400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Денің сау болсын десең" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: оқушыларға жан саулығының тән саулығының әсері туралы түсінік беру. Міндеттері: -оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру; -оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету; өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Куропаткино орта мектебі» КММ Күні: 14.02.2018 ж. Пән: Өзін - өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Денің сау болсын десең… Сабақ №: 23 Құндылық: Ақиқат

Қасиет: адамгершілік, адалдыққа, шыншыл. Мұғалім: Искакова Г.С. Сынып: 6 «А»

Мақсаты:
Оқушыларға жан саулығының тән саулыгының әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері: -оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру; -оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету; өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар;

үнтаспа,постермен жұмыс

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті. «Табиғатқа саяхат»

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

  • Қандай сезімде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру:

-Денсаулығың өз қолыңда дегенді қалай түсінесіңдер?
-Салауаттылық – саулық негізі деудің мәні неде?
-Салауатты өмір салты не үшін керек?
-Сатып алған ауруға дауа жоқ?

Сабақ барысын талқалау


Дәйексөз:
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір….»

Әйтеке бидің

Дәптерлеріне жазғызу

Әңгімелеу ( сұхбат) : «Денеңнің саулығы өзіңнің қолыңда»» атты бейнематериалды оқушылардың назарларына ұсыну.

Түйіндеме: Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байлансыты. Осы түйіндеменің мағынасынан оқушылар иықты денсаулық пен ұзақ өмір сүруді, өзін жақсы сезінуді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын ұстану үшін денені үнемі шынықтыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, жақсы әдеттерді игеру, ауыртпалықтарды жеңе білу, алғашқы көмек көрсету негіздерін білу, қоршаған ортаны қорғау, уакытты тиімді пайдалана білумен қатар ең бастысы ойың, ниетің таза болуын, өзіңді рухани – адамгершілік жағынан дамытуға талпынудың мәні зор екенін ұғады

Мұғалім әңгімесі

Шығармашылық жұмыс: Екі топқа бөліп тапсырмаларды ұсыну.

Денсаулыққа пайдалы қандай істер жасау керек? 
/суреттерді қиып, жапсырып коллаж жасау/

Түйіндеме: Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулықты адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты.

Үй тапсырмасы: Денсаулықтың ережесін сақтау


Топпен ән айту: «Қайда жүрсем туған жерім»

Қайда жүрсем, туған жерім,Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім, Аз ғой саған мың алғысым!

Ғашық едім қыр гүліңе, Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткізген бір күніме, Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,Жанға ләззат әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан - сый арнағам,Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,Жүрегімді нұр шалады.

Хормен ән айту

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі