400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Диаграмма" 1-сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ мұғалімдер үшін көмек бола алады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика


Сабақ тақырыбы:

Диаграмма

Мектеп: Сам орта мектебі

Күні :

16.04.2018 жыл

Мұғалімнің есімі: А. Сартова

СЫНЫП: 1 «А»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру, құру

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

деректерді жинақтайды, жүйелейді және толықтырады;

қолда бар материалдарды пайдаланып кестелер, пиктограмма мен диаграммалар құрастырады.

Ресурстар:

өлшемдері бірдей стандартты текшелердің 3 жиынтығы;

А3 пішімдегі 3 парақ; желім; бағдаршам; Дараның суреті;смайликтер; топтық жұмыстар.

Тірек сөздер

диаграмма.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды диаграмма ұғымымен таныстыру, мәліметтер жинау дағдысын қалыптастыру, алған мәліметтерді диаграммалардың көмегі арқылы жүйелеуге үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Диаграмма — бірнеше шамаларды немесе олардың мәндерін салыстыруға берілген мәліметтердің графикалық түрі.

Диаграммалар мәліметтерді көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Диаграмма құру — бұл мәліметтер кескінін тіктөртбұрыштар немесе тік­ төртбұрышты бағандарда тігінен бейнелеп көрсету.

Оқушыларды 5тг, 10тг, 20тг монеталарымен үш топқа бөлемін. Сабағымыз «Дарамен саяхат» болғандықтан, берген монеталарға билет сатып алуды ұсынамын. Билет қызыл, жасыл,көк түсті тіктөртбұрыштан жасалған. Оқушыларға сол текшелерді А3 парағына сызылған кестеге жапсыруды ұсынамын. Сонда тақтада мұнара тәрізді диаграмма құрылады. Оқушыларға қазақша, орысша, ағылшынша тіктөртбұрыштарды санатамын. Диаграмма туралы түсінік беремін. Венн диаграммасы арқылы пиктограмма мен диаграмманың айырмашылығын түсіндіремін.

Сабақты бекіту.

Прямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3 Прямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6

Прямая соединительная линия 7



Топтық жұмыстар №1

«Айгөлек» тобы:

Рисунок 6 Жауабы: доппен ойнағанды 5, велосипед тепкенді 7, секіргішпен секіруді 3 бала ұнатады.


Балалардың көбі велосипед тепкенді жақсы көреді.

«Балдырған» тобыРисунок 7

«Білімпаз» тобыРисунок 8

Жауабы:

Данияр екі тәрелкені артық жуды. Топтық жұмыстар смайликтермен бағаланады.


Жұптық жұмыс:Рисунок 9

Спорттық жетістіктер. Оқушылар диаграмма бойынша спорттың қай түрінен жеңіске жеткенін білетін болады. Жұптық жұмыс «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Жеке оқушылармен жұмыс:Рисунок 10

Бұл тапсырманы топ басшылары орындайды.


Сергіту сәті

Дараның әніне билейді

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сабақ барысында оқушылардың “диаграмма” деген сөзді айтуын қадағалап отырамын. Тірек сөзді “Сөздер қабырғасы” стендіне орналастырамын. Дәптермен жұмыс жасайды.

Гүлзардағы гүлдер. Тақырыпты жақсы меңгеру үшін сұрақтар қою:

— Неше қызғалдақ гүлдеді?

— Диаграммада бұл санды ненің көмегі арқылы бейнелеуге болады? (Тіктөртбұрыштар, шаршылар.)

— Сендер оны қайда бейнелейсіңдер? (Қызғал­ дақтар деп жазылған бағанға.)

— Неше тіктөртбұрыш саласыңдар?

— Оларды қалай саласыңдар? (Бірінің астына бі­ рін.)

Раушангүл мен түймедаққа қатысты осы тәріздес сұрақтар қоямын. Жауабы:

қызғалдақтар бағанында — төрт; раушангүл бағанында — үш; түймедағы бағанында — екі.

Қысқа жинаған қор.

Оқушылар диаграммада берілген мәліметтерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырады.

Қонжық қысқа арнап 4 құты бал, 8 құты таңқурай тосабын, 3 құты алма тосабын,6 құты бүлдірген тосабын дайындады.

Түлі түсті қағаз. Оқушылар диаграммадағы қатені тауып, түзетеді. Диаграмманы әртүрлі түспен бояйды.

Демалыс. Оқушылар дмаграммаға қарап, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Жауабының суретін салады.

Жұбын тап. Сурет пен диаграмманы сызықпен қосады. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” көмегімен өзі-өзі бағалау жүргізеді.

Өткен тақырыпты пысықтауға арналған тапсырмалар орындатамын.

Топтық жұмыстар №2

1-топ: Адасқан аралар

2-топ: Ғажайып құрт

3-топ: Сиқырлы вагондар

Топтық жұмыстар қол шапалақтау арқылы бағаланады.

Ойын

«Математикалық эстафета» ойынының шарты: Әр топқа үлестірмелер беріледі. Үлестірмеде сандар жазылған. Сол сандарды қатыстырып, амал ойлап, топ мүшелері кезекпен тақтаға шапшаң жазады. Қолдарында жалауша болады. Сол жалауша келесі оқушыға жеткенде топ мүшесі тақтаға жүгіре жөнеледі.

Бағалау

Кері байланыс. «Еркін микрафон» әдісі бойынша жүргізіледі. Сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін келесі сұрақтарды қоямын:

-Саяхатымыз ұнады ма?

-Саяхатымыздың қай бөлігі ұнады?

-Саяхат барысында не үйрендіңдер?

— Диаграмма дегеніміз не?

— Диаграммаларды не үшін құрады?

— Диаграммада мәліметтер қалай орналастырылады ?

Рефлексия. «Бағдаршам әдіс» қолданылады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
48 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1953
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі