400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Дене мүшелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған керекті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Дене мүшелері»

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір - бірінен айырмашылығын салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру, олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға үйрету. Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу, жас ұрпақтың дұрыс өсіп - жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету. Сонымен қатар балаларға жаңа сөздерді меңгерте отырып сөздік қорларын байыту, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Балаларды бір - бірінің ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Таратпа суреттер, доп, сиқырлы сандық, түрлі түсті қағаздар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздерме!

Балалар айтындаршы кәзір қай жыл мезгілі екен? Қыс мезгілінде неше ай бар екен? Балалар қыз мезгілінде табиғатымызда қандай өзгерістер болады екен?

Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың қандай тақырыпта екенін білу үшін, алдымен осы жаттығуларды жасай отырып табайықшы. Ең бірінші дене мүшелерімізбен амандасайық. (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу) Балаларға жаттығу жасатудың алдында бір стақан суды кішкене мөлшермен ұрттап ішкіземін. Балаларға мынадай қимылдарды орындатамын:

1. Оң қолды сол аяққа тигізеді.

2. Сол қолды оң аяққа тигізеді.

3. Қолдың саусақтарын айқастырады.

4. Аяқтарын айқастырады.

5. Көзбен шеңбер сызады.

Жарайсыңдар! Өте жақсы көрсеттіңдер.

Жаттығу жасаған кезде біз:

  • көзімізбен көрдік

  • құлағымызбен естідік

  • қолдарымызды, аяқтарымызды қимылдаттық.

Бүгін біз сабақта адамның дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысамыз. Балалар, қалай ойлайсыңдар қандай адам бақытты?

Иә, дұрыс, ең бақытты адам – денсаулығы мықты адам. Себебі денсаулығы мықты адамның көзі көреді, құлағы естиді, аяғы жүреді, қолы жұмыс істейді.

Ендеше балалар суретке қарап, адам дене мүшелерін атап көрсетейік.

Shape1













Міне, балалар, бас, қол, аяқ, тұлғаны - адамның дене мүшелері деп атаймыз.

Кәнеки балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, тыңдыңыздар! Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім? «Адам»

Адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адам өз өмірін сақтау керек, сондықтанда ол өзін танып білуге міндетті. Олай болса мен сіздерге қызықты ертегі айтып берейін тыңдаңыздар.

Бас бірінші болып былай дейді: «Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан өлер еді.»

«Егер мен болмасам сені арлы - берлі жан - жаққа бұрар еді» - деп мойында дауласа кетеді.

Осы кезде «Достар білесіңдер ме, егер де біз болмасақ жүкті әрлі-бері тасу, тамақ дайындау, ішу, кірді жуу, жазу, сурет салу, ойнау да өте қиын болар еді»-дейді қол.

Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен, мен ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді.»

«Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер ешқайсысыңыз аяқсыз ешқайда да бара алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға, дүкенге, жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рахмет алмаймыз» - дейді аяқтар. Бұл айтыс дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз түсінен өзі шошынып, оянып кетті.

Ал, балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамға ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі немесе аяқтары ма?

Барлығы да бізге керек.

Олай болса балалар өз досымызды тану үшін қызықты ойын ойнасақ қалай қарайсындар.

Ойын «Өз досыңды таны»

Тәрбиеші балаларға бір-біріне қарап қандай айырмашылықтарын және ұқсастықтарын бар екенін айтуды ұсынады. Балалар шашының түсі, көзі, мұрын пішіні, бойы, түсі жағынынан айырмашылықтарын бар екенін айтады.

Балалар : Менің көзім кішкентай , менің шашым сары, менің құлағым үлкен, менің бойым ұзын, т.б.

Тапсырма: Суретке берілген мүшелерді қиып, ретімен қоямыз.



















Сергіту сәті: Кәнеки балалар шаршаған шығарсындар бір серігіп алайықшы. Ол үшін барлығымыз бейнежазбадағы іс әрекеттерді орындайық.

Жарайсындар балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырып, «Сиқырлы сандық» деген ойын ойнайық. Біздің сиқырлы сандығымыздың ішінде бүгінгі сабағымызға байланысты жұмбақтар және құрастырма суреттер болады. Жұмбақтарды шешу арқылы биз сиқырлы суретімізді құрастырамыз.

Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшің мен «Допты қағып ал» тәсілі бойынша сендерге сұрақтар қоямын.

  • Біздің бүгінгі сабағымыз не жайлы болды? (дене мүшелері)

  • Біздің дене мүшелеріміз неше бөліктен тұрады екен? (бес бөлік)

  • Бас бөліктерің ата?(шаш, қас, бет, мұрын, көз, құлақ, ауыз.)

  • Мұрын не үшін керек? (Мұрын тыныс алу үшін керек)

  • Сезім мүшелерін ата? ( көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)

  • Қол не үшін керек? (Қол заттарды ұстау үшін, жұмыс жасау үшін керек.)

  • Аяқ не үшін керек? (Аяқ жүру үшін керек.)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
535
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі