жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу 7 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денелердің өзара әрекеттесуі. |
Мектеп: Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №25 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Б.Ержанова |
||
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы
|
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу. |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.2.8-Күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету; 7.2.2.9-Денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің теңәрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау. |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: - күш, оның түрлерін біледі және күшті графикпен өрнектей алады; Оқушылардың басым бөлігі: -күшті сипаттау үшін тиімді масштабты пайдалана алады; Кейбір оқушылар: - күштерді график түрінде бейнелеп, өзара салыстырулар жасай алады. |
||
Бағалау критерийлері
|
-күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсетеді; -денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің теңәрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтайды;
|
||
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология |
-Оқушылар: Күш және оның түрлері туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып, өз ойларын дамыта отырып, ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: - теңәрекетті күш; - теңәрекетті күштің бағыты. -теңәрекетті күштің модулі; |
||
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларды оқу үрдісіне бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір- бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту.бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау, өзара қарым – қатынаста сын тұрғысынан ойлау.
|
||
Пәнаралық байланыстар |
Сызу сабағы : Оқушылар күшті графикпен көрсете біледі және онымен жұмыс істей алады. География сабағы: масштабты біледі. Қазақ тілі: Есептерді түсіндіру жолдарында сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, физикалық тілде сөйлеу. |
||
Алдыңғы білім
|
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. |
||
Сабақтың барысы
|
|||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
40 минут |
||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||
Сабақтың басы 8 минут
|
І. Оқушылармен сәлемдесу.Оқушыларды күштің атауы арқылы топтарға бөлу.Оқушылардың зейінін шоғырландыру I топ-Ауырлық күші; II топ- Серпімділік күші; III топ- Үйкеліс күші.
ІІ. «Миға шабуыл»: Физикалық диктант (экраннан көрсетіледі) 1 - нұсқа 1.Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш ......... деп аталады. 2. Үйкеліс күшінің формуласы: .......... 3. Нормаль қысым күші .......... белгіленеді. 4. .............. үйкелістің пайда болуының басты себебі болып табылады. 5.Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең? 2 – нұсқа 1. Үйкеліс күші ............ белгіленеді. 2. Үйкеліс күшінің түрлері: ................... 3. Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне перпендикуляр) түсіретін күші .............. деп аталады. 4.Үйкелісті азайтудың мүмкін жолдарының бірі- ............ 5.Массасы 80 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті μ= 0,3.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
|
Интербелсенді тақта, слайдтар |
|||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут
|
ІІІ. Мағынаны ашу. (оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру) Оқушыларға төмендегі суретті презентация арқылы көрсетеміз.
Теңәрекетті күш – денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш. Белсенді оқытудың «Кластер әдісі» арқылы оқушылар денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосуды қарастырып, әр жағдай үшін теңәрекетті күштің формулаларын алады:
нені үйренгені түйінделеді. Топтар бір-бірін бағалайды. |
флипчарттар |
|||||||||||||||
20 минут
|
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту. «Ойлан, жұптас,талқыла» Деңгейлік есептер: І. Жеке жұмыс. (өзін-өзі бағалайды)
1. Бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әсер етеді: F1=50Н, F2=100Н, F3=150Н. Олардың теңәрекетті күші неге тең және ол қай жаққа бағытталған?
2. Бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әсер етеді: F1=0,25 кH, F2=0,75 кH, F3=0,5 кH. Олардың теңәрекетті күші неге тең және ол қай жаққа бағытталған?
3. Бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әсер етеді: F1=40 H, F2=0,6 кH, F3=20 H. Олардың теңәрекетті күші неге тең және ол қай жаққа бағытталған?
Дескриптор:
- Теңәрекетті күшті есептеу – 1 - Теңәрекетті күштің бағытын анықтау – 1
ІІ. Жұптық жұмыс. (бірін-бірі бағалайды)
Дескриптор: - күштерді графикалық түрде кескіндеуі -2 - сызба үлгісін дайындауы - 2 - теңәрекетті күшті есептеу -1
|
интербелсенді тақта, слайдтар, карточкалар |
|||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||
|
ІІІ. Топтық жұмыс. (топтар өзара бағалайды) «Сызбанұсқамен жұмыс»
Ұшақ ұшу жолында тұр. Оған қандай күштер әрекет етеді? Олардың теңәрекетті күші қандай? Неге? Сызбанұсқамен түсіндіріңіздер. Ұшақтың екпін алу және ұшу кездеріндегі күштерді масштабпен салып көрсетіңіздер.
Дескриптор:
Деңгейлік тапсырмалар дескрипотрлар арқылы бағаланады.
V.Оқушының қажеттілігін анықтау мақсатында «жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл» бойынша кейбір оқушыларға берілетін қосымша тапсырма.
1.Денеге бір түзудің бойымен үш күш әрекет етеді: 6Н; 3 Н; 9 Н. Теңәрекетті күш неге тең?
Дескриптор:
-Сызбаны ұқыпты орындайды; - есептің дұрыс төрт жауабы бар екенін дәлелдеу.
|
флипчарттар
|
|||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут
|
Сабақты қорытындылау: «Жалғасын тап» әдісі арқылы 1.Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш................... 2.Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда....... 3. Егер екі күш денеге қарама-қарсы бағытта әрекет ететін болса,......... 4. Егер денеге мәндері бойынша тең, қарама-қарсы бағытта әрекет ететін болса,.................
Рефлексия: «БББ әдісі » арқылы
Үйге тапсырма: § 7.2; № 361 (К) ; 11- жаттығу. |
||||||||||||||||
Саралау- сіз қандай тәсілмен Көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау- сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||
-Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай сараланды; -Деңгейі жоғары тапсырмаларды оқушыларға жүзеге асыру жоспарланды; |
-Тапсырманы орындау барысында оқушылар өзін-өзі, бірін- бірі, топпен бағалады; - «қорытынды шығару және есте сақтау»әдісі -«жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл»
|
|
|||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезінде уақыт тиімді пайдаланылады?
|
Бұл тарауды рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||
Сабақты жоспарлауда:
- Оқу және сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалар дайындауды; - Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды жүзеге асыруға тырыстым.
|
|||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген