
қамыс көмегімен білім еліне тап болды. Ол қарсы алдынан 2 қазақ үй
көреді.
Бірінші үйден қызықты әуен
естіліп тұрады.
-Қандай
әуен?
А-а-а-а-я-я
Ө-ө-ө-о-о-о
Ә-ә-ә-ә-ә-ә
Ы-ы-ы-ы-ы
- Бұл үйде дыбыстар тұрады
екен? Олар нешеу?
-Орыс тілінен енген ф,е,я,ю
дыбыстарын қосқанда 15,
- Ал мына үй неге
көңілсіз?
-Жым-жырт,тым-тырыс.Бұлар бір
жаққа кеткен бе?
-Жоқ олар дауыссыз дыбыстар
.Дауыссыздар созылып айтылмайды. Сондықтан олар жай сөйлейді,
дауыстарын созбайды.
-Дауыссыз дыбыстар
нешеу?
-Орыс тілінен енген әріптерді
қосқанда 25
Тазша бала осылай 42 әріппен
танысқан екен.Біз
Тағы не
білеміз?
Дауыссыз дыбыстар 3ке
бөлінетінін білеміз.
Ендеше дөңгелек деген сөзден
жаңа сөз шығарып алайық. Буынға бөлейік.
Дөң-ге-лек
-Екінші буынның 1-ші дыбысын
ата. Г
-Үшінші буынның соңғы дыбысын
ата.
К қандай дыбыс?
Г-ше?
Олай болса бүгінгі біздің
сабағымыз К мен Г деп аталады.
Дәптер мен
жұмыс
Күн ретін, тақырыпты
жазу
Графикалық жұмыс: К к,Г
г
Оқулық пен
жұмыс
1-жаттығу.Сөздерді
оқып,мағынасын түсіндіру.
К дыбысы қай буындарда
кездесіп тұр? Г дыбысы ше ? Ауызша
орындау.
Сөздік
жұмыс
Көрік - метал өңдеуге
қолданылатын жабдық, темір балқытатын пештің
отын
қыздырып тұратын ,теріден
жасалған үрлеуіш.
Гауһар- бриллиант асыл
тас.
2-жаттығу. Санамақты жатқа
айт. К дыбысына аяқталған сөздерге і дыбысын қосып
жаз.
Үйрек-үйрегі, терек-терегі,
көйлек-көйлегі
Жұмбақ
шешу
Иесі
оның-сәби,
Әрі
төсек,
Әрі үй
(Бесік)
Осы жұмбақтың шешуімен
төмендегі ережені салыстырайық.Сөз соңында К
дыбысынан
кейін дауысты дыбыс келсе ,к
дыбысы г-ге айналады.
Бесік-
бесігі
Ойын: «Қай әріпті
жоғалттың»
Шәйне...
Күре...
Көйле...
Тақта мен
жұмыс
3-жаттығу.Суреттегі заттардың
атына і дыбысын
қосып өзгертіп
жаз.
Елік-елігі,бөрік-бөрігі,үтік-үтігі
Сергіту
сәті
Мынау менің -
жүрегім.
Бәрі осыдан
басталған,
Мынау- басым
ақылды.
Бәрін осы
басқарған,
Мынау менің- оң
қолым.
Мынау менің -сол
қолым,
Барлық істі
атқарған.
Карточка мен
жұмыс
4- жаттығу. Сөздердің аяғына у
әрпін қосып жаз.
-Абай,Мұхтар туралы не
білеміз?
-Қандай шығармалары
бар?
Соны мен біз бүгін қандай
дауыссыз дыбыстар өттік ?
Салыстыру: -
қатаң,сөздіңбасында,ортасында, соңында келеді. Г-ұяң дауыссыз
дыбыс,
сөздің ортасында,басында
келеді. К дыбысынан кейін дауысты дыбыс
келсе,
к дыбысы г-ге
айналады.
Мысалы: жүрек-жүрегі,
түлік-түлігі.
Сабақты
қорыту: Бүгін қандай жаңа білім алдық?
Мысал келтіру. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздарға
айналдыру. Үйрек- үйрегі
Үйге: 51-бет 5
-жаттығу
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды
мадақтап бағалау .