400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Денсаулық еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақмола облысы

Шортанды ауданы

«Ақ бота»балабақшасы

әдіскер-тәрбиеші



"Денсаулық еліне саяхат" (балабақшада)


Білім беру саласы: Денсаулық
Білім беру бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға, денсаулығын нығайтуға, дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету. Қызықты, көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: гимнастикалық орындық, баулы жіптер, асықтар, денсаулық жолдары, ағаш ат.

І. Кіріспе бөлім. Балалар музыка ырғағымен, бір қатармен спорт залға кіреді.
Нұсқаушы:
- Сәлеметсіздерме? ( балалар үш тілде амандасады)
Балалар бүгінгі оқу қызметімізде біз денсаулық еліне саяхат жасаймыз. Ол үшін балалар біз денсаулық жолымен жүреміз. (асықтан жасалған денсаулық жолдары)(жәй жүріс, қол белде, аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру, тыныс алу)
Нұсқаушы:
Балалар біз денсаулық еліне де келіп жеттік. Осы кезде балалардың қасына Желаяқ жүгіріп келеді
Желаяқ: Сендер кімсіңдер?
Нұсқаушы: біз балалармен денсаулық еліне денемізді шынықтыру үшін арнайы саяхаттап келдік. Ал, сіз кімсіз?
Желаяқ: Мен Желаяқпын. Денсаулық еліне қош келдіңіздер! Менімен жарысатындарың барма? Мен әйгілі Желаяқпын,мені ешкім жеңе алмайды.Көрдіңдерме балалар, менің қалай тез жүгіретінімді?
Нұсқаушы: Желаяқ сенің әйгілі желаяқ екеніңе ешкімнің күмәні жоқ, біздің балалар әлі кішкентай. Болашақта оларда сен сияқты желаяқ болады.Ол үшін сен бізге денемізді шынықтыруға, денсаулығымызды нығайтуға көмектес.
Желаяқ: Жарайды балалар, алдымен біз жаттығу жасап алайық, жаттығуды біздің денсаулық елінде сиқырлы сылдырмақтар бар бар, солармен жасаймыз.
(нұсқаушы балаларды екі қатарға тұрғызады, балалар кезекпен сылдырмақтарды алады)
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жалпы дамыту жаттығулары
: (сылдырмақпен)
Б.қ. - аяқ сәл алшақ, қолда сылдырмақ. Қолды оң жаққа созып сылдырмаққа қараймыз,сосын сол жаққа қараймыз.
Б.қ. – аяқ иық деңгейінде, сылдырмақ қолда, төменде. Сылдырмақты жоғары көтеру, төмен түсіру, Б.қ. оралу
Б.қ. – аяқ сәл алшақ, қол белде, белді оңға, солға бұру. Б.қ. оралу.
Б.қ. – аяқ қосулы, сылдырмақ қолда, аяқ ашып-жауып секіру. Б.қ. оралу.
Тыныс алу жаттығуы (көбелекпен)
2. Негізгі қимыл – қозғалыс.
Ойын түріндегі жаттығу: «Кiм зейінді?»: тәрбиеленушілер бір-бірден тізбекке тұрады. Алдымен «шашырап» жүреді, сосын «шашырап» жүгіреді де, педагогтің жанына бір- бірден тізбекке тұрады.Балалар қозғалыс кезінде бір-біріне соқтығыспауға тырысады.

Ойын түріндегі гимнастика жасау:

Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау. Еденде жатқан қырлы тақтайдың үстімен жүру.Қырлы тақтайдың үстімен жүрген кезде денені түзу ұстау, аяқты өкшеден басып, аяқтың ұшына ауыстыруға назар аудару.


Еденде жатқан тақтайдың үстімен қос аяқтап секіру. Қимылдарды үзбей орындау тәртібін түсіндіру және көрсету.Тәрбиеленушілер еденге қойылған тақтайшаның үстімен қатарынан бірнеше рет секіріп өтеді. Аяқтарының ұшымен түседі. Тынысты тоқтатпай жеңіл түсуге тырысады. Тақтайдың шетіне шықпайды.

Нұсқаушы: Жарайсыңдар балалар саппен қатарға тұрамыз.
(тыныс алу жаттығулары орындалады)

Желаяқ: Жарайсыңдар балалар, шымыр балалар екенсіңдер! Енді балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Теңге алу»
Шарты:
 Балалар екі топқа бөлінеді.Екі топтан балалар кезекпен шығып, ағаш атпен шеңбер бойлай шауып жүреді музыка тоқтағанда еңкейіп қапшықтағы теңгені алады. Ойын ойнап болған соң нұсқаушы балаларды қатарға тұрғызады.(тыныс алу жаттығулары)
Желаяқ: Жарайсыңдар балалар! Ойын сендерге ұнадыма?Менде әжемнің жинаған асықтары бар.Сендер асықты білесіңдерме,қандай ойындар білесіңдер?Тағы ойын ойнаймыз ба?

Ойын «Алшы ойыны». Алшы ойыны- асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өтеқажет.«Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол - бірінші, тәйке түссе - екінші, бүк түссе - үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады.

Желаяқ: Ойын шарты түсініктіме?Ендеше ойынды бастайық.

Нұсқаушы: Көп рахмет, Желаяқ сен біздің балалармен жаттығулар жасадың, ойындар ойнадың. Енді балалардың балабақшаға қайтатын уақыты болды. Біз тағы да міндетті түрде денсаулық еліне саяхаттап келеміз.
Желаяқ: Олай болса балалар, келегендеріңе рахмет! Сендермен танысып, жаттығу жасап, ойын ойнағаныма менде қуаныштымын! Сау болыңдар!
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Нұсқаушы:
- Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?
- Біз қай жерге саяхат жасадық?
- Ненің үстімен жүрдік?
- Денсаулық елінде кімді көрдік?
- Қандай жаттығулар жасадық, немен жасадық?
- Қандай ойын ойнадық?
(балалар жауап береді)
Бағалау



































 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі