Материалдар / Ашық сабақ Денің сау болсын десең
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Денің сау болсын десең

Материал туралы қысқаша түсінік
Денің сау болсын десең Міндеттері:  Оқушыларға «денсаулық» ұғымы туралы түсінік беру;  Қамқорлық, жауапкершілік, сабырлық қасиеттерін дамыту;  Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру арқылы қамқорлыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2021
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №8 Мерзiмі: 27.01.2017

Тақырып: Денің сау болсын десең...

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, тазалық, сабырлық.

Мұғалiм: Картджанова Эльмира

Сынып 6 «А


Сабақ мақсаты: оқушыларға жан саулығы мен тән саулығының әсері туралы үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

  • Оқушыларға «денсаулық» ұғымы туралы түсінік беру;

  • Қамқорлық, жауапкершілік, сабырлық қасиеттерін дамыту;

  • Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру арқылы қамқорлыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио жазбалар)

интерактивті тақта, үнтаспа, парақшалар, А3қағаз, түрлі-түсті қарындаштар

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi:

Үш тілде амандасу.

Т-5 ережесін сақтау

  1. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.  Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын»...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  • Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

  1. Үй тапсырмасы (5мин)

81-бет Адам Дж.Джексон «Денсаулықтың он құпиясы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  • Денсаулықты сақтаудағы сенім күшінің қажеттілігі неде?

  • Сүйіспеншіліктің денсаулыққа әсері қандай?

  • Денсаулықтың бесінші құпиясын қалай түсінесіңдер?


Топтастыру. (2мин)

Оқушыларды 4 топқа бөлемін.

  • Спорт тобы

  • Дәрумендер тобы

  • Шипалы тағамдар тобы

  • Тазалық тобы

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз. (3мин)

Дәптермен жұмыс

 « Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі »

(Т.Карлейль)

Томас Карлейль – британдық ойшыл жазушы, тарихшы, философ.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(Ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек оқыту, соңында хормен айту)



  1. Әңгiмелесу (сұхбат). (2мин)

  • Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Салауатты өмір салты не үшін керек?

  • Сатып алған ауруға дауа жоқ” дегенді мысалдармен түсіндіріңдер.


Мұғалім сөзі:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2050” стратегиялық бағдарламасында Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.

Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”

Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”

Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”


  1. Топтастыру стратегиясы (5мин)

Оқулықта берілген «денсаулықтың он құпиясын» топтастырады және артында берілген сұрақтарға жауап береді.


Денсаулықтың он құпиясы Адам Дж.Джексон

Денсаулықтың қадірін біліп,оны жастайыңнан сақтаған дұрыс.Қашан да адам баласы денсаулықты сақтап,ұзақ ғұмыр кешудің,салауаттылықтың сырын іздеген.Адамзат баласы әр кез оның сан алуан қыр-сырын тапты да.Десек те,тән саулығы мен жан тазалығына жеткізетін денсаулықтың он құпиясымен өздеріңмен бөліскім келеді.

Shape1

  1. Бейнематериал қарау (3мин)

Мұғалім сыйы

Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.

Темекінің зияны: Есте сақтау қабілетін азайтады,ұйқыны азайтады, теріге әжім түсіреді, ас қорытуды қиындатады, тісті сарғайтады, асқазанда жара пайда болады, ерін, тіл және өңеш рак ауруына жол ашады, жөтел және қақырық пайда болады.

20 қараша – Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні.

  1. Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер. (5 мин)

Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін - өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіреді.

Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады.

Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:

- адам өзін - өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;

- табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;

- өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;

- отбасын қайғы - қасіретке бөлейді;

- түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.

Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Неліктен адамдар зиянды заттарды пайдаланады?

Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?


(интерактивті тақта)

  1. Кубизм стратегиясы (7 мин)

  • Зерттеңіз (темекі шығу тарихы)

  • Қарсы шығыңыз (спирттің пайдасы)

  • Мақал айтыңыз (Зиянды әдеттерге байланысты)

  • Суреттеңіз (үлгі-насихат)

  • Көрініс көрсетіңіз (Зиянды әдеттерге байланысты)

  • Зерттеңіз (ішімдік шығу тарихы)

Қатты қағаздан жасалған шаршы (кубик)



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (8мин.)

Постер қорғайды. Әр топқа берілген топ атауы бойынша(тазалық, спорт, шипалы тағамдар, дәрумендер) сурет салады. Салған суреттерін топ болып қорғайды.

(А3) форматта қағаз, түрлі-түсті қарындаштар

Үй тапсырмасы.

«Жаны саудың тәні сау» атты тақырыпта эссе жазу



  1. Ән шырқайық бәріміз (2мин)

«Спорт» әні

1)Елім барда ерлік бар мақтанатын

Ерлік барда намыс бар сақталатын

Намыс барда жеңіс бар жетелейтін

Жеңіс барда елім бар еркелейтін


Қ а й ы р м а с ы

Биікке бұл ту самғайды

Елімнің жас арманы

Намысын елдің қорғайды

Бейбіт күн батырлары

Спорт спорт спорт

Ерліктің алаңы

Спорт спорт спорт

Ержүрек алауы

Спорт спорт спорт

Жастардың қалауы

Спорт спорт спорт

Жеңістің алауы


2)Халқым барда салтым бар сақтап келген

Салтым барда елім бар жақтап келген

Елім үшін ерлер бар құрбан болған

Ерлер барда адаспас арман жолдан


Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.


-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қоюларыңызды сұраймын. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




































«№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» ММ


Picture 4




АШЫҚ САБАҚ


«Денің сау болсын десең»


Картджанова Эльмира Режепбаевна






















2016– 2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!