Ашық сабақ Денім сау болсын десең...... 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Денім сау болсын десең...... 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Денім сау болсын десең...


Мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- Оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

- Оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

- Өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аудиокассета.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Оқушылар бір-бірімен сәлемдескен соң, барлығы қосылып, «Мен ниетімнің таза, денсаулығымның мықты болуына ықыластымын» - деп айтады.

Түйіндеме

Денсаулықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында. Денсаулықтың мықты, жанының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байланысты.

Осы түйіндемеден оқушылар адамның денсаулығын жақсартуы өз қолында екенін, адамның жан тазалығы, оның денсаулығының мықты болуына тікелей әсер ететінін, сондықтан әркім өз денсаулығына парасаттылықпен, байыпты қарағаны жөн екенін бағдарлай алады.

Денсаулықтың мықты, жанның таза болу адамның өзіне, айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлайтынын, оның негізі салауатты өмір салтын ұстануды екенін ұғынады.

Әңгімелесу

Әңгімелесу жүргізуге арналған сұрақтар салауатты өмір салтын ұстану, яғни жан тазалығы мен тән тазалығын сақтау үшін зиянды әрекеттерден аулақ болу жағына қарай бағыттай отырып, оқушылардың сұрақтарға жауап берулеріне жағдай туғызады.

«Денсаулығың өз қолыңда» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Салауаттылық – саулық негізі» деудің мәні неде?

Салауатты өмір салты не үшін керек?

«Сатып алған ауруға дауа жоқ» дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.

Мәтінмен жұмыс

«Зиянды әдеттер» атты мәтінмен жұмыс арқылы оқушылар зиянды әдеттердің адам денсаулығына қандай қауіп төндіретінін, зиянды заттарға тәуелді болудың салдары қандай азапқа түсіретінін біледі. Зиянды әдеттерден аулақ болудың мәнін түсінеді.

Әр адам денсаулығының мықты болуын, ұзақ та белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жастайынан адамгершілік ұстанымдарына негізделген салауатты өмір салтын таңдағаны жөн екені айтылады.

Зиянды әдеттер

Түйіндеме

Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты.

Осы түйіндеменің мағынасынан оқушылар мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүруді, өзін үнемі жақсы сезінуді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын ұстану үшін денені үнемі шынықтыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, жақсы әдеттерді игеру, ауыртпалықтарды жеңе білу, алғашқы көмек көрсету негіздерін білу, қажет жағдайда медицикалық көмекті іздестіру мен пайдалана алу, ақпараттарды тұтына білу, қоршаған ортаны қорғау, уақытты тиімді пайдалана білумен қатар ең бастысы ойың, ниетің таза болуын, өзіңді рухани-адамгершілік жағынан дамытуға талпынудың мәні зор екенін ұғады.

Тапсырма

Тапсырма оқушылардың мәтіннен алған білімдерін жинақтап, өз бетінше ойланып жұмыс істеулеріне жағдай туғызады.

Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазыңдар. Оларды болдырмаудың жолдарын ұсыныңдар. Ұсыныстарыңды кесте түрінде беріңдер.

Оқушылар тапсырманы орындау үшін сабақта меңгерген білімдерін саралап, зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазады. Оларды болдырмаудың жолдарын ойластырады. өз ұсыныстарын кестеге түсіріп, сыныпта жария етеді.

Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.

Дәйексөз

Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйексөзі ретінде Т.Карлейльдің «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты нақыл сөзінің мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.

Мұғалім оқушылардың ойын қорытындылай келе, «адам ең жоғары құндылық» екенін баса айтады.

Тапсырма

Оқушылар денсаулық туралы нақыл сөздерді оқып, тапсырмамен танысады.

Нақыл сөздерді оқыңдар. өздеріңе ұнағандарын таңдап алып, олардың мағынасын мысалдармен түсіндіріңдер.

Олардың ішінен өздеріне ұнағандарын таңдап алып, мағынасын мысалдармен түсіндіріп береді.

Ердің саулығы – елдің байлығы.

Қазақ мақалы

Денсаулықтың қадірін жастан білу – азаматтық борыш.

М.Әлімбаев

Шығармашылық жұмыс

«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбында эссе жазыңдар» деген шығармашылық жұмысты оқушылар алған білім-біліктерін ой елегінен өткізе отырып, орындайды.

Тыныштық сәті

Оқушыларды толықтай тыныштықта демалдыру мақсатында «Тыныштық сәті» ұсынылады.

Мұғалім:

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Дәптермен жұмыс

3-тапсырма

Мәтінді оқыңдар. Ұйқының денсаулыққа пайдалы немесе зиянды жақтарын таратып айтыңдар.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге қол ұстанып, шеңбер құрып, көңілді қимылдармен өрнектей, «Бала тілегі» әнін шырқайды.

Бала тілегі

Сөзі С.Молдасанұлынікі

Әні Ф.Лұқпанованікі


Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2-рет)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2-рет)


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсің,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2-рет)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
629
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі