Тақырыбы:
Денім сау болсын
десең...
Құндылық:
Сүйіспеншілік
Қасиеттер:
адамгершілік,жауапкерлік,
ұстамдылық.
Сынып:
6
Оқыту
технологиясы: СТО,
АКТ.
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс,
автор орындығы, стикердегі диалог, жуан-жіңішке сұрақтар, бес жолды
өлең, гауһарлар иеархиясы.
Пән аралық
байланыс: биология, қазақ
тілі
5Т: татулық, тәртіп, тазалық,
тыныштық, талап.
|
Сабақтың
мақсаты: оқушыларға салауатты өмір
салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды
заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрете
отырып, сүйіспеншілік құндылығының мағынасын
ашу.
Міндеттері:
-
оқушыларға адам денсаулығына
ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік
беру;
-
оқушылардың ой өрістерін,
сана-сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын
дамыту;
-
адамгершілік пен биік
мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан-жақты, рухани дамыған
тұлғаны тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже: оқушылар салауатты өмір салтын
сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын біліп, еркін
өз ойларын айтып, сөйлеу дағдысы
қалыптасады.
|
Ресурстар:
Интерактивті тақта, музыка,
дәптер, кітап, үнтаспа, постер, түрлі түсті қалам,
сағат.
|
|
Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру іс-әрекеті. 4
минут
Оқушылармен амандасып, қағаз
қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөліп, түгелдеп, тыныштық сәтін
өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеру. «Нұрға
бөлену»
1
2
3
4
І топ атауы:
Денсаулық
ІІ топ атауы:
Салауаттылық
ІІІ топ атауы:
Құндылық
ІV
топ атауы:
Сүйіспеншілік
|
Сабақ барысын
талдау:
|
|
І. Қызығушылықты
ояту кезеңі
1. Үй тапсырмасын тексеру.
7 минут
Үй тапсырмасына оқушыларға
«Табиғатты аялайық!» тақырыбында эссе жазу
тапсырылған. «Автор орындығы»
стратегиясы қолданылады. Оқушыларға
табиғатқа байланысты сұрақтар қойылады. (Слайдта сұрақтар берілген
сол сұрақтарға жауап берген соң кестелердің артынан бүгінгі
тақырыпқа байланысты сурет
шығады.)
|
|
-
Дәйексөз. 6
минут
Әр топ оқушыларына дәйексөздер
таратылып беріледі. Оқушыларға дәйексөздің мағынасын ашу
тапсырылады. «Стикердегі диалог»
әдісі
Дені сау адам – табиғаттың ең
қымбат жемісі
Т.Карлейль
Денінің саулығын тілегеннің
бірінші парызы – маңайының ауасын
тазарту.
Р.Роллан
Денсаулықтың қадірін жастан
білу – азаматтық
борыш.
М.Әлімбаев
Ердің саулығы – елдің
саулығы
Қазақ
мақалы
|
|
|
ІІ. Мағынаны ашу
кезеңі
-
Әңгімелеу. 8
минут
Әр топ оқушыларына карточкаға
сұрақтар жазылып беріледі.«Карточка иеархиясы»
стратегиясы
пайдаланылады.
-
«Денсаулығың өз қолыңда»
дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
«Салауаттылық – саулық негізі»
деудің мәні неде?
-
Салауатты өмір салты не үшін
керек?
-
«Сатып алған ауруға дауа жоқ»
дегенді мысалдармен
түсіндіріңдер?
Мәтінмен
жұмыс
«Зиянды әдеттер» мәтінін оқып,
талдау тапсырылады. Әр топ оқушыларына бір-біріне сұрақтар қою
тапсырылады
Бейнеролик көрсетіледі.
Оқушылардан бейнероликтен түйген ойларын айту тапсырылады.
(Темекінің пайдасы да
бар)
|
|
-
Шығармашылық жұмыс. 12
минут
Әр топ көшбасшылары слайдтағы
түрлі түсті бір шарды таңдап, шар астындағы берілген тапсырмаларды
орындау тапсырылады.
Қызыл
шар: Ұйқының денсаулыққа пайдалы
немесе зиянды жақтарын постерге жазып, қорғау
тапсырылады.
Ақ
шар:Дұрыс тамақтану жолдары.
«Гауһарлар иеархиясы» стратегиясы пайдаланылады. Оқушыларға жеті
карточкалар таратылып беріледі. Карточкаға өз идеяларын жазу
тапсырылады.Басымдылық берген карточка жоғарыға қойылады, бұдан
кейін екінші карточка екінші орынға қойылады, содан соң қайтадан
екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге
орналастырады. Осылайша гауһар пішіні пайда
болады.
Көк
шар:Синквейн стратегиясы
пайдаланып өлең шығарып, постерге жазып, қорғау
тапсырылады.
Бірінші жолда – тақырып бір
сөзбен беріледі (зат
есім)
Екінші жолда – тақырып екі
сөзбен сипаттау (сын
есім)
Үшінші жолда – тақырыпқа
қатысты қимыл атауын үш сөзбен жазу.
(етістік)
Төртінші жолда – 4 сөзден
тұратын бір сөйлем.
Бесінші жолда - тақырып мәнін
ашатын бір синоним
сөз.
Сары
шар:Зиянды әдеттерді суреттеп,
қорғау тапсырылады.
|
|
|
ІІІ. Ой толғаныс
кезеңі
-
Топпен ән айту. 3
минут
Оқушыларға Ибрагим Ескендірдің
«Көк тудың желбірегені» әнін топпен айту
тапсырылады.
Көк тудың желбірегені
-
Қазақтың асқақ
беделі.
Махаббат, қайрат
екеулеп,
шымырлатқаны
денені.
Көк тудың желбірегені
-
жаныма қуат
береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес,
маған керегі-
Көк тудың желбірегені.
|
|
-
Үй тапсырмасы. 2
минут
Үй тапсырмасына
оқушыларға «Жаны саудың – тәні
сау» тақырыбында 70 сөзден тұратын
эссе жазу
тапсырылады.
|
|
-
Соңғы тыныштық сәті. 3
минут
Енді көзімізді жұмып осы
сабақта айтылған ізгі сөздер мен істерді ой елегінен өткізіп,
барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түпкіріне апарып
орналастырамыз.
|
|
Бауыржан Момышұлы атындағы №45
қазақ классикалық гиназиясы

Ашық
сабақ
Денім сау болсын
десең...
Өзін-өзі тану пәнінің
мұғалімі: Әбдуалы Ш. Ә.
Тараз
қаласы