400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Денсаулық-өмір негізі. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, студенттерге көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық - өмір негізі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін , басты байлық екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

Тәрбиелік: тазалыққа,спортқа , еңбексүйгіштікке ,денсаулығын күте білуге тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: тақырып жазылған лента, тақырыпқа байланысты суреттер, видео.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

ІІ. Үй жүмысын тексеру

  • Біз алдыңғы сабақта қандай тақырып өттік ? ( Таза болса табиғат – аман болар адамзат)

  • Табиғат пен адамның арасында қандай байланыс бар?

  • Табиғаттың адам өміріндегі орны қандай?

ІІІ. Жаңа тақырып

«Денсаулық» видео

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз «Денсаулық - өмір негізі».

Денсаулық адамдағы ең басты байлық. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болғанын қандай адам қаламайды ?

Дені сау адам өзі үшін де, олар өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек.

  • Денаулықтың бұзылуына әсер ететін жағдайлар

Shape1 Дұрыс тамақтанбау ішімдік ішу темекі тарту

Shape4 Shape3 Shape2

Денсаулық-тың бұзылуы



Shape6 Shape5 Лас ауа есірткі қабылдау


Shape8 Shape7


Спортпен шұғылданбау дұрыс режим сақтамау

ІҮ. Дәйек сөз

«Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы»

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Адамдар денсаулықтарына немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіруде.

Таза ауа, табиғи су, спорт, амандасу, жақсы сөздер, таза ой, дұрыс тамақтану, тазалық, зиянды әрекеттер жасамау, жақсы көңіл-күй, осылардың бәрін орындасақ жанымыз, тәніміз сау болады. Жан мен тәніміз сау болса өмірде бақытты боламыз.



Ү. Әңгімелесу

Асан ойыннан асығып келді. Оның аппақ жүзі анардай қызарыпты. Мамасына тартақан танауы таңқиып, тершіп тұр.

- Мама, тамақ ішем! – деді ол аптығып.

- Ас дайын, балам. Жуынып кел, - деді ақжарқын ана.

- Беті – қолымды кеше жуғанмын ! – деді Асан абыржып.

Асыл ана асанның шашының өскенін, тырнағының алынбағаның енді байқады. «Кеше жуғанмын» - деп, қисайып тұрған баласын аяп:

  • Балам, үсті – басыңды таза ұста, - деді ана.

  • Тазамын ғой, мама! ...

  • Балам, таза болсаң, денің сау болады.

  • Денім сау ғой, мама ...

  • Асантай, ерте тұр, шынық, жуын! – деп едім ғой саған.

  • Мақұл, маматай Енді ерте тұрамын, шынығамын, жуынамын ...

  • Міне , мұның дұрыс. Шынықсаң сымбатты жігіт боласың.

  • Асан қабырғадағы айнаға қарап, кір – қожалақ екенін көрді. «Ұят – ай деді ішінен».

  • Маматай , кешірінің, қазір жуынам, -деді ол . Бөлмеге барып жуынып –шайынып келді.

  • Өстіп әдепті де, әдемі бол! – деп мамасы қуанып қалады.

Асан енді күнде шынығамыз, таза жүретін болады. Мамасы оны «аппағым» дейді. Ал ағайындары Асанды «аппақ бала» деп жүр.

  • Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?

  • «Тазалық – денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әңгімеден не түсіндіңдер?

  • Сендер спортпен шұғылданасыңдар ма?

ҮІ. Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін «Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша «Денсаулықты сатып алуға болады» деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол «Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

· Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят:

Самат таңертең сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісіне кейіп, «Денсаулығыңды бұзасың ғой» отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?» - деп кейіді. Самат анасына «Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?» - деп, жүре тыңдады.

· Қалай ойлайсыңдар Саматтың айтқаны дүрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?


3-жағдаят:

Аслан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

· Асланның ойы дұрыспа? Сендер Асланның орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?

ҮІІ. Шығармашылық жұмыс

Денсаулықтың келесі құпиясы. Дұрыс тамақтану.

Балалар екі топқа бөлінеді.

І топ – денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, ІІ топ денсаулық үшін қандай тағамдар зиян екендігін жазады.

ҮІІІ. Жүректен жүрекке

«Тек жақсылық тілеймін»

Оқушылар парақтың бетіне өз қолдарын бастырып салады. Басқа балалар сол балаға тілейтін тілектерін жазады. Осылай барлық бала бір – бірлеріне тілек жазады.

ІХ.Қорытынды

  • Бүгін біз қандай тақырып өттік?

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

  • Денсаулықтың бұзылуына қандай жағдайлар әсер етеді?

Х. Үй тапсырмасы

Оқушылар өздерінің күн тәртіптерін жазып келеді










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
1191
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі