400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Диаграмма

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.4.С

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Диаграмма

Осы сабақта қол жеткізелетін оқу мақсаттары:

5.4.3.1дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу;

5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсінеді.

Көпшілігі: Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салады

Кейбіреуі: Диаграммадан статистикалық ақпараттарды алады

Бағалау критериилері

Диаграммалардың түрлерін ажыратады.

Диаграммалар сала алады.

Диаграммадан статистикалық ақпараттарды алады.


Тілдік мақсаттар

Терминология:Диаграмма, статистикалық деректер, ақпарат материалдары.

Диаграммалар туралы өз түсініктерін жеткізе алады.Диаграммадағы деректерді оқи алады.



Құндылықтарға баулу

-Бірлік пен ынтымақтастықта сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу.

-Өз ұлтын,халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Жауапкершілік; оқушыларды топпен жұмыс жасай отырып, бір-бірінің еңбегін бағалауға және топ ережесін сақтауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

География, биология.

Алдыңғы білім

Білім алушылар шеңбер оның элементтері(центр, радиус,диаметр) және . дөңгелек. Дөңгелек сектор ұғымын біледі.





Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы 10 мин

Сыныпта жағымды хал ахуал қалыптастыру.


Shape1


Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз.


Shape2

i

  • Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді ұнатасыз.

Shape3



Үнемі көтеріңкі көңіл – күйде жүресіз,

Shape4



Сіз креативті жансыз. Идеяныз,фантазияңыз және энергияңыз мол.

Shape5



Сіз өте мейірімді жансыз. Жүрегіңіз жақсылық пен мейірімге толы.


*оқушыға сабақ мақсатын жариялау

*күтілетін нәтижені анықтау

*3 түрлі түстен тұратын фигура арқылы топқа бөлу

«Допқа лақтыру» әдісі арқылы (өткен сабаққа шолу)

Санның пайызы ұғымына мысал келтіре аласың ба?

Пайызды санға, санды пайызға қалай түрлендіреміз?

Шеңбер қалай салынады?

Радиустың шеңберге байланысы?

Дөңгелек қалай сызылады?

Кесінді туралы не білеміз?


1Shape6 Тапсырма. Суретпен жұмыс «Өлшемдер байланысын анықта»

«Ширату жаттығуы» Жауабы: таңдау әдісі бойынша

А В

АShape8 Shape7 ) А В


ВShape9 )

Shape10

СShape11 )



Дескриптор: Өлшемдер арасында байланысты анықтай алады.

Бағалау: мұғалім марапаттау арқылы

2 тапсырма.

А) Мектеп ауласында бірнеше ағаш өсіп тұр. Онда аққайың, қара тал, өрік ағашы бар.

Суретте аққайың қызыл, қаратал көк, өрік ағашы сары түспен белгіленген. Ең биік талды ата?

Picture 4


Дескриптор: -Кескінділердің ұзындығын салыстыра алады.

  • Есеп шартын түсінеді.

В)Біздің сыныптың үйірмеге қатысуы туралы (есеп құрастыру)


Жауабы:Біздің сыныптағы 20 оқушының 6-уы математика үйірмесіне,4-уі музыка үйірмесіне, 3-і сурет үйірмесіне,6-уы спорттық үйірмелерге, 1 –і биге қатысады.

Декриптор: - суретті талдай алады.

  • Сандарды рет-ретімен орналастыра алады.

С) Біздің мектеп: Мектеп оқушылары туралы мәлімет: Мектепте барлығы – 631 оқушы. Оның 69-ы мектепалды даярлық, бастауышта – 246, орта буында – 249, жоғары сыныпта – 67 оқушы. Қай буында оқушы көп?Осы мәліметті дөңгелек сектор арқылы суретте.

Топтар бір-бірін бағалайды.



«Қызықты сұрақ» жаттығуы. (Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта отырып, сабақтың тақырыбын айтады.

Сұрақтар:а) Есептерді сурет арқылы түсінуге болама?

В) 3 мысалға сүйене отырып қандай қорытындыға келуге болады?

Жауабы:Бүгін мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеуді үйрендік.Бұл диаграмма деп аталады. Диаграмманың 3 түрі бар.

І. Сызықтық диаграмма шамалар кесінді арқылы беріледі.

ІІ.Бағанды диаграммада шамалар тіктөртбұрыш түрінде салынады.

ІІІ.Дөңгелек диаграммада шамалар секторлар арқылы салынады.


Түрлі түсті қағаздар;






қажетті құралдар (сызғыш, қарындаш,циркуль)





5 сынып қайталау






















Суреттер слайдта

Сабақтың ортасы. 30 мин

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз


Жеке жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар.

А) Орман 70 га, жайылым 80 га, егістік 210 га жерді алып жатқанын көрсететін дөңгелек диаграмма сал.

Дескриптор: -есептеу жүргізе алады.

-берілген өлшемдерді шеңберге келтіре алады.

- дөңгелек диаграмма сала алады.

В) Еліміздің оңтүстігінде әр жылдары каналдар қазылған. Оның ішінде Шу каналының ұзыныдығы 39 км, Лепсі -70 км, Шыршық – 86 км. Осы мәліметтерді көрсететін бағанды диаграмма сал.

Дескриптор: берілген өлшемдер бойынша бағанды диаграмма сала алады.

С) Жолбарыстың салмағы 272 кг, арыстанның салмағы 227 кг. Ақ аюдың салмағы арыстан мен жолбарыстың салмағын қоса алғандағы салмақтан 501 кг артық. Ақ аюдың салмағын табыңдар. 1 центнерді 0,5 см алып, мәліметтерді сызықты диаграммамен көрсетіңдер.

Дескриптор:- есеп шартын құра алады.

-Есептеу жүргізе алады

- берілген мәлімет бойынша ақпаратты таба алады.

-сызықты диаграмма сала алады.

Топтар бір-біріне «Джигсо»әдісі бойынша талдайды.




Сабақтың соңы 7 мин

«Көршіңмен кеңес» әдісі

Диаграмма түрін дұрыс таңдау. Мысалы, бір тұтастың бөлігін көрсету үшін – дөңгелек; көрсеткіштердің өсу динамикасын көрсету үшін – сызықтық; Жеке санаттары бойынша деректерді көрсету үшін – бағанды диаграммаларды таңдаған қолайлы.

Диаграмма – бұл статистикалық деректерді графикалық кескіндеу.

Мына диаграмма ....көрсетеді

Дөңгелек диаграмманы салу үшін .....керек

Бағанды диаграмманы салу үшін.....керек

Диаграмма деректеріне түсініп.....нені айтуға болды

Диаграмма деректерін салыстыра отырып....

Диаграмма деректері бойынша келесі қорытынды жасауға болады....

Күнделікті өмірде диаграмм қайда кездеседі?

Диаграммалар не үшін керек?



БББ кестесі бойынша

Жаңа тақырып меңгеру деңгейі

Диаграмма анықтамасы


бағанды

сызықты

дөңгелек

Толық





Орташа





Төмен






Кесте сызылған тарат

па




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы).

Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау





Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



i

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі