жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Денеге қалай күтім жасаймыз ?" 2 сынып
|
Сабақтың тақырыбы: Денеге қалай күтім жасаймыз? |
Мұғалімнің аты-жөні: Күні: |
||||||
|
СЫНЫП: 2 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
|||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.2.3.4 - денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау; 2.2.3.5 - тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау 2.1.2.4 - бақылау жүргізудің жоспарын құру; |
||||||
|
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
||||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
||||||
|
Сабақтың жоспары |
|||||||
|
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
|||||
|
Басталуы 5 минут Өткенді қайталау |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Топтарға бөлу. Тарақ пен сабындар бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған заттарға сай топтарға бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 1 минут Саусақтарын тигізіп бір-біріне мен саған бар жақсылықты тілеймін деп жақсылық тілейді Өткен сабақта балалар қандай тақырыппен танысып едік ? -Қаңқа құпиясы -Қазір біз қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаймыз. Адам қаңқасының негізгі бөліктерін жазады. Оларды жинап алған соң, оқушыларға қима қағаздар беріледі.Қима қағазды құрастыру керек.Құрастырған кезде сурет шығады.Сол сурет әр топтың атын білдіреді.Қане балалар ағылшынша оқи аламыз ба ? Топардың аты Colgate.bled-a-med Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екенін білу үшін мына ребусты шешіп көрейік, Жауабы:Денеге қалай күтім жасаймыз ? -Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болмақ ? –Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек ? (оқушылар өздері бұл сабаққа мақсат қояды) -Алдын ала айта кетейін тапсырмалар орындаймыз тапсырманы дұрыс орындаған топқа тіс бейнесіндегі смайликтер беріліп отырады,егер топта бір-біріңді тыңдамай топ ережесін сақтамаған кезде ол алынып тасталады.Бүгінгі сабақта дұрыс,жақсы жауаптарыңа тіс бейнесіндегі смайликті өз ыдстарыңа салып отырамын. |
1-топ блендамет 2-топ колгейт |
|||||
|
Жаңа білім 10 минут Зертте бөлімі Білу және түсіну Сен білесің бе? айдары Сергіту сәті |
Адамның дене мүшесіне нелелер жатады ? Қолдарыңа қарап өз қолдарыңды сипаттап беріңдер. -Қолымыз неге кірлейді ? -Кірді не тазалайды ? -Қолды қандай жағдайларды жуу керек ? -Қолды қалай жуасыңдар ? Тісті дұрыс тазалау үлгі көрсетілген суретке назар аударайық.Тісті қалай жуамыз ? қорытындылату. Оқушылар ламинат қағаздары мен фломастерін, айналарын алдарына алады. Өз тістеріне зерттеу жүргізу. Айнаның көмегімен өздерінің тістерін қарайды.Қағазға пішіні мен мөлшері жағынан ерекшеленетін тістердің суретін салады.Ауыз қуысындағы тістердің түрлерін санайды.Қарындашпен тықылдатып көреді.Үстіңгі астыңғы жақтағы тістерді санайды. Әр топқа қорытынды жасату. Интербелсенді тақтадан тіс түрлерін көрсету. Ауызша түсіндірме: Тіс адамның дене мүшесі.Тісті орысша зубы,ағылшынша тииз деп атайды.Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс,ит тіс,азу тістер болып бөлінеді.Күрек тіс тамақты тістеп,бөліп алуға арналған алдыңғы тістер.Ит тістер бөлінген тамақты шайнап,ауызда ұстап тұру үшін қажетті үшкір тістер.Азу тістер асты ұсақтап шайнау үшін қажет. Адамда 32 тіс болады. Ай,тісім ай слайдтан көрстеу Әр топқа сұрақтар қою: -Тістегі тесіктер неден пайда болады ? Видео мультфильм көрсету Зубики и их помощники. Бұл мультфильмнен өздеріңе қандай сабақ алдыңдар?Қандай қорытынды шығарасыңдар ? Тіс пастасымен күніне екі рет тісті тазалау керек.Оқушыларға екі топқа әр түрлі суреттер таратып беру.Сол суреттердің арасынан қазір дене мүшелеріне зиянды заттар,дене мүшелеріне пайдалы заттарды тауып,іріктеп алып қағазға желімдеңдер.Оны топ мүшелерімен ақылдасып жасайсыңдар.Ал іске сәт. Топпен жұмыс: Оны жасап болған соң топпен шығып қорытынды жасату.Неліктен бұл суреттерді жабыстырдыңдар ?Түсіндіріп айтып беріңдерші. Оқулықпен жұмыс Гигиена деген не ? Үйдеріңде гигиеналық талаптар сақталған ба ? Қазақтың қандай ұлттық тағамы тіске пайдалы екен ? Сергіту сәті Қазір бізде қай мезгіл басталды ? Қыс кезінде дене мүшелерін қалай күтеміз ? Серуендеп далада ойнау керекпіз.Соған байланысты аққала жасап көрдіңдер ме ? Қане бірге аққаламен жаттығу жасайық денеміз сергіп қалсын. Жұмбақтар шешкізу. Ертемен күнде сен,қолыңа сүйкейсің. Кетіп кір-ласың, тап-таза боласың.Бұл не ? (Сабын) Дәмі де жоқ,түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) Шомылған баланы, аймалап алады. Сүртеді қолыңды,сүртеді жоныңды.Бұл не ?(Сүлгі орамал) Аралап қалың орманды,қалайды сұлу болғанды. Қолы жоқ,сөзі жоқ,бірақ та тісі бар,басыңмен ісі бар. (Тарақ) Түйістіреді көзіңді көзіңе, Жолықтырады өзіңді-өзіңе. (Айна) |
Оқулық, мәтіндер. |
|||||
|
10 минут |
Қолдану Дәптермен жұмыс |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. |
|||||
|
Сұрақтар қою |
Маржан тіс аквариумдағы балыққа ұқсас оқушыларға суреттер таратып беру кімге маржандай тіс түссе сол топтағы балаларға келесі топ сұрақтар қояды ? |
|
|||||
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут Үйге тапсырма |
Синтез Кері байланыс Бүгінгі сабақта сендер не білдіңдер ? Неге үйрендік ?Бұл сабақта не істедік ? Сол туралы айтқызу.Тіс формасында жасалған жұмсақ ойыншықты оқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-бірлеріне лақтырады.Не білгендерін не үйренгендерін ортаға салады. Балалар сендер өздеріңді бүгінгі сабақ бойынша бағалап көріңдер.Жетістік баспалдағының қай жеріне келдіңдер ? астыңғы ортасы немесе ең жоғарғы жағына келгендеріңді тауып көрелік.Ол үшін ең төменгі бөлігі мен бүгінгі сабақта түк түсінбедім,екінші бөлігі сұрағым бар,ең биігі мен бәрін түсіндім деген ұғымды білдіреді.Оқушыларға стикерлер таратып беру,аттарын жазып жетістік баспалдағына апарып іледі. Тістің құрылысы мен бөліктері туралы мәлімет жинап келу
|
|
|||||
|
Бағалау |
Екі топта өте жақсы қатысты тіс смайликтерін санап көрелік мадақтау қорытындылау Ермек Өтетілеуұлының өлеңімен аяқтағым келеді Тазалық пен ұқыптылық Дос бол сабын, сумен сен, Жиі-жиі жуын сен: Таңертең де,кеште де, Жуын күндіз-түсте де. Жуын тамақ алдында, Жуын тамақ соңында. Жуын ұйықтар кезінде, Жуын тұрған мезгілде. Су мен сабын-бір жолдас, Жоймас олар кір болмас! Тазалыққа ,денсаулыққа байланысты қандай мақал-мәтел білесіңдер ? Ауру мен тазалық араз. Денсаулық-зор байлық Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде, Тазалық саулық негізі, Саулық байлық негізі. Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды |
|
|||||
|
Үйге тапсырма: Тістің құрлысы мен бөліктері туралы мәлімет жинап келу |
|||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген