400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Деректерді кесте түріне келтіру 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Деректерді кесте түріне келтіру тақырыбында 7-сыныпқа арналған алгебрадан ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Халықаралық тәжірибелерді, қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы және жалпыға бірдей мүмкіндіктерді ескере отырып, ұлттық білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлеріне негізделген қолайлы үштілді білім беру ортасын құруға ықпал ету.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісінің АЖТ Әлжанова Б.Қ. _______



Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Математика

Мұғалімнің аты-жөні: Жолмағанбет А.Ә.

Дата: 06.12.17

Класс: 7 В

Оқушы саны: 10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.2С Статистика элементтері (8 сағ)

Сабақтың тақырыбы

Деректерді кесте түріне келтіру.

Кәсіби даму мақсаты

Оқушылардың математикалық сауаттылығын құрылымдық тапсырмалар арқылы дамыту

Бастапқы білім

Статистиканың қарапайым негізгі сипаттамалары


Оқыту мақсаттары

7.4.4.2

статистикалық деректерді жинайды және кесте түрінде көрсетеді;

7.4.4.1

таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді;

Сабақтың мақсаттары


  • Абсолюттік жиілік, салыстырмалы жиілік кестелерін толтыруды үйренеді.

  • Статистикалық мәліметтерді кесте түрінде беру тәсілдерін меңгереді.

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді:

-нұсқалықтың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін есептей алса;

-статистикалық деректерді жинайды және кесте түрінде көрсете білсе;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қабылданған шешімдерді негіздеп және ықтималдықтарды салыстырып оқиғалардың салыстырмалы ықтималдығына ауызша болжау жасайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • реттелген қатар;

  • қатар элементі;

  • басты жиынтық;

  • нұсқалық ;

  • вариациялық қатар;

  • статистикалық қатар;

  • таңдалым;

  • жиілік;

  • абсолютті жиілік;

  • салыстырмалы жиілік;

  • жиілік кестесі;

  • салыстырмалы жиілік кестесі;

  • деректер жинау;

  • жиілік алқабы;

деректерді көрсету.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңдама көлемі...;

  • деректерді үлестіру кестесін құрастыру;

  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;

  • алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;

  • абсолютті жиілікті есептеу үшін ... санау керек;

салыстырмалы жиілікті есептеу үшін ...санына бөлу керек;

Құндылықтарды

дарыту

- академиялық адалдық құндылығын, бір-біріне құрмет құндылығын дарыту;

- елжандылыққа тәрбиелеу;

- шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу.


Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

қазақ әдебиеті

сабақ ортасы

Дифференциация

Диалог бойынша дифференциация

АКТ қолдану дағдылары

Powerpoint, bilimland.kz

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өрт дабылы бола қалған жағдайда ережеге сай әрекет ету

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Сабаққа даярлықтарын қадағалау.

Оқушылармен сабақ тақырыбы мен оқыту мақсаттарын талдау, қарастыру.

  1. Жаңа тақырыпты өтуге дайындық

  • реттелген қатар;

  • қатар элементі;

  • басты жиынтық;

  • нұсқалық;

  • вариациялық қатар;

  • статистикалық қатар;

  • таңдалым;

  • жиілік;

  • абсолютті жиілік;

  • салыстырмалы жиілік;

Кездейсоқ оқиға дегеніміз не?

Берілген оқиғалардың қайсысы кездейсоқ, ақиқат және мүмкін еместігін анықтау.

«Жалғасын тап» ойыны арқылы жұпқа бөлінеді.

Bilimland.kz

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

8 мин


































10 мин

















10 мин






























Жұптық жұмыс

Деректерді кесте түріне келтіру.

№635. Абайдың «Қыс» өлеңін оқыңыз. Осы өлеңде кездесетін «ә», «ғ», «ө», «ү», «қ», «ң» әріптері үшін жиілік кестесін құрыңыз. Алынған мәліметтің модасын анықтаңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Келесі жұп бағалау критерийлері бойынша тексереді:

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • Ұсынылған мәліметтерден статистикалық ұғымдарды анықтайды;

  • Зерттеу нәтижесі бойынша жиіліктер кестесін құрады;

  • Абсолютті жиіліктер кестесін дұрыс толтырады;

  • Салыстырмалы жиіліктер кестесін дұрыс толтырады.

Топтық жұмыс: Оқушылар конфет түстері арқылы үш топқа бөлініп тәжірибе жасайды. Әр топ таңдаманы, нұсқалықты, вариациялық қатарды, таңдама көлемін тауып, кестені толтырады .Абсолютті және салыстырмалы жиіліктер кестесін толтырады.

  • 1-топ сыныптағы аяқ киім өлшемдерін анықтайды

  • 2-топ оқушылардың бойының ұзындықтарын өлшейді

  • 3-топ үлгерім бойынша мәліметтерді жинақтайды

Аяқтағаннан кейін әр топ өз нәтижелерімен таныстырып, жасаған жұмыстары жөнінде қорытынды шығарады.


Келесі топ бағалау критерийлері бойынша тексереді:

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • Ұсынылған мәліметтерден статистикалық ұғымдарды анықтайды;

  • Зерттеу нәтижесі бойынша жиіліктер кестесін құрады;

  • Абсолютті жиіліктер кестесін дұрыс толтырады;

  • Салыстырмалы жиіліктер кестесін дұрыс толтырады.

Жеке жұмыс

Құрылымдық есеп.

  1. Статистикалық деректерді жинау және кесте түрінде көрсету.

№629. 23 оқушы оқитын 7 класта. Олардың күн сайын сабаққа әзірленуге қанша уақыт жұмсайтыны туралы сауалнама алынды. Оқушылардың жауабы гистограмма түрінде берілген.

1) жиілік кестесін толтырыңыз:

Үй тапсырмасын орындауға жұмсалған уақыт сағат есебімен

0

1

2

3

4

жиілік






Салыстырмалы жиілік






[3]

2) Осы кластың оқушылары күн сайын үй тапсырмасын әзірлеуге орта есеппен қанша уақыт жұмсайды? (берілген қатардың орта мәнін табыңыздар)

[1]

3) Оқушылардың басым көпшілігі үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсайды?

[1]

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • Ұсынылған мәліметтерден статистикалық ұғымдарды анықтайды;

  • Зерттеу нәтижесі бойынша жиіліктер кестесін құрады;

  • Абсолютті жиіліктер кестесін дұрыс толтырады;

Салыстырмалы жиіліктер кестесін дұрыс толтырады.

Сабақ соңында жасаған тәжірибелері бойынша ойларын қорытындылайды.

Оқушылар бүгінгі сабақта немен танысқандарымен, нені үйренгендерімен және қандай жаңа ұғымдармен танысқандары туралы өз ойларымен бөліседі.

Қосымша 2




































Қосымша 3


А3 қағазы













Қосымша 4

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы.

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс береді:

Мен бүгінгі сабақта:

есіме түсірдім…

білдім…

үйрендім…

есімде қалды…

Бәрінен ең жақсы орындай алғаным …



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі