жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: "Дененің салмағы. Салмақсыздық". 9 сынып
Бекітемін:
Мектеп директоры: Г.К.Абылкайырова
Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Р.Сейсенова
Тақырыбы:
Физика пәнінің мұғалімі: Аксакалова А.А.
«Қызылбұлақ орта мектебі» КММ
Пәні: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мектеп: «Қызылбұлақ орта мектебі» КММ
Күні: 14.12.19 ж
Мұғалімнің аты-жөні: Аксакалова А.А.
Сынып: 9
Қатысқандар саны: 4
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):
Дене салмағы жайлы мағлұмат беру және дененің салмағы мен масса, ауырлық күшінің арасындағы айырмашылықты түсіну.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Дененің салмағы туралы біледі.
Көптеген оқушылар: Дененің салмағы массаға тәуелді болатынын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Дененің салмағы түсінігін өмірмен байланыстыра алады.
Жетістік критерийлері
Дененің салмағы туралы мағлұмат алады.
Дененің салмағын есептейтін өрнегін біледі және есептейді.
Дененің тіреу нүктесін анықтап біледі.
Ауырлық күші мен салмақтың бағытын сызбада көрсете алады.
Тілдік мақсаттар: Салмақ, ауырлық күші, тіреу нүктесі, тірек,аспа, салмақсыздық.
Құндылықтарды дарыту: Құндылықтарды дарыту әр бір тапсырманы тиянақты орындап нақты жауап беру арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыстар: Биология, математика
АКТ қолдану дағдылары: білім алушы тіреу нүктелерін анықтайды, бағытын көрсетіп сызады.
Бастапқы білім:
Ауырлық күші.
Дененің массасы
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру. (Оқушылармен амандасу, түгендеу)
Шаттық шеңберін құрып, бір-бірімізге жағымды сөздер айтып, сабақты көңілді бастаймын.
Үй тапсырмасын тексеру
1. «Қағаздағы
сұрақтар» әдісі
бойынша оқушылар өздері жауап бергісі
келген немесе жауабын білгісі келген
сұрақтарды қағаздарға жазып, қорапқа
салады. Қағаздарды араластырып, оқушылар
бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
2.Сәйкестендіру тесті
(жұптық жұмыс)
Сәйкестендіру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың ортасы
Жаңа тақырып
Топқа бөлу: «Салмақ», «Ауырлық күші»
Балалар, топқа қалай бөліндік, неге деп ойлайсыңдар./оқушылардың жауабы салмағымызға байланысты.
Менің салмағым 50 кг деп айту дұрыс па?
Қане, балалар, кім дұрыс, немесе бұрыс деп санайды?/оқушылардың пікірі тыңдалады. Мұғалім санап алады.
Жетелеуші сұрақтар арқылы
сабақтың тақырыбын ашып аламын.
Лифтімен
қозғалғанда лифтің табанына қандай
жағдайда көп күш түсіреміз?
Жоғары көтерілгенде ме, немесе төмен түскенде ме?
Осы сұрақтардың жауабын білу үшін келесі
тапсырмаларға назар аударайық.
1
тапсырма: Суретке
қарап «Дененің салмағы» дегеніміз не?
Анықтама бер.
Дескриптор: 1.Дене қайда тұрғанын анықтайды.
2. Дене тіреуге немесе аспаға қалай әрекет етіп тұрғанын біледі.
3.Күштің қайда түсетінін біледі.
Нәтижесінде білім алушы: Дене,салмақ, тірек, аспа, күш терминдерін пайдаланып анықтама құрастырады.
Дененің салмағы деп дененің тірекке немесе аспаға түсірілетін күшін айтады.
Дененің салмағы P=mg өрнегімен есептеледі.
Мұндағы m-? g-? (бастапқы білім)
2 тапсырма:
Суреттен анықта: дененің салмағы қандай шамаға жатады? Себебі неде? Оны қалай анықтадың?
Дескриптор: 1. Дененің салмағы векторлық шама екенін анықтайды.
2. Дененің салмағын P әрпімен белгілейтінін біледі.
3. Дененің салмағы қалай бағытталатынын түсінеді.
Нәтижесінде білім алушы:
Дененің салмағы - векторлық шама.
3 тапсырма: Салыстыру-дененің салмағының тіреу нүктесін анықтап, ауырлық күшінің тіреу нүктесімен салыстыр.
Дескриптор:
Ауырлық күші мен салмақтың тіреу нүктелерін салыстырады.
Қай суретте дененің салмағының тіреу нүктесі дұрыс көрсетілген.
Ауырлық күшінің тіреу нүктесі дұрыс көрсетілген.
Нәтижесінде білім алушы:
Ауырлық күшінің тіреу нүктесі дененің ауырлық центрінен бастап әр уақытта төмен қарай бағытталады.
Дененің салмағының тіреу нүктесі тірек немесе аспамен тірелгеннен нүктеден бастап бағытталатынын біледі.
4 тапсырма: Дененің салмағы неге тәуелді?
Дескриптор: Дененің салмағы массаға тәуелділігін анықтайды.
Нәтижесінде білім алушы:
Дененің салмағы дененің массасына тәуелді екенін анықтайды және P=mg өрнегін жазады.
Ертеде жаздың жайма шуақ күнінде алма ағаштың түбінде демалып жатқан ғалымды тысырлаған дауыстар оятады. Жан – жағына қараса қасында үзіліп түскен алманы байқайды. Содан ол барлық заттар неге Жерге тартылады, яғни оған Жер тарапынан қандай да бір күш әсер етіп тұр,ол барлық денелерді Жерге қарай тартатын ауырлық күшін байқайды. Бір кезде шиқылдаған құстардың даусы оның ойын бөліп жібереді. Қараса өзі отырған ағаштың бұтағына қонған құстарды көреді. Құстардың қонған бұтағы майысып тұр екен. Өзінің жемісін көтере алмады ма әлде құстар келіп қонғандықтан солай иіліп тұр ма деп ойлады. Алманың Жерге түсуі, ағаштың бұтағының майысып Жерге иілуі ғалымды ойландырып мынадай ой түйді. Алма Жерге түсті яғни оған ауырлық күші әсер етті, ал құстар Жерге емес ағаштың бұтағына күш түсірді.
Бұл күшті дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке әрекет ететін күші дененің салмағы деген қорытындыға келді.
Салмақ – дененің Жерге тартылуы
салдарынан оның тірекке немесе аспаға
әрекет ететін күші P=mg
Салмақсыздық –
дененің салмағы нольге тең болатын
дененің күйі. P=m(g – а)
Асқын
салмақ – тіректің немесе аспаның
үдемелі қозғалысынан туындайтын дене
салмағының артуы
P=m(g + а)
Сұрақ
1
Ғалымды таң қалдырған күш
туралы «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып
көр
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқулықпен жұмыс.
Есептер
шығару. Жұптық жұмыс.
1
– деңгей (ауызша)
Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай?
Массасы 40 кг бала 5кг сөмкені өзімен көтеріп ұстап тұр. Баланың салмағы қандай?
2 – деңгей
Лифтің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі 0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? (g=10м/с2)
Дене 1,5м/с2 үдеумен төмен қарай түскенде салмағы неге тең? Дене массасы 40 кг
3 – деңгей
1 |
Көпірдің қисықтық радиусы 100м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автомобильдің салмағы қандай? |
2 |
Қисықтың радиусы 2 м болатын көпірдің жоғарғы нүктесінен массасы 3 т машина 20 м/с жылдамдықпен өтсе, оның салмағы неге тең болады? |
Топ басшылары топпен бірлесе
дайындаған өз тобы жайлы
«Салмақ», «Ауырлық күші» білгендерін «Броундық
қозғалыс» әдісі бойынша қорғау.
Сабақтың соңы
-Сонымен балалар, Менің салмағым 50 кг деп айту дұрыс па? /оқушылардың ойының өзгергенін көреміз.
Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: өзін-өзі тексеру сұрақтары, №3,4 есепті шығару.
VII. Қорытынды. «Кемпірқосақ». Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген