400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дауыссыз к мен г" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдер үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу ісінің меңгерушісі:

САБАҚ:

Дауыссыз к мен г

Достық- ұлы туымыз

Мектеп: №9 орта мектеп

Күні: 18.10.2018ж.

Мұғалімнің есімі: Акшабаева Т.Ж.


СЫНЫП: 2 «Д»

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.4.1.3* - дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және

емлесін сақтап жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындады, тақырыпты меңгерді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыпты ашып, дәлел келтірді.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстарды қолданды.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Өсеміз біз, күліп ойнап

Он саусақтың саласындай

Өсеміз біз күліп ойнап

Бір адамның баласындай.



Билеттер арқылы топқа бөлу.

1 топ қ, к, п,с, т, ш (қатаң)

2 топ б, в, г, ғ, д, ж (ұяң)

3 топ л, м, н, ң, р, й (үнді)


Picture 8 Picture 8 Picture 8


Оқушылар амандасып, шаттық шеңберге тұрады.





Билеттер арқылы топқа бөлінеді.




Ортасы 15 минут

Тыңдалым. Жаңа сабақ.

-Енді айтыңыздаршы кешегі сабақта қандай тақырыппен таныстық? - Дауыссыз к мен г әрпі


-Олай болса,тыңдаған ережені еске түсірейік. Ереже:

Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: түлек –түлегі, серік-серігі, жүрек -жүрегі.


Достық дегеніміз не?

Дос дегеніміз кім?



ҰЖ. 41-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Shape1

Достық – ұлы туымыз

Дос, бауыр көп, Тілегі бір,

Тосқауыл жоқ, Жүрегі бір,

Айқара ашық есігі. Достармен біз біргеміз.

Ұлы Отаным, Туыс барда,

Гүл Отаным - Құрыштан да

Тыныштықтың бесігі. Берік біздің іргеміз.









Дескриптор.

1.Өлең не туралы екенін айтты.

2.Өлеңдегі негізгі ойды анықтады.

3.Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазды.


Қ/Б. «Шапалақ»


Жеке жұмыс. 42-жаттығу. Көп нүктенің орнына к, г әріптерінің тиістісін қойып, өлеңді көшіріп жазады.

Халқымыздың сенімі,

Жақсылардың серігі.

Күрестерде шыныққан,

Ағаларға мен іні.


Дескриптор.

1.К, г дыбыстары туралы айтты.

2.Серік сөзінің қандай өзгеріске ұшырағанын айтты.


Қ/Б. «Басбармақ»



«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

























Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Мен қазақпын»

Видео

жазбадағы би

Аяқталуы 15 минут

Дәптермен жұмыс.

ТЖ. 43-жаттығу. Бос төркөздерге тиісті әріптерді қойып, шыққан мақалды оқы.


Дескриптор.

1.К дыбысына і дыбысын қосып оқыды.

2.Шыққан сөзді оқып берді.


Қ/Б. «Бағдаршам» әдісі.


Жұптық жұмыс.

44-жаттығу. Өлеңді тыңда

Атам мені «құлыным» дейді

Әжем мені «боташым» дейді

Әкем мені «шырағым» дейді

Шешем мені «қозым» дейді

«Айналайын, жаным!» дейді

Ал, шынында, мен кіммін?


Дескриптор.

1.Өлең не туралы екенін анықтады.


Қ/Б. «Басбармақ» әдісі.



Топтық жұмыс арқылы мақалды табады.




















Үйге тапсырма: 45-ж, 59-бетте.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Кері байланыс

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі