Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Деформация" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл Деформация тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар ашық сабақ үлгісі. Жаңартылған бағдарлама үлгінде жазылған қысқа мерзімді жоспар. Сабақ жүргізу барысында мұғалімге топтық жұмыс, жеке жұмыс түрлерін ажыратуға өте ыңғайлы. Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер "Миға шабуыл", "Кім тапқыр?", Тони Райанның "Дананың кілттері", "Ақылдың алты қалпағы" әдістерімен сабақтың тақырыбын да мағынасын да аша түседі. Ақылдың алты қалпағымен сабақ қорытындыланады. Рефлексия кезеңінде "Тазалық" ойыны жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Физика

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: «Денелердің өзара әрекеттесуі»

Мектеп: Сәкен Сейфуллин атындағы №74 ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:Елубаева Балгын Тилепалдиевна

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Деформация

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)

7.2.2.3 пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: денелердің өзара әрекеттесуі салдарынан деформацияға ұшырауын біледі, пластикалық және серпімді деформацияларды ажырата алады, мысалдар келтіреді

Көптеген оқушылар істей алады:қарапайым тәжірибелер жасай алады, деформацияның пайдалы және зиянды жақтарын қолданады

Кейбір оқушылар істей алады: сапалық, логикалық сұрақтарға жауап бере алады,


Бағалау критерийлері

  • пластикалық және серпімді деформацияларды ажыратады

  • пластикалық және серпімді деформацияларға мысалдар келтіреді

  • тақырып бойынша логикалық сұрақтарға жауап беріп,қарапайым тәжірибелер жасай алады

  • сапалық есептерді шығара алады

  • деформацияның пайдалы және зиянды жақтарын қолданады


Тілдік мақсаттар


  • Оқушылар серпімді және пластикалық деформацияға ауызша анықтама береді, мысалар келтіреді, деформацияның пайдалы және зиянды жақтарын қолданады

  • Деформация, пластикалық, серпімді, сколиоздық деформация ұғымдарын біледі.


Құндылықтарды

дарыту




Қарым-қатынас жасау қабілеті – жұмыс түрлерін (жұптық, шағын топтық, бүкіл сынып) ұйымдастыра отырып белсенділіктерін арттыру

Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау – талдау, сызба көрсету және дәлелдеу тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.


Пән аралық

байланыс

Технология – бұйымдар жасау, жаңа дизайн

Дене шынықтыру – дене қимыл жаттығулары

Техника - амортизатор

Тақырып бойынша

алдыңғы білім


Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


7 мин















5 мин


Сыныпқа жағымды ахуал орнатқаннан кейін, қима қағаздар әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Ой шоғырландыру,

(W) «Миға шабуыл»

Демонстрация әдісі арқылы оқушыларға бірнеше мысалдар көрсетіледі: серіппені созу, шыныны құлатып алу, шарды үрлеу,қағазды умаждау,допты тебу осы мысалдар туралы не айтасыздар? Осы мысалдардың бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, жетелейтін сұрақтар қою арқылы немесе түйінді сөздер арқылы деформация және оның түрлері, мысалдары жайлы мағлұмат беру.

Тәжірибе жүзінде мысалды көрсету арқылы ойларын түйіндейді. Осы жерде тақырып ашылады.



  1. «Кім тапқыр»?

Оқулықты пайдаланып деформация түрлерін ажырату.

Осы тапсырмада оқушылар сабақатың мақсатын айқындап, тақырыпты ашады.

Сөздер жазылған қима қағаз



серіппе, шыны, шар,қағаз,доп





















7 сынып оқулығы

Сабақтың ортасы

5 мин
























14 мин








































7 мин












































Денеге әсер ететін күштердің сипатына қарай деформацияны келесі түрлерге жіктейді:

  1. Созылу деформациясы;

  2. Сығылу деформациясы;

  3. Ығысу деформациясы ( немесе кесу);

  4. Бұрау деформациясы;

  5. Майыстыру деформациясы.

Ең қарапайым деформация түрлері:созылу деформациясы, сығылу деформациясы және ығысу деформациясы ( немесе кесу) болып табылады

(W) Ашық сұрақ әдісі бойынша сұрақтарға беріледі

  1. ........ ұзарады

  2. ....... майысады

  3. ........ иіледі

  4. Деформацияның ..... болады

  5. ...... бүліну, бұзылу деген мағынаны береді

  6. Сколиоздық деформация ........

  7. Саз балшықтан, гиппстен жасалған бұйымдар ......

Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушылар қызыл жұлдызшамен, толық жауап бермегендер сары жұлдызшамен бағаланады



Оқушылардың мотивациясын тудыратын берілген кілт арқылы оқушылар күрделі ой әрекеттерін орындайды

( G )Тони Райанның «Дананың кілттері»

әр топқа ыдыс ішіне салынған моншақ, ермексаз, скрепка, серіппе беріледі. Төмендегі кілттер бойынша жұмыс жасап қорғайды.

  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз және деформацияланатын денелерді атаңыз. ?

  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R – remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

  • «Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.?

Тапсырма кілттері арқылы ойлау әрекеттерінін талдау , сыни ойлау сияқты түрлері орындалады. Жаңа дизайн кілтінде топқа берілген заттарды түгелімен пайдаланып тұрмыста пайдаланатын бұйымдар немесе әр түрлі денелер жасап шығарады. Жөнсіздік кілтінде туындаған дүниелерін күнделікті өмірде қолданысын дәлелдейді. Деформацияның пайдасы мен зияны.



Бағалау критерийі

Десрептор

  • Тапсырма

ның масатына жетті

  • Деформа

ция түрлерін ажырата алады

  • Деформацияланатын денелерді білді

  • Деформацияның пайдасы мен зиянын білді

  • Логикалық ойлау қабілеттері айқындалды

  • Ресурстарды тиімді пайдаланды



(G) Ақылдың алты қалпағы

Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.

Кері байланыс ретінде жұптраға берілген қалпақтар бойынша өз ойларын айтады

Ақ қалпақ- эмоциясыз, таза ойлау, дұрыс ойлау. Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады. 

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді.Позитивті ойлау. Болашаққа деген үмітті көзқарас.Қарастырылып отырған құбылыстан позитивті жағын бөліп алып және неліктен позитивті екенін дәлелдеу керек.

Сары қалпаққа қарама-қайшы.Ненің қиын, түсініксіз, мәселе тудыратын, негативті екенін анықтап және себебін түсіндіреді.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді. Бұл сезімталдық қалпағы. Өзінің өзгеріс көніл-күйін өткен немесе өзге құбылысты сәттермен байланыстырады.

Бұл шығармашылық ойлау қалпағы. Жаңа тақырыпты өткен кезде келесі сұрақтар: «Жаңа жағдайда жаңа әдіс, факт немесе басқа әдіс-тәсілдерді қалай қолдануға болады?».

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады.

Бұл философиялық , пысықтау қалпағы.. Көк қалпақты таңдаған топ немесе жұп міндетті түрде барлық жұмыс уақыттарын әр түрлі екі бөлікке бөлулері керек: біріншіден- басқа топтарды аралап, олардың көзқарасын қабылдап , екішіден- өз топына қайта оралып , жинаған материалды пысықтайды, қорытады. Олар соңғы сөзді айтады.



















жұлдызша







Ермексаз, моншақ, скрепка, серіппе

Кілттерге жазылған тапсырма















































Алты қалпақ





Сабақтың аяғы

3 мин









Үй тапсырмасы

1 мин



Рефлексия

«Тазалық»

Шабадан – өзіне маңызды ақпараттарды жинайды, еттартқыш – түсінбеген ақпараттарды ой елегінен өткізеді, себет – қажет емес ақпараттарды тастайды

Оқушылар стикерге өздеріне қажет ақпараттарды жазып

Шабадан, ет тартқыш, себетке апарып жабыстырады

Өздерінің күнделікті үй жағдайында кездесетін деформацияларға мысал келтіру



Үй жұмысын күнделікке тіркейді

Шабадан, ет тартқыш, себет





Күнделік

Саралау– Сіз жоспарда қолдауды қалай басымырақ көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті балаларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың меңгерген білімдерін қалай тексеруді жоспарға енгізіп отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын қорғау

Қарқын тәсілі

Оқу мақсаттарына жету үшін сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың ішкі уәжін ояту және жаңа сабаққа зейінін шоғырландыру үшін демонстрациялық тәсілдер арқылы, жетелеу сұрақтарын қоя отырып түйін сөздермен сбақтың тақырыбын ашады

Диалог және қолдау көрсету тәсілі

Оқушыларды қолдау мақсатында «Ашық сұрақтар» әдісі бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дереккөздер тәсілі

«Дананың кілттері» Оқушылардың мотивациясын тудыратын берілген кілт арқылы оқушылар ресурстарды пайдаланып күрделі ой әрекеттерін орындайды

Қорытынды

Оқушылардың танымдық-интеллектуалдық қабілетін арттыру үшін тапсырмаларды саралап, оқушылардың жеке қажеттіліктеріне қарай «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы деформация тақырыбын қорытындылайды.

Сабақтың басы ширату кезеңінде берілген «Миға шабуыл» кезеңінде және оқулықпен жұмыс жасағанда шабыттандыру, ынталандыру мақсатында ас бармақпен, тамаша, керемет деген сөздерді пайдаланау арқылы бағалаймын.

Тапсырманы зерек орндаған оқушыларға жұлдызшалар үлестіремін. Қызыл жұлдызша толық жауапқа, сары сабаққа қатысып белсенділік танытқа оқушыларға беріледі.

Бағалау критерийі

дескриптор

*Тапсырманың масатына жетті

*Деформация түрлерін ажырата алады

*Деформацияланатын денелерді білді

*Деформацияның пайдасы мен зиянын білді

*Логикалық ойлау қабілеттері айқындалды

*Ресурстарды тиімді пайдаланды



Сабақ барысында демонстрация болғандықтан физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі тағы еске салынады

Сабақ бойынша рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ жетті ме? Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттары сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз. Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақтың екі көрінісі жақсы өтті (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға ненің әсері тиуі мүмкін (оқыту мен қатар оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында мен сыныппен бөлек оқушылар туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
3034
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12