400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ дене шынықтыру Гимнастика

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуды үйрету; ә) шашыраңқы жүріп, жүгіруге жаттықтыру; б) күштілік, ептілік, икемділік қасеиттерін дамыту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс – әрекет түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Гимнастика

Мақсаты:

а) гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуды үйрету;

ә) шашыраңқы жүріп, жүгіруге жаттықтыру;

б) күштілік, ептілік, икемділік қасеиттерін дамыту;


Қолданылатын құрал саймандар: гимнастикалық төсеніш, гимнастикалық скамейка, гимнастикалық қабырға.


Мотивациялық – қозғаушы

Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Шеңбер бойымен жүру, қолға арналған жаттығулар жасап жүру – алдыға, жан-жаққа, белге, иыққа – шынтақты әр жаққа 5 реттен айналдыру. Қол жоғарыда аяқтың ұшымен – «күнге созыламыз», өкшемен – «балапандар»; балапандар өсті, қораздар тәрізді тізені жоғары көтеріп жүреміз. Жүру, дем алу жаттығулары, 3 саптізбек құру.

Ұйымдастырушы-ізденуші:

1. Басқа арналған жаттығулар
1. Алға
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Артқа ию
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)


2. Иыққа арналған жаттығулар
1. Оң иықты көтеру.
2. Бастапқы қалып
3. Сол иықты көтеру
4. Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)


3. Қолға арналған жаттығулар
1. Қолды алға созу
2. Жоғары созу
3 Жанға созу
4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)


4. Белге арналған жаттығулар
1. Оңға иілу
2. Бастапқы қалыпқа келу
3. Солға иілу
4. Бастапқы қалыпқа келу


5. Аяққа арналған жаттығулар
1. Аяқты қосу
2. Тізені бүгу
3. Бастапқы қалыпқа келу

Негізгі қимылдар:

1. Гимнастикалық скамейкадан секіру;

2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.

3. Гимнастикалық қабырғада мініп-түсу. Жаттығуларын жасату.


Қимылды ойын: «Балапандар»

Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта – отырған тауық және оның балапандары бар. Таңдап алынған үш лашын құстар балапандарға алақандармен тигізуі қажет, содан кейін ойыннан қуып шығылады. Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Шабуыл кезінде балапандарын қорғаған тауықтың қолы лашынға тисе, ой ойыннан шығып қалады.

Рефлексивті – коррекциялаушы:

Саптізбекте бір-бірден жүру,дем алу жаттығулары, нүктелі массаж

Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?

Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: гимнастикалық скамейкадан секіруді, гимнастикалық қабырғада мініп-түсуді;

Машықтандыру: гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуге;





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі